Есту мүшесі

Қарағанды облысы Балқаш қаласы.

№1 Балқаш қалалық көмекші мектеп-интернатының география, жаратылыстану пәні мұғалімі Киханова Айнұр Қалықбергенқызы.

Сынып: 9 «В».

Пән: Жаратылыстану.

Сабақтың тақырыбы: Есту мүшесі және оның құрылысы.

Сабақтың мақсаты
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
IV топ
Сабақтың мақсаты: Білім беру
І топ: Есту мүшесі құлақтың маңызы, қызметі және құрылысы жайлы мағлұмат беру.
Сабақтың мақсаты: Дамытушылық
І топ: Зейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін, мәнерлі оқу дағдыларын дамыту.
ІІ топ: Зейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін, мәнерлі оқу дағдыларын дамыту.
ІІІ топ: Зейінін, танымдық қабілеттерін дамыту, жазуға икемдеу.
IV топ: Зейінін, танымдық қабілеттерін дамыту, жазуға икемдеу.
Сабақтың мақсаты: Түзетушілік
І топ: Жазу, оқу арқылы қол икемдерін, сөйлеу мәнерлерін жетілдіру.
ІІ топ: Жазу, оқу арқылы қол икемдерін, сөйлеу мәнерлерін жетілдіру.
ІІІ топ: Жазу, сурет салу арқылы қол икемдерін жетілдіру.
IV топ: Жазу, сурет салу арқылы қол икемдерін жетілдіру.
Сабақтың мақсаты: Тәрбиелік
І топ: Өзін-өзі танып білуге, сабақ барысында өздерін дұрыс ұстай білуге, зейін қоя білуге, бірін-бірі сыйлауға, мәнерлі, толық жауап қайыра білуге үйрету. Эстетикалық талғамын тәрбиелеу. Сабаққа қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі ашық сабақ.

Сабақтың әдісі: саралап деңгейлеп оқыту, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: деңгей бойынша карточкалар, мультимедиялық жабдық.

Пән аралық байланыс: тарих, психология.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу құрал-жабдықтарын, сынып оқушыларын түгелдеу.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Ал оқушылар біз жақында ғана қандай мерекені тойладық? ҰОС 65 жылдығын. Өте дұрыс, бұл қандай мереке?

Ал онда осы мерекені басшылыққа ала отырып, бір-бірімізге жақсы лебіздер айтайық. -Аспанымыз ашық болсын! -Еліміз тыныш болсын!- Тату-тәтті өмір сүрейік.

Осылай сәлем бере келе оқушылар бір-біріне бүгінгі сабақтарына сәттілік тілейді.

III. Жаңа сабақ. Есту мүшесі және оның құрылысы (1 слайд) .

Құлақтың құрылысының суреті.

Сырғимағы Есту жолы Есту сүйектері Иірім түтігі

Құлақ қалқаны

Дабыл жарғағы

Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

? Есту мүшесіне не жатады?

Есту мүшесі құлақ арқылы адам нені қабылдайды?(ауызша сұрақ-жауап)

Жоспар:

  1. Есту мүшесінің маңызы.
  2. Есту мүшесінің құрылысы.

Бізді қоршаған орта түрлі дыбыстарға толы. Құстардың үні, жапырақтың, судың сылдыры, адамдардың дауысы, ән - бұлардың барлығы дыбыс болып саналады. Адам бұлардың барлығын естиді. Есту мүшесі адамға осы дыбыстарды естіп, оларды бір-бірінен айыруға көмектеседі. Есту қабілеті арқылы адамдар бір-бірімен сөйлеседі, информация алады, оқиды. Есту еңбек етуде маңызы зор.

Есту мүшесі бұл - құлақ. Есту мүшесі 3 бөліктен тұрады:

Біріншісі - сыртқы құлақ. Сыртқы құлақ құлақ қалқанынан, есту жолынан, дабыл жарғағынан тұрады. Құлақ қалқаны үстіңгі жағы шеміршекті, ал астыңғы жағы майлы сырғимақ деп аталады. Құлақ қалқанының қызметі ауадағы дыбысты қабылдап, есту жолына өткізу. Құлақ қалқанының бұлшықеттері нашар дамығандықтан, адам дыбыс шыққан жаққа қарай басын бұрады. Есту жолы 30 мм, онда бездер болады. Осы бездердің әсерінен құлық түзіледі. Құлық сырттан келген шаң-тозаңдарды ұстап қалады. Есту жолының ең түбінде сопақша дабыл жарғағы орналасқан. Ол сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады. Екіншісі - ортаңғы құлақ. Ортаңғы құлақта сүйектер (үзеңгі, балғашық, төс) орналасады. Бұл адам денесіндегі ең ұсақ сүйектер болып саналады. Олар сыртқы және ішкі құлақты бір-бірімен жалғастырады.

Үшіншісі - ішкі құлақ. Ішкі құлақта иірім түтігі орналасады. Иірім түтігінде сұйықтық пен нерв талшықтары болады. Ішкі құлақ тікелей мимен байланысты. Дыбыс толқындары құлақ қалқаны арқылы қабылданып есту жолымен жүріп дабыл жарғағына өтіп, оны қозғалысқа келтіреді. Сүйектер арқылы дыбыс толқыны ішкі құлақтағы иірім түтігіндегі сұйықтыққа беріледі. Сұйықтықтың қозғалысы нерв талшықтарын қоздырады. Осы нерв талшықтарындағы қозу миға жетеді. Осылай біз дыбысты естиміз.

Қазіргі кезде сезім мүшелерінің кемістіктері жиі кездеседі. Бірақта орын басу процесі жүреді. Мысалға: көру қабілеті нашар болатын болса, оның орнына есту, сипап сезу мүшелері қызметін атқарады. Бұл орын басу процесі деп аталады. Сондай адамдардың бірі - Ольга Ивановна Скороходова (2 слайд) .

Ольга Ивановна Скороходова - 5 жасында менингитпен ауырып, соның салдарынан көзі көрмейді, біртіндеп сол құлағы естуден қалады. Уақыт өте екі құлағынан айрылады. Құлағы естуден қалғаннан кейін сөздік қоры азаяды. Скороходованың өмірінде көз бен құлақ орнына иіс сезу, сипап сезу қызмет атқарады.

Ольга Ивановна Скороходова өмірімен тығыз байланысты еңбектер (3 слайд) .

Ольга Ивановна Скороходова бірде көрмеге барып, онда А. С. Пушкиннің бейнесін қолымен сипап ұстай отыра оның дұрыс жасалмағандығын айтады (4 слайд) .

Сөздік жұмыс.

Сырғимақ - сырғаның орны.

Дабыл жарғағы - ортаңғы құлақты сыртқы құлақтан бөліп тұрады.

Иірім түтігі - ұлу тәрізді дене.

Дәптермен жұмыс.

1-2 топ оқушылары арнайы карточкада берілген есту мүшесінің бөлімдерін қысқаша дәптерге жазу қажет.


Ұқсас жұмыстар
Мұрын - иіс сезу мұшесі. тіл- дәм сезу мүшесі. 3 сынып дүниетану
«есту мүшесі. құлақтың құрылысы»
Есту мүшесі және есту анализаторы
Сезім мүшелері. құлақ - есту мүшесі. мұрын - иіс сезу мүшесі, 1 сынып
Есту мүшесі туралы
Сүйекті балықтардың құрылысы және тіршілік әрекеті. 7 сынып
Сезім мүшелері. 8-сынып
Сыртқы қабат - энтодерма
Сүйекті балықтар
Адамның сезім мүшелері. 1 сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz