Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ең үздік әдіскер 2011 аудандық байқауының бағдарламасы мен қорытындысы

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

«Еркемай» мектепке дейінгі балалар мекемесі

Керекова Айгүл Жақсыбайқызы- тәрбиеші

«Ең үздік әдіскер - 2011» аудандық байқау.

Бастау:

Көктем келді жан - жаққа шуақ құрып,

Ақпанның мұз көрпесін лақтырып.

Амандасып алайық алдыменен,

Келсеңіздер біздің сөзге құлақ түріп.

Қайырлы күн, құрметті қонақтар!

Балабақша әдіскерлеріне арналған «Ең үздің әдіскер - 2011» атты аудандық

байқауына қош келдіңіздер!

Сайыс десе кім еркін жата алады,

Көрінетін жеңіспен татар дәмі.

Бір шаңырақ астында бала жиған,

Балабақша «Еркемай» деп аталады.

  1. «Қазақ» биі
  2. «Қаражорға»әні ІІ кішкентайлар тобының тәрбиеленушісі Ербол Ержан
  3. «Корей» биі

Сөз кезегі Аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Басмағанбетова Рита Құрманғалиқызына беріледі.

Керек десе қазір деп дәріс берер

Жаңа тәсіл ұсынып әдіс берер

Ауданға озық үлгі таратуға

Бас қосты әдіскерлер «Еркемайда» .

Әдіскерлерімізді ортаға шақырайық.

Әдіскерлермен таныстыру.

Қоржыннан реттік сандарын алу.

2. Құрметті әріптестер, әдіскерлер біліміне, өнеріне, тапқырлығына әдіс бағасын

беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Комиссия төреағасы:

  1. Басмағанбетова Рита Құрманғалиқызы

Комиссия мүшелері:

  1. Ахетова Айнамкүл Сәменқызы
  2. Ақынова Алтын Еркінқызы

Байқаудың шарттарымен таныстыру.

Байқау ІІ кезеңнен тұрады.

І кезең 2 турды қамтиды.

І тур: Әдіскер портфолиосы шығармашылық жоба қорғау.

І кезеңнен жоғары балл жинаған әдіскерлер ІІ кезеңге қатысады.

ІІ кезең: Панорамалық сабақ.

Екі турдың нәтижесі байқаудың жалпы қорытынды көрсеткішіне қосылады.

Бала шыбық тәрбие мен тамырлаттық.

Бейбіт күнді әнменен мамырлаттық.

Басқарған Өзгерістей Ұлықпанқызы

4 жылдық тарихы бар шаңырақтың

Дегенде болашақпен атты күнім

Жайласын бала қылық тәттілігін

Үмітін үкілеген, әдіскерлер,

Тілейміз бұл сайыстың сәттілігін.

Әдіскерлерімізге сәттілік тілеп қошемет көрсетейік.

Әдіскерлерді ретімен шақыру.

Кімдер жүйрік, өнерпаз біз білейік.

Бақшамыздың мақтанышы деп жүрейік.

  1. 1 -ші санды әдіскерімізді ортаға шақырайық.

Асауова Гүлсім Қайрашқызы «Еркемай» балабақшасы

2 - ші санды әдіскерімізді ортаға шақырайық.

Тастан Гүлжанат Қынашқызы «Нартайлақ» балабақшасы

3 - ші санды әдіскерімізді ортаға шақырайық.

Байсейтова Мирамгүл Дүйсембайқызы «Бәйтерек» балабақшасы

4 - ші санды әдіскерімізді ортаға шақырайық.

Досмайлова Зәуре Жақсылыққызы «Балапан»

5 - ші санды әдіскерімізді ортаға шақырайық.

Бөлтекова Гүлшат Сағындыққызы «Балбөбек» балабақшасы

6 - ші санды әдіскерімізді ортаға шақырайық.

Сақтағанова Самал Рахметқалиқызы «Балдәурен» балабақшасы

7 - ші санды әдіскерімізді ортаға шақырайық.

Игисинова Қанбибі Шорақызы «Ақбота» балабақшасы

8 -ші санды әдіскерімізді ортаға шақырайық.

Әлжанова Роза Мырзағалиқызы «Балдырған» балабақшасы

9 - ші санды әдіскерімізді ортаға шақырайық.

Үргенішбаева Айгүл Темірбайқызы «Жауқазын» балабақшасы

10 -ші санды әдіскерімізді ортаға шақырайық.

Досжанова Гүлбану Досжанқызы «Қызғалдақ» балабақшасы

11 -ші санды әдіскерімізді ортаға шақырайық.

Мырзағары Дәуірбай Мұратұлы

12 -ші фф санды әдіскерімізді ортаға шақырайық.

Әбдіманова Эльвира Есенқызы «Айгөлек» балабақшасы

Білім аққан сел дейді

Бірақ оңай келмейді

Ала білсең білім көп

Ақыл ойға кел дейді

Білім оймен арымыз.

Рухани ол нәріміз

Сайыскерлер сіздерге

Қол соғамыз бәріміз!

Әдіскерлерге қошемет көрсету

Панорамалық сабақ көрсету.

Әдіскерлер сабақ көрсетеді.

Тәңірберген ырысты көктем дейміз

Әділ болса, бағамыз кектенбейміз.

Жүзден жүйрік, мыңнан асқан

Тұлпар болса, уақыт озып мәреге жеткендейміз.

Талабымыз қиялға беттеулі ғой

Атамыз әсте біздің ертулі ғой.

Өткізер,

Шіркін уақыт осындай шектеулі ғой!

Бала шырын, бала гүл, бала ізгілік

О, адамдар қойыңыздар мұны біліп

Ол шығатын гүлің ғой ертең ?

Дегендей балалар өнерін тамашалайық.

  1. Жеке ән: «Мама» - әні орыс тілінде Мадина, Малика, Ақдәулет.
  2. Әсемай жыр «Ана» туралы
  3. «Жастар» биі
  4. «Жігіттер» тобы «Ана» туралы ән
  5. Ана туралы оқитын Ақниет
  6. «Гүлдер» тобы ІІ кішкентайлар тобы.
  1. Әдіскерлерді бағалау рәсімі.

12 - әдіскердің ішінен сүрінбей өткен жеңімпаздар «Үздік әдіскер - 2011» атағына ие болған әдіскерлер:

«Балапан» балабақшасының әдіскері Досмайлова Зәуре бас жүлде

«Бәйтерек» балабақшасының әдіскері Байсейтова Мейрамгүл 1-орын

«Еркемай» балабақшасының әдіскері Асауова Гүлсім Қайрашқызы 2- орын

«Балдырған» балабақшасының әдіскері «Әлжанова Роза 2- орын

«Қызғалдақ» балабақшасының әдіскері Досжанова Гүлбану 2-орын

«Балдәурен» балабақшасының әдіскері Сақтағанова Самал 3-орын

«Айгөлек» балабақшасының әдіскері Әбдіманова Эльвира 3-орын

«Толағай» балабақшасының әдіскері Мырзағары Дәуірбай 3-орын

Төрелік етуші Р. Басмағанбетова әдіскерлердің жүлделі орындарымен құттықтап осы байқауды өткізіп отырған «Еркемай» балабақшасының директоры Ө. Елеуоваға және ұжымға шексіз алғысын білдірді.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір күрес жеткізе ме мұратын

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімеген

Қатысуда бір жеңіс жан болсан сен ұғатын

Қош демейміз әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін күннен күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар

Дей отырып әрқашан сыналған шақта сүрінбей қадамдарыңызға нұр жаусын! - деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Келесі кездескенше күн жақсы.


Ұқсас жұмыстар
Ақтөбе облысы Шалқар қаласының Қарлығаш балабақшасындағы 2011-2012 оқу жылы Күзгі бал сайысының сценарийі
№5 орта мектепте өткен Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі жастар марафон-эстафетасының ашылу рәсімі (Шалқар, Ақтөбе облысы, 2011 ж.)
Отты жылдар шежіресі - Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына арналған ардагерлермен кездесу (Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектеп)
Ең үздік химик интеллектуалдық турнирінің бағдарламасы мен тапсырмалары
Аналар сайысының мерекелік-танымдық бағдарламасы - Еңбекші мектеп-балабақша, Темір ауданы, Ақтөбе облысы, 2013
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Северный орта мектебіндегі Құқықтық сауаттылық - заман талабы сайысының бағдарламасы мен өту тәртібі
Ең үздік тарихшы мектепішілік тарих сайысының бағдарламасы мен өткізу тәртібі
Ашық сабақ: Синтаксистік қатынастар - А.Ж. Бисембаева, №8 жалпы орта білім беретін мектеп (Шалқар, Ақтөбе облысы)
XXI ғасыр көшбасшысы: бастауыш сынып оқушылары арасындағы математикалық сайыс (№1 орта мектеп, Шалқар, Ақтөбе облысы)
Кескіндеме пәні бойынша Білімді мыңды жығады атты интелектуалды сайыс (2 сынып) - Ақтөбе облысы Шалқар ауданының көркемсурет лицейі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz