Бейнелеу өнері сабағы: Халық қолөнері - ағаш өңдеу өнері (сабақ жоспары)

Кулданова И. С.
№52 негізгі мектебінің
бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Ақтөбе қаласы
Сабақтың тақырыбы : Халық қолөнері. Ағаш өңдеу өнері.
Сабақтың мақсаты : 1. Білімділігі: оқушыларды халық қолөнеріндегі ағаш өңдеу өнерінің
түрлерімен жете таныстыру.
2. Дамытушылығы: ой - қиялын, шығармашылығын, талдау, жинақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелігі: ұлттық өнер түрлерін қастерлеуге, сақтауға, оны дамытуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі : Ыдыс-аяқтар, ою-өрнек түрлері, иллюстрациялар, тірек-сызба, тапсырмалар.
Сабақтың әдістері : Қызығушылығын ояту, көрнекілік, сұрақ - жауап, ойын.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымын қадағалау, құрал-жабдықтарын түгендеу
II. Үй тапсырмасын тексеру . Оқушылардың үй жұмысын тексеріп, жіберген қателерін түзеу.
III. Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту
Мұғалім сөзі:
- Қазақ халқында ең кең тараған қандай өнер түрін білесіңдер?
-Қолөнер.
Мұғалім тақтаға суреттерді іледі. Соның ішіндегі қолөнерге жататын суреттерді (сырмақ, ұлттық киім, машина, ғаламтор) оқушылар ажыратады.
-Сонымен қолөнерге не жатады?
-Ағаштан жасалған бұйымдар, зергерлік бұйымдар, тігілген киімдер, ер-тұрмандар
Мұғалім: - Ендеше, бүгінгі сабағымызда қолөнер түрі ағаш өңдеу өнеріне тоқталайық.
- Ерте кезде ыдыс - аяқтарды неден жасаған? (Ағаштан ойып жасаған)
- Қандай ыдыстар жасаған? (Ет салатын табақтар, келі-келсап)
- Ожауды да ағаштан жасаған
- Тек ыдыс-аяқтар жасаған ба? (-Сандық, кебеже жасап ойған, киіз үйді де жасаған)
Тірек -сызбамен жұмыс
Тапсырма : Тірек - сызбадағы бос торкөздерді қажетті сөздермен немесе суреттермен толтырыңыз.
Ожау тегеш тостаған келі-келсап таба
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
«Адасқан сөздер» ойыны
Сөздерді ретімен орналастырып мақал-мәтелді құрастыру: (Тақтада сөздер ретсіз орналасып, ілінеді. )
Шешеннің сөзі мерген, ісіңе сен, күшіңе сенбе, шебердің көзі мерген.
Дұрыс жауабы: Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген.
Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
Тапсырма
Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары.
Ағаштан жасалған ыдыс
а) саба
ә) сандық
б) келі-келсап
2 Ағаштан жасалған бұйымдар
а) кебеже, сандық
ә) балға, төс
б) қоржын, аяққап
3Ағаш түрлері
а) терек, қайың
ә) қына, балдыр
б) меңдуана, алоэ
Өзін-өзі бағалау парағы
Мұғалім
берген
ұпай саны
Оқушының
жинаған
ұпай саны
Бағалау кретерийі: 31-35 ұпай - «5», 21-30 ұпай - «4», 15-20 ұпай - «3».