Сөзжасам тарауы

Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамнан өткенді қайталау (фонетика, лексика тарауы бойынша)

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушылардың алған білімін жүйеге келтіру, сапалылығын тексеру.

дамытушылық: Ойлау дағдысын, тілін дамыту

тәрбиелік: Тіл лазалығын сақтауға баулу, ұлттық мұраны қастерлеуге тәрбиелеу

Сабақтың типі: сайыс сабақ

Әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика

Көрнекілігі: кеспе қағаз, киіз үй бөліктері

Технология: Сын тұрғысынан ойлау

Деңгейлеп саралап оқыту

Барысы: Ұйымдастыру

Кел, балалар, оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!- деп Ыбырай атамыз айтқандай,

бүгінгі сабақта біз көңілге қаншалықты білім тоқығанымызды сарапқа саламыз. Олай болса:

Жүйріктен жүйрік озар шабысқанда,

Күштіден күшті озады алысқанда

Білімді шәкірттер де көзге түсер

Саралап білімдерін жарысқанда, - деп сабағымызды бастаймыз.

  1. Ой шақыру стратегиясы - «Бәйге»
  1. Біз осы кезге дейін тіл білімнің қандай салаларымен таныстық ?
  2. Лексика нені зерттейді ?
  3. Фонетика нені зерттейді?
  4. Фонема деген не ?
  5. Сөзжасам түрлерін ата
  6. Ашық дауыстылар саны - 6 : а-ә, о-ө, -е-ә
  7. Ұяң дауыссыздар саны - 8 : б, в, г, ғ, д, ж, һ
  8. Үнді дауыссыздар саны - 7: р, л, й, у, м, н, ң
  9. Еріндік дауыстылар саны - 5: о, ө, ұ, ү, у
  10. Қысаң дауыстылар саны - 6 : ы, і, и, у, ұ, ү

2. « Жорға »

Фонетика бөлімі бойынша жазба жұмысы

Математикалық талдау

1-топ

Берілгені: қарбыз

Табу керек : О = +

Шешуі: 6 = 2 + 4

2 = а, ы-жуан

  1. = а -ашық, ы- қысаң

4 = қ-қатаң

б, з - ұяң

р - үнді

  1. Лексика тарауы бойынша:
  1. Синоним деген не ? Мысал келтіріңіз
  2. Антоним деген не ? Мысал келтіріңіз
  3. Омоним деген не ? Мысал келтіріңіз
  4. Сөздердің көп мағыналығы туралы не білесің ? Мысал келтіріңіз
  5. Фразеологизм деген не ? Мысал келтіріңіз
  6. Табу деген не ? Мысал келтіріңіз
  7. Эвфемизм деген не ? Мысал келтіріңіз
  8. Десфемизм деген не ? Мысал келтіріңіз
  9. Архаизм деген не? Мысал келтіріңіз
  10. Диалект, говор туралы не білесің ? Мысал келтіріңіз

4. Деңгейлік тапсырма.

1-деңгей.

а) алыс

ә) жылдам сөздерінің синонимдік қатарын түзе

2-деңгей

а) алыс

ә) жылдам сөздерін тұрақты тіркеспен ауыстыр

3-деңгей. Мәтін құрастыр.

5. Кеспе қағаздардағы сөздерді орналастыру арқылы қазақтың баспана түрлерін құрастыру

6 қанат ақ отау Жолым үй Итарқа

6. Сөзжасам тарауы

1) Түбір дегеніміз не ? Мысал

2) Қосымша деген не ? Оның неше түрі бар?

3) Түбірлес сөздер деген не ? Мысал

4) Қос сөздің неше түрі бар?

5) Тіркесті сөздер деген не ? Мысал

6) Қысқарған сөздердің жасалу жолдары ?

7) Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары ?

8) Қосарлама қос сөздердің жасалу жолдары ?

7. «Дода»

Тарау бойынша жазба жұмысы

р/с
Қос сөздер
Біріккен сөздер
Қысқарған сөздер
қайталама
қосарлама
біріккен
кіріккен
р/с:
Қос сөздер:
Біріккен сөздер:
Қысқарған сөздер:

Өздік жұмысы. Мына төменде берілген сөздерді топқа бөліп жаз:

Бірте - бірте, қолма -қол, бірқазан, бүгін, биыл, БҰҰ, педколледж, ата -ана, шай -пай, ҚазМУ, АН - 24, әлдеқашан, еңбеккүн.

Сабақ бойында оқушылар жинаған балл есептеліп, бағаланады.

40-50 балл - «5»

20-40 балл «4»

20-30 балл - « 3 »

Оқушылар өздерін - өзі бағалайды.

Сабақты қорытындылау:

Не нәрсені де істеуге

Икемді тұрған баланы

Ілімді десе болмас па ?

Үйреткенді зердереп

Тоқып алған баланы

Білімді десе болмас па ? - деп сабағымызды аяқтаймыз.

Сарысай негізгі мектебі

«Фонетика, лексика, сөзжасам тарауларынан өткенді қайталау»

(ашық сабақ)

ҮІ сынып

Өткізген: Құлтанбаева Б. Қ.

2008 - 2009 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі туралы
Сөз мағыналары
Жасыл түс
Қазақ тілінен жылдық қайталау. сайыс сабағы. 5-сынып
Сөзжасамдық тәсілдер
Сөзжасам. жоспар
Сөзжасам туралы
Тапқыр болсаң,тауып көр
Екі сөзді
Дара және күрделі сөздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz