Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Көшбасшыға сұрақ

Сыныптан тыс жұмыс: «XXI ғасыр көшбасшысы»

Гүлмира Жадырасынқызы Қуатбаева

Шалқар қаласы, Ақтөбе облысы

№1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты: Оқушылардың математикалық білім қабілетін тексеру, сыныптың
көшбасшысын анықтау.
Көрнекілігі: Қызыл түсті дөңгелектер, нақыл сөздер, жұмбақтар,
математикалық жұмбақтар, ребустар, кеспе сандар, есептер жазылған плакат.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі. Муғалім.
Уа, халайық, халайық!
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып,
Көңілді кеш жасайық.
Жұмбақ шеру шашайық,
Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ, есеп бәрі бар.
Ал, сайыскер балалар,
Білімдеріңді сынайық.
XXI ғасырдың
Көшбасшысын табайық.
- Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар сіздерді 4-сынып оқушыларының
арасында өтетін "XXI ғасыр көшбасшысы" атты сайыс сағатын көруге шақырамыз.
(Әділ-қазылар алқасын сайлау.)
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,
Бәрінен де ең бастысы - барлығының
Қатты істейтін миы бар! - дей келе, енді осы сайыскерлерімізді таныстырып
өтейін. (Алдын ала белгіленген нөмірі бойынша сайыскерлерді таныстыру.)
Сайыскерлерге тілек:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өренді
Математика сырына!
Қадамдарың оң болсын,
Сәт- сапар енді тілейік!
Ойынымыз VII турдан тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға
5 ұпайдан беріледі.
II турдан кейін ұпайы төмен оқушылар шығып отырады. (Ең соңыида бір
оқушы, яғни көшбасшы қалу керек.)
I тур. Бәйге - Ауызша сұрақтарға жауап беріледі.

II тур. Көкпар - Ауызша есептер шығарылады.
III. тур. Полиглот - Құрамында сан есімі бар сөздерден жұмбақ шешу, шешуі
қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтылады.
IVтур. Білімпаз-Мәтін есеп шығару
Vтур. Тірі сұрақ - Өлең есептер
VI тур. Тамаша үштік-Ана тілі, Қазақ тілі, Дүниетану пәндерінен
сұрақтар

VII тур. Жеңімпаз - Логикалық сұрақ .

II. Негізгі бөлім. І тур. Бәйге. Сурақ-жауап.
1. 1 м-де неше см бар?
2. 1 м-де неше мм бар?
3. 1 кг-да неше г бар?
4. 1 га неше м2 ?
5. 82 нешеге тең?
6. Әріпті өрнек дегеніміз не?
7. Сәуле дегеиіміз не?
8. Алманың жартысы неге ұқсас?
9.1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма?
10. Үшбұрыштың периметрін қалай табамыз?
11. 64 қай санның квадраты?
12. 1 ц-де неше кг бар?
13. Кез келген санды 0-ге көбейтсек не шығады?
10. 8:0 неге тең?
11. Қашықтықты қалай табамыз?

ІІ тур. Көкпар.
1. Ұзындығы 9 см, ені 7 см тіктөртбұрыштың ауданы нешеге тең?
2. Шаршының 1 қабырғасының ұзынығы 8 см, ауданы нешеге тең?
3. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 11 см, ені 8 см. Периметрін тап.
4. Тіктөртбұрыштың ауданы 16 см2, ені 2 см, Ұзындығы неше?
5. Бірдей 9 ыдыста 45 кг бал бар. Осындай 12 ыдыста неше кг бал бар?
6. Әлібек 1 айда 7 қызықты ертегі оқыды.
Осы қарқынмен 1 жылда қанша кітап оқиды?
7. 100 саны шығу үшін 555-ке қандай санды қосу керек?
7. 10 он есе арттырып, оған 99-ды қос.
8. Ең үлкен төрт таңбалы санға 1-ді қоссаң неше шығады?
10. 2700 : х = 9 х - нешеге тең?

ІІІ тур. Полиглот.
1. Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (Қазақ үй - юрта.)
2. Қос құлақгы, жүз тісті,
Жүзінен бір-ақ із түсті. (Ара - пила.)
3. 1 санға өсірді,
Өзі қалып орнында,
Бізді алға көшірді. (Сынып - класс.)
4. Сақталады 6 ай жаз,
Сандығымда сары аяз. (Тоңазытқыш - холодильник.)
5. Қалқиып 2 құлағы,
Елеңдеп корқып тұрады. (Қоян - заяц.)
6. 2 аяқпен кезек-кезек тебеді,
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді. (Доп - мячик.).
7. Ағайынды 5 туыс,
Жамылатын тоны бар.
Бесеуінде бір қуыс,
Сырттан кірер жолы бар. (Қолғап - перчатки.)
8. Кіп-кішкентай екі көзі,
қалай көреді өзі?
Қолы екен ұзын мұрны,
Сол мұрнымен
Тамақ тауып жүреді. (Піл - слон.)
9. Бір қораға қамалғандар,
Жаны үшін жаралғандар.(Сіріңке - спички.)
10.Болса да көкте мекені,
Кездеспейді екеуі. (Ай, күн - луна, солнце)

IV тур. Білімпаз.
Плакатгағы тапсырмаларды орындау. (жазбаша)

V тур. Тірі сурақ
1. Есдаулетов Канат бүгін,
Атап өтпек туған күнін.
Тойласуға Таңат келді,
Марат, Манат, Манап келді.
Жанат, Жанақ, Талғат келді.
Сағат келмей, Самат келді.
Бірақ Самат қайтып кетті,
Жай жапсарын айтып кетті
Жанат та енді Саматқа ерді ,
Одан кейін Талап келді,
Одан кейін Орақ келді,
Бәрі қанша қонақ келді?

2. Су құйып ем астауға,
Үш қаз ұшты аспанға.
Үш қасқалдақ, бір қазан,
Екі үйрек, бір сазан.
Бір көксерек, бір қарға,
Қосылды кеп буларға,
Айт, неше құс ұшып жүр?

3. Ағам бізді жинады,
8 қолғап сыйлады.
Қамқор болған ағамыз,
Үйде неше баламыз?

4. Біздің үйде көжек көп,
Іштерінде өжет көп.
Әсіресе бас көжек,
Маған нағыз дос көжек.
Қолымнан кеп жем жейді,
Басқалары келмейді.
5. Бес көжекке достасқан,
Сәбіз бердім қос-қостан,
Бір сәбізім соңымда,
Қалып қойды қолымда.
Сәбізімді әуелгі,
Санап берші ал, енді.

VIтур. Тамаша үштік.
Оқушылар тақтадағы сандардың біреуін таңдайды және оған жауап береді.
Қанша ұпай жазулы тұрса , сонша ұпай қосылады.

VІІ тур. Жеңімпаз.
Логикалық сүрақ.
1. Ата, жасыңыз нешеде? - деп сұрағанда Қожекең:
2. Ең үлкен төрт таңбалы санды 9 есе кемітіп, одан ең кіші төрт таңбалы
санды шегерсе, менің өтірік жасым шығады. Оны халық біледі,-депті.
Қожанасырдың өтірік жасы нешеде?

Көшбасшыға сұрақ
Математика пәнінің өмірде пайдасы қандай? Сен математика пәнін не үшін
ұнатасың?

III. Қорытынды бөлім. Қонақтарға сөз беру. Музыкалық нөмірлер.

Ұқсас жұмыстар
Көшбасшылық қасиет
Елім деп соққан жүрегі,алып тұлға - елбасы
Күш анықтамасы
Тақтадағы тірек сөздерді тексеріліп
Оқушылар сабақта өтілген жаңа
Тірек сөздер өзектендіру
Гүлді өсімдіктер, олардың маңызы және топтарға бөлінуі
Жай бөлшектерді көбейту туралы
Түр.Түрдің критерийлері
Немересі қалай өсті
Пәндер