Музыка кабинеті

Аралдарға саяхат

Сыныптан тыс шара

Мақсаты : балаларды шығармашылыққа баулу, ұстаз, ата-ана мен байланысты нығайту.

Міндеті: шапшаңдыққа, тез ойлау дағдыларын дамыту

Тәрбиелік мәні: ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке, ұжымдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер :Аралдар аты жазылған қағаз, сайысқа қажетті құрал жабдықтар.

Ұйымдастыру бөлімі: мәжіліс залына жиналған командаларға сайыс шарты түсіндіріледі.

Сайыстың шарты: сайыс үш кезеңнен тұрады. Сынып жетекші, 1-ата-ана, 3-оқушы барлығы 5-адам команда құрады. Берілген уақыт ішінде команда әр аралдарға барып тапсырмаларды орындайды. . .

1-кезең

1 Таныстыру (әр сынып өздерін таныстырады )

2-бөлім Негізгі бөлім

Әр аралға 5-7 минуттан уақыт беріледі. Жалпы 35 минут уақыт беріледі

Аралдар атауы
Тапсырмалар
Өтетін орны
Әділқазы мүшелері
№: 1
Аралдар атауы: Театр
Тапсырмалар: Берілген тақырыпқа көрініс құру.
Өтетін орны: Қазақ тілі кабинеті
Әділқазы мүшелері:

Алимова. Г. К Мектеп директоры

Урбисенова С. Қ Қазақ тілі пәні мұғалімі

№: 2
Аралдар атауы: Білім
Тапсырмалар: Білім сайысы
Өтетін орны: Кітапхана
Әділқазы мүшелері:

Құрматова. Г. Б Оқу ісінің меңгерушісі

Идресқалиева Кітапханашы

№: 3
Аралдар атауы: Өнер
Тапсырмалар: Өз өнерлерін көрсету
Өтетін орны: Музыка кабинеті
Әділқазы мүшелері:

Хайрова А. Қ Тәрбие ісінің орынбасары

Аманбаева Ж. Б Музыка пәні мұғалімі

№: 4
Аралдар атауы: Денсаулық
Тапсырмалар: Спорттық сайыстар
Өтетін орны: Спорт залы
Әділқазы мүшелері:

Ниетқалиев. Т. Б Дене тәрбиесі мұғалімі

Мырзағалиев. Е. Т Дене тәрбиесі мұғалімі

№: 5
Аралдар атауы: Асхана
Тапсырмалар: Дастархан мәзірі
Өтетін орны: Мектеп асханасы
Әділқазы мүшелері:

Бекетова . А. Ә Техналогия пәні мұғалімі

Кубашева С. С Техналогия пәні мұғалімі

№: 6
Аралдар атауы: Болашақ
Тапсырмалар: Болашақ-Қазақстан тақырыбында суретті коллаж жасау
Өтетін орны: Бейнелеу сабағы кабинеті
Әділқазы мүшелері:

Айтымов Е. М Бейнелеу пәні мұғалімі

Бекетова . Д. И Психолог

№: 7
Аралдар атауы: Шеберлер
Тапсырмалар: Шығармашылық жұмыстар
Өтетін орны: Мектеп шеберханасы
Әділқазы мүшелері:

Төлегенов М. А Техналогия пән мұғалімі

Есқалиев Қ. Ғ АӘД пәні мұғалімі

.

Сыныптардың тапсырманы орындау кестесі .

2а-сын
2-б сын
2ә-сын
3а-сын
3б-сын
4а-сын
4б-сын
2а-сын: Болашақ
2-б сын: Шеберлер
2ә-сын: Өнер
3а-сын: Асхана
3б-сын: Театр
4а-сын: Білім
4б-сын: Денсаулық
2а-сын: Денсаулық
2-б сын: Болашақ
2ә-сын: Шеберлер
3а-сын: Өнер
3б-сын: Асхана
4а-сын: Театр
4б-сын: Білім
2а-сын: Білім
2-б сын: Денсаулық
2ә-сын: Болашақ
3а-сын: Шеберлер
3б-сын: Өнер
4а-сын: Асхана
4б-сын: Театр
2а-сын: Театр
2-б сын: Білім
2ә-сын: Денсаулық
3а-сын: Болашақ
3б-сын: Шеберлер
4а-сын: Өнер
4б-сын: Асхана
2а-сын: Асхана
2-б сын: Театр
2ә-сын: Білім
3а-сын: Денсаулық
3б-сын: Болашақ
4а-сын: Шеберлер
4б-сын: Өнер
2а-сын: Өнер
2-б сын: Асхана
2ә-сын: Театр
3а-сын: Білім
3б-сын: Денсаулық
4а-сын: Болашақ
4б-сын: Шеберлер
2а-сын: Шеберлер
2-б сын: Өнер
2ә-сын: Асхана
3а-сын: Театр
3б-сын: Білім
4а-сын: Денсаулық
4б-сын: Болашақ

3-кезең қорытынды марапаттау.

1. Тапсырманы берілген уақытта орындаған командалар мәжіліс залына жиналады.

2. Алғаш келген командаларға ұпай саны қосылады.

3. Болашақ аралы бойынша салған суреттерін қорғайды.

4. Әділқазылар мүшесі үздік деп танылған команданы анықтайды, әр арал бойынша (1) медаль тағылады.

5. . Тең түскен командаларға қосымша тапсырмалар беріледі.

6. . Ең көп медаль жинаған команда жеңіске жетеді.

Күтілетін нәтиже : оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, шығармашылық

ізденіске жетелейді., ата-аналармен тығыз байланыста болады, сыныптың ұйымшылдығы артады.

Аманбаева Ж. Б музыка пәні мұғалімі, өнер әдістеме бірлестік жетекшісі

1-сынып

Сабақтың тақырыбы: Бояу мен мен дыбыстар

Сабақтың мақсаты :музыка тыңдау және ән айту арқылы өзін-өзі тану қабіллеттерін дамыту, балалардың эмоциялық көңіл-күйлеріне ықпал ету, қоршаған ортамен өмір құбылыстары жөнінде түсінігін кеңейту.

Сабақтың міндеті: дүние танымын дамыту, эстетикалық талғамын арттыру, хормен ән айту дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні: балаларды ұйымшылдыққа, бір-біріне қолұшын беруге, қамқоршыл болуға

баулу.

Сабақтың түрі :кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі :сұрақ-жауап, тыңдау, суреттеу.

Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу өнері

Көрнекіліктер: :Балаларға:А4форматты қағаз, карандаш, кист, бояу, гуаш, , фламассер,

сулық, су.

Мұғалімге: екі түрлі тақырыпта картина, А4 форматты қағаз, жылы және суық түстер, гүлдің боялмаған суреті алдын-ала беріледі.

Құрал-жабдықтар : үнтаспа, нитирактивті тақта, ионика аспабы.

Сабақтың барысы : амандасу, түгендеу.

Үй тапсырмасы. «Етікші» әнін орындау.

Жаңа сабаққа кіріспе :Экранға «Бояу мен мен дыбыстар» тақырыбы

мен суреті шығады.

Музыка пәнінің мұғалімі :Балалар бүгін бізде ерекше сабақ болмақ. Біздер музыка тыңдап, ән айта отырып сурет саламыз. Қалай ойлайсыңдар музыка мен суреттің қандай байланысы немесе ұқсастықтары бар?

Оқушы :екеуі де өнерге жатады.

Музыка пәнінің мұғалімі :дұрыс-ақ екеуі бірін-бірі толықтырады.

-Айналамызға құлақ түріп, бір сәт көз салып көрейікші?

Табиғат шулу дыбыстар мен түрлі түсті бейнелерге толы. Мысалы:

-Аспанның түсі қандай?( көк )

-Ағаштағы жапырақтардың түсі ше? (жасыл )

-Қандай дыбыстарды естисіңдер? (құстың сайрағаны, судың аққан сылдыры, машина дауысы, поезд т. б )

-Егер осы дыбыстар болмаса, айнала түрлі түске бөленбесе немесе осының бәрі сәт

жойылып кетсе, өмір қандай күйде болар еді?

Музыка тыңдағанда, түрлі түсті бейнелерді көргенде қандай әсер аласыңдар?

(жауаптары тыңдалады)

-Ал, енді осы музыканы кімдер жазады?Не арқылы жазады?

-Суретті кімдер салады? Нені қолданады?

- Музыканттар музыканы ноталар арқылы жазады. Ал, бүгін біздер түстер арқылы суретті музыка жазамыз.

Бейнелеу пәні мұғалімі : суық және жылы түстерді түсіндіреді.

Сендерге әр түрлі әуендер қойылады, сендер көңіл күйлеріңді алдарыңдағы түстер арқылы көрсете қойыңдар.

(Экраннан Құрманғазы, жайлау суреттері көрсетіледі)

Музыка тыңдау. Құрманғазы «Сарыарқа»

Музыка пәнінің мұғалімі : Біздің мақтанышымыз, дүние жүзіне танымал, күй атасы - Құрманғазы Сағырбай ұлы бабамыздың «Сарыарқа» күйін тыңдаймыз. Бұл күйді естіген кезде қанымыз қызып, тау суының ағысы, аттың шабысы, кең дархан даланы көргендей боламыз.

1. Қазір көзімізді жұма отырып, күйді тыңдаймыз.

2. Енді күйді қайта тыңдай отырып, көз алдарыңа не елестеді, соны қағаз бетіне карандашпен түсіре қойыңдар!

(5 минут уақыт беріледі, 1, 2 оқушының салған суретін әңгімелету. )

Бейнелеу пәні мұғалімі:

Ойлан тап! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, жауабын тауып көріңдерші!

1. Жылыт-жылт етеді 2. Түсі мөлдір, үні сылдыр (жауын)

Жылғадан өтеді. ( су )

-Қазір бізде жылдың қай мезгілі?

-Жаңбыр жылдың қай мезгілінде көбірек жауады?


Ұқсас жұмыстар
А.Тоқмағамбетов. Құлақ пен Тымақ (мысал)
Мектеп кітап ханасы
Сүйікті мұғалім
Бағалау парағына сабақ барысында
Бірлестік жетекшісі кабинеті
Қазақ тілі кабинеті
Мынау әкеңнің майданнан жіберген киімдері
Балықтарды қорғау
Қан кету түрлері
Қызықты тапсырмалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz