Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Барыс септік

Кошым Алтынгуль Мухымқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
№65 орта мектеп
Қарағанды қаласы

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Барыс септік
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік.Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту. Септік
жалғауларын және сұрақтарын толық меңгерту. Барыс септіктегі сөздердің
қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру.
2.Дамытушылық.Балалардың таным қабілеттерін дамыту,сабаққа деген
қызығушылығын арттыру,сөздік қорын,күнделікті сөйлеу тілін дамыту.
3.Тәрбиелік.дәптермен жұмысты орындау кезінде ұқыптылыққа
тәрбиелеу,білетінін дәлелдей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі:Сызба,ребус,шырша, көк терек, тұлпар суреті, барыстың
үлкейтілген бейнесі.
Күтілетін нәтижесі:Барыс септіктегі сөздерді сұрақ қоя отырып таба біледі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар бүгінгі сабаққа қонақтар келіп отыр. Олар-ұстаздар. Ендеше келген
қонақтарға білімімізді көрсетейік.
Қазақ тілі-өз тілім, ана тілім.
Абай,Мұхтар сөйлеген дара тілім
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дана тілім.-дей отырып қазақ тілі сабағымызды бастайық.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Сызба құрастыру ойыны.Берілген тапсырманы орындағанда оқушы туралы сызба
пайда болады.
1.Ілік септігінің сұрақтары,жалғауларын ата.
2.Қазақ тілінде неше септік бар?
3.Барыс септігінің сұрақтары,мысал келтір.
4.Дүкенге сөзіне сөйлем ойлап айт.
5.Атау септігі туралы

ІІІ. Жаңа сабақ
Ребус шешу арқылы тақырыпты шығару.

Қайшы тау алау Қайталау
-Ендеше бүгінгі сабағымыз барыс септігі бойынша қайталау сабағы екен.
ІҮ.Дәптермен жұмыс
Күнді жазу,оқулықты ашып,307 жаттығуды орындау.
Өлеңді оқып,барыс септігіндегі сөзді тауып белгілеу.
- Нұрсұлтан Әлімқұлов өлеңде не туралы жырлаған?
- Көк терек қайда өседі? Қандай ағаштармен бірге өседі? (шырша,қарағай)
- Мына сөздермен аяқталатын 4жол өлең құрастырып көрейікші.

Шығармашылық жұмыс:
Қысы-жазы жап-жасыл,
Орманда тұр жайқалып
Жаңа жылдың кешінде,
Тұрады әр үй төрінде.

Ү.Тақтамен жұмыс
310-жаттығу Сөйлемдерді жазып , талдау.
Барыс бейнесін құрастыру. Әр бөлігінде тапсырма.(Дүниетанумен байланыс)
1.Арал теңізі балыққа бай.
2.Бүгін театрға барамыз.
3.Біз ертең саяхатқа шығамыз.
4.Салтанат әжесінің кеңесіне құлақ түрді.
5.Бағлан атасына қатты қызығады.
-Биыл қай жыл? Барыс қандай жануар,қайда мекендейді,немен қоректенеді?
Сұрақтарына жауап алу.Біздің өтіп жатқан септігіміз туралы да айтып өту.
ҮІ.Жатқа жазу минуты.
309-жаттығу
Батырға қай көлік
Сай көлік?
Батырға сай көлік-
Сайгүлік! Жазылу ерекшелігіне назар
аудара отырып жаттау,жазу,кітаптан тексеру, қарамен жазылған сөздер
мағынасын ашу.
Тұлпарлар суретін көрсетіп, олардың аттардан ерекшелігін атап өтемін.
Ү.Кім жылдам ойынын ойнайық.Берілген сөздерді орнына орналастыру.
Алмұрт Алмастың ауылға
өзен таудың ұяға
қайық дәптердің жануарға
жұлдыз кірпінің бұлаққа
малдар даланың терезеге
Ү.Бекіту.Венн диаграммасы бойынша Ілік және барыс септіктерін салыстыру.

ҮІІ.Қорытынды Эссе жазу.
Бірнеше оқушыдан тыңдау,парақ дайындап қою.
Мен барыс септігімін.Кімге, неге,кімдерге, нелерге, қайда деген сұрақтарға
жауап беремін.маған –ға,-ге,-қа,-ке жалғаулары жалғанады.жалғаулар дұрыс
жалғанбаса мен сөздермен байланыса алмай қаламын.Тұрлаусыз мүшемін.т.б.
-Барыс септігіне мысао келтіру. Жылдам.
-Бүгінгі сабағымызды өлеңмен бастап едім, енді өлеңмен аяқтайын. Сендер
қолымды көтергенде Қазақ тілі деп айтып отырасыңдар.
Өз тілінде сөйлеп шықты сан ұрпақ,
Қазақ тілі-өз жұлдызың көктегі.
Қазақ тілі-көгіңдегі шамшырақ
Қазақ тілі-өміріңде, өлеңде,
Қазақ тілі-тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі-болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды танытады әлемге.
- Балалар,қазақ тілін жақсы меңгеріп әлемге танытатын сендер екендеріңе
мен сенемін.
ІХ.Үйге тапсырма.308-жаттығу.

-----------------------

Барыс септік

Неге?

Нелерге?

Қайда?

Кімге?

Кімдерге?

Кімнің,ненің,
Септік
тұрлаусыз
мүше кімдердің,
нелердің,

Кімге,неге,
кімдерге,
нелерге,
қайда

Ұқсас жұмыстар
Баланың балаға
Зат есімнің септелуі. 4 сынып
Зат есімнің септелуі туралы
Көмектес септік
Септік жалғауын көрсет
Сөздердің байланысу тәсілдерін ата
Барыс септігі
"Көмектес септік." 4 сынып.
Барыс септігінде тұрған сөзді тап
Шығыс септік. 332-336 жаттығу
Пәндер