Балалардың қабылдау, есте сақтау, зейін, ойлау және қиялын дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар

1. Ине мен жіп

Жүргізуші:

Мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.

Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.

2. Бұл қашан болады?

Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.

Кесте, құрал - жабдықтармен жұмыс

  1. Айлардың аттарын ата ?
  2. Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата?
  3. Әр мезгілде неше ай бар?
  4. Бір айда неше апта бар?
  5. Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?

3. Не үлкен?

Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.

4. Сиқырлы қапшық

Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина т. б. Балалар қолымен заттарды сипап бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар

1. Төрт құбылыс

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екіқолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.

2. Көңілді шеңбер

Балалар шеңбер жасап отырады. Бір - біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды. (гүл, оамал, көзілдірік т. с. с. ) . Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? - деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.

3. Орныңды тап

Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан - жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі ) . Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орынын таппаған балалар ойыннан шығарылады.

4. Ойыншықты сипатта

Жүргізуші балаларғақолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут) . Алынатын ойыншықтар түрлі - түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр - түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

5. Сөзді есіңде сақта

Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.

  1. көктем - жаңбыр
  2. жаз - күн шықты
  3. аспан - бұлт
  4. жер - шөп

Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар

1. Мен жеңімпазбын

Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.

2. Құлақ - мұрын

Балалар шеңбермен тұрады . Жүргізуші: қ ұлақ - деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.

3. Өз орныңды тап

Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.

4. Дайын бол

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс - қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян - секіреді, құс - ұшады т. с. с.

5. Зейінді бол

Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл - қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүогізуші болады.

Ойлауды дамытуға арналған ойындар

1. Матадағы менің орным

Жердегі жатқан мата үстіне балалар белгі берген уақытта тұрып қалуы тиіс. Матаның өлшемін мұғалім кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.

2. Ойлан да аяқта

- лимон қышқыл, ал қант . . . (тәтті)

- егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық . . .

- екі, бірден көп, ал бір . . .

- пышақ та, әйнек те . . . (өткір)

3. Ойлан да аяқта

- Ат шабады, алқарлығаш . . .

- Ит үреді, ал қарға . . .

- Жылан жорғалайды, балық . . .

4. Қарама-қарсы сөзді ата

Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады. Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып, бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама - қарсы сөзді айтулары тиіс.

Қара -

Күн -

Аласа -

Қиялды дамытуға арналған ойындар

1. Менің көңіл күйім қандай


Ұқсас жұмыстар
Логикалық есептер: ойлау мен есте сақтау қабілетін дамытуға арналған сабақ
4-сынып оқушыларының даму үрдісін зерттеу әдісі: есте сақтау, зейін және ойлау жылдамдығын бағалау тренингі
3-5 сынып оқушыларына арналған зейін, есте сақтау және қабылдауды бағалау әдістемелері
Сиқырлы шаршы: геометриялық ойлау мен есте сақтау дағдыларын дамытуға арналған ойын сабақ
Мектепке дейінгі логика сабағы Ойлан тап: сурет арқылы зейін, ойлау және есте сақтау дағдыларын дамыту
Қызықты психология: оқушылардың логикалық ойлау мен қиялын дамытуға арналған ойындық-психологиялық сабақ жоспары
Сандық ребустар арқылы арифметикалық ойлау мен есте сақтау дағдыларын дамыту
Оқушылар мен жас мамандарға арналған психологиялық жаттығулар: көңіл-күй, есте сақтау, әлеуметтік дағдылар және тәуелділіктің алдын алу
Балабақшада ұлттық ойындар арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту
Адамның жоғарғы жүйке жүйесінің ерекшеліктері: сана, ойлау, сөз және есте сақтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz