Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Кімнің өлеңі
«Әдебиет көшбасшысы» зияткерлік сайысы
7- сынып
Кеулімжай Анар
Қызылорда облысы,
Қазалы қаласы,
М. Горький атындағы
№16 орта мектептің қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мақсаты: Оқушылардың әдебиет пәнінен өтілген материалдарды меңгеруін,
білім
деңгейін тексеру.
Міндеттері:
1. Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру,
әдебиет пәніне
қызығушылығын арттыру
2. Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу,
ізденімпаздыққа
баулу.
3. Оқулық пен қосымша материалдар деректерін
пайдаланып,
ғылыми танымдық әрекеттерін жетілдіру.
Ұйымдастыру формасы: зияткерлік сайыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, сандық белгі.
Сайыстың барысы:
1 - жүргізуші:
- Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 7- сынып оқушыларымен
өткізілгелі отырған «Әдебиет көшбасшысы» сайысына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші:
- Әдебиет- сөз өнері. Сөз өнері –халық даналығының жемісі.
1 - жүргізуші:
- Әдебиет –халқымыздың рухани өмірінің айнасы, ана тіліміздің
өміршеңдігінің, ұлттығымыздың, халықтығымыздың белгісі.
2 - жүргізуші:
- Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы әдебиет пәні бойынша
оқушыларымыздың ой-өрісін,білімдерін,ақылы мен ептілігін сарапқа салатын
боламыз.
1 - жүргізуші:
-Біреу озса сайыста,біреу артта қалады,
Ренжімей тараса,озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол-еңбектену,жалықпау,-
Ендеше ортамызға әдебиет пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс
үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды шақырайық: ... (6 оқушы
қатысады)
2 - жүргізуші:
-Әділ қазы, ақ қазыға сәлем бер,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар, сайыстарда неше бір
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе сайысымызды бағалайтын
әділқазылар алқасымен танысыңыздар: ... (әділқазылармен таныстырады)
1 - жүргізуші:
-Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан жеткізер,-деп сайысымыздың алғашқы шарты «Бәйге» кезеңін
бастаймыз.
2 - жүргізуші:
-«Бәйге» кезеңінде 10 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 4 жауап берілген.
Дұрыс жауапты бірінші болып айтқан оқушыға 10 ұпайдан беріледі. Ең
төмен ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.
І кезең «Бәйге»
1. Абай Құнанбаевтың өлеңі.
а) «Өгіз бен бақа»
б) «Ғылым таппай мақтанба»
в) «Қысқы жолда»
г) «Ақсақ киік»
2. Мұқағали Мақатаевтың өлеңі.
1) «Фантазия»
2) «Отырар»
3) «Сен ақылда болсаң екен»
4) «Қазағым менің»
3. Әдеби ертегіні тап.
1) «Қырық өтірік»
2) «Ер Төстік»
3) «Аяз би»
4) «Толағай»
4. Ахмет Байтұрсынұлының туған жылы.
1) 1893 жыл
2) 1873 жыл
3) 1846 жыл
4) 1889 жыл
5. Жамбыл Жабаевтың «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі кімге арналған?
1) Немересіне
2) Әйеліне
3) Баласына
4) Келініне
6. Мұхтар Әуезовтың туған жылы.
1) 1897 жыл
2) 1900 жыл
3) 1911 жыл
4) 1894 жыл
7. «Бандыны қуған Хамит» әңгімесінің авторы кім?
1) Мұхтар Әуезов
2) Мағжан Жұмабаев
3) Сәбит Мұқанов
4) Сәкен Сейфуллин
8. Абай Құнанбаевтың туған жері.
1) Қостанай облысы
2) Семей облысы
3) Қызылорда облысы
4) Ақтөбе облысы
9. «Көксерек» повесінің авторы кім?
1) А.Құнанбаев
2) Ы.Алтынсарин
3) Мұхтар Әуезов
4) Ахмет Байтұрсынұлы
10. Көркем әдебиеттегі табиғат көркін суреттеу не деп аталады?
1) Пейзаж
2) Портрет
3) Кейіптеу
4) Әсірелеу
ІІ кезең «Дода»
1 - жүргізуші:
-«Білекті-бірді жығар, білімді –мыңды жығар» деп дана халқымыз
айтқандай, қай кезеңде де білімдінің өрісі кең екені даусыз.
2 - жүргізуші:
-Сайысымыздың келесі «Дода» кезеңінде 4 тақырып 5 сұрақтан әзірленген.
Оқушы таңдаған тақырыбының 5 сұрағына жауап беруі керек. Әр дұрыс
жауапқа 10 ұпайдан ұпай беріледі. Ең төмен ұпай жинаған 2 оқушы
ойыннан шығады. Шарт бойынша ең ұпайы төмен оқушы тақырып таңдайды.
1. Халық ауыз әдебиеті.
1 . Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата.
(тұрмыс-салт жырлары, ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, шешендік
сөздер, аңыз әңгімелер, батырлық жыры, ғашықтық жырлар, ақындар айтысы)
2. Ертегілер нешеге бөлінеді? (қиял-ғажайып, хайуанаттар туралы,
тұрмыс-салт)
3. «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» қандай жырға жатады ?
( Лиро-
эпостық жыр)
4. Шындыққа жанасымды, көбіне тіпті өмірде болған, халық жадында
сақталған оқшау оқиғалы шығармалар. (Аңыздар)
5. «Ер Төстік » ертегісіндегі кейіпкерлерді ата.
(Ер Төстік, Ерназар, Кенжекей, Жалмауыз кемпір, перінің қызы Бекторы,
Шойынқұлақ, Күңке, Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар, Бопыхан,)
2. ХІХ ғасыр әдебиеті.
1. «Аягөз, қайда барасың?» Кімнің өлеңі?
(Дулат Бабатайұлы)
2. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінің авторы кім ?
(Сүйінбай Аронұлы)
3. Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан !
Кімнің өлеңі? (А. Құнанбаев)
4. Махамбет Өтемісұлының «Тарланым» өлеңі кімге арналған ?
(Исатай Таймановқа)
5. «Өзен» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)
3. ХХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет
1. «Шәкірт ойы » өлеңінің авторы кім ? (С. Торайғыров)
2. «Өгіз бен бақа» мысалының авторы кім ? (А. Байтұрсынұлы)
3. «Адамдық борышың –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, өзің біл» Кімнің өлеңі ? (Ш. Құдайбердіұлы »«Адамдық
борышың»)
4. Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші » әңгімесі кім туралы жазылған (Әміре
Қашаубаев)
5. «Өтеген батыр» дастанының авторы кім ? (Ж. Жабаев)
4. ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет
1. «Ананың анасы» әңгімесінің авторы кім ? (Ғ. Мүсірепов)
2. «Даңқың қайда төске өрлеген
Екі жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кіп-кішкентай Отырарды ала алмау...
... Тек жеңіспен көзін ашқан
Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба ...» Кімнің өлеңі ? (М.
Шаханов)
3. «Сен ақылды болсаң екен» өлеңінің авторы кім? (Жұмекен
Нәжімеденов)
4. Сәбит Мұқановтың автобиографиялық романын ата. ( «Өмір мектебі»)
5. «Білем сені, сүйем сені
Сыр сұлуы қарт анам
Сенсің мені әлдилеген
Туған сенен- мен балаң. » Кімнің өлеңі? (Ә. Тәжібаев)
ІІІ кезең: «Жорға»
1- жүргізуші:
-Асыл-тастан,өнер-жастан,
Шығады деп дарынды
Халық айтса, қалт айтпайды,
Әрқашанда нанымды,- дей отырып, келесі «Жорға » кезеңін бастаймыз.
2- жүргізуші:
«Жорға» кезеңінде 3 тақырып беріледі. Әр тақырыпта 20,30,40 ұпайлық 3
сұрақтан бар. Оқушы өзі қалаған сұрағына жауап береді. Сайыс соңында
ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз болып саналады.
1. Әдебиет теориясы
1. 20 ұпай Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін,
жүріс-тұрысын суреттеуді не деп атайды? (Портрет)
2. 30 ұпай Табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейпінде суреттеу
тәсілін не деп атайды? (кейіптеу)
3. 40 ұпай Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлеуі не деп
аталады?
(Диалог)
2. Өлең- сөздің патшасы
1. 20 ұпай.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды
Үсті-басы-ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Кімнің, қандай өлеңінен үзінді? / А.Құнанбаев «Қыс»/
2. 30 ұпай
Өзге емес, өзім айтам өз жайымды,
Жүрегім, жалын атқан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді
Тербетіп, тулатып бір қозғайын да...
Кімнің, қандай өлеңінен үзінді?
(Қасым Аманжолов «Өзім туралы»)
3. 40 ұпай
Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар !...»
Кімнің, қандай өлеңінен үзінді?
( Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»)
3. Кейіпкерлер әлемі.
1. 20 ұпай
«-Уәзірлерім! Сендер қырқың да асып туған ақылды, данышпан едіңдер.
Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның жаманын,
құстың жаманын және шөптің жаманын тауып әкеліңдер.»
Қай ертегідегі кімнің сөзі?
(«Аяз би» ертегісіндегі Мадан хан)
2. 30 ұпай
«Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады.
Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат,
Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір
құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін
Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар-жоғары идеялы есімдер».
Кімнің, қай шығармасындағы кейіпкердің сөзі?
(Б. Соқпақбаев «Менің атым-Қожа» Қожаның сөзі )
3. 40 ұпай.
«Биыл оның жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы
өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып
қалыпты. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала-бозбаланың қалпына
бейімделген. Бірақ әлі сол мүсінде, үлкендік жоқ.»
Кімнің, қандай шығармасындағы қандай кейіпкердің портреті?
(М. Әуезов «Ақын қонақтар» Абайдың портреті)
1- жүргізуші:
Міне, біз «мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан озық ойлы оқушымызды
анықтайтын кезге де жеттік.Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына берсек.
(Сайыс жеңімпазы мен сайысқа қатысушыларды марапаттау.)
2- жүргізуші:
- «Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік,
Білікке сенер заманда қапы қалып жүрмейік»,-деп даналарымыз айтқандай,
«Келешек-білімді ұрпақ қолында» екендігін Елбасымыз халқына Жолдауында атап
көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын
келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашанда
еңкеймек емес. Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі
ниетпен біз сайысыиызды тәмамдаймыз. Біздің білімдегі жеткен биіктеріміз
бен қуаныштарымызға ортақ болған барлығыңызға да тек қана сәттілік
тілейміз!
-----------------------
4. ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет
3. ХХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет
2. ХІХ ғасыр әдебиеті.
1. Халық ауыз әдебиеті.
40
40
20
30
30
20
40
30
20
Кейіпкерлер әлемі.
Әдебиет теориясы
Өлең- сөздің патшасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz