Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қош бастауыш мектебім

Тақырыбы: Қош бастауыш мектебім.
Мақсаты:

Білім негізі,іргетасы-бастауыштан қаланатынына ерекше
мән беру.алған білімдері мен жетістіктерін іс жүзінде
көрсете білу.
Отансүйгіштікке баулу,жағымды мінез-құлық мәдениетіне
білімді,саналы ұрпақ болып өсуге жетелеп,бағыт-бағдар
беру.
Бағыты:
1. Мұғалімнің құттықтауы.
2. Слайд.
3. Оқушылар концерттік бағдарламасы.
1) тақпақтар
2) хор:Сәлем саған мектебім.
Ұстазым менің.
Қайырымдылық жолында
Үш бақытым.
Ағылшын әні.
Қош бол,бастауыш.
3) жеке орындаулар:
ән.Аяулы ана.
би.папури:орыс биі,грузин биі,қазақ биі,
өзбек биі.
ән.Арнау.қыздар квартеті.
ән.Бала тілегі.
КВН.
ән.Вополе береза стояла
ән.Ұстазым
би:Қаражорға.
4.ата-аналармен ұстаздар құттықтаулары.
1. Алғы сөз.сынып жетекші:Гүлбану Маратқызы
Бұл оқу-тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас,біле білсең білім озар.
Ақыры керек болар бір сасқанда.-деп Міржақып ақын
айтпақшы,тарыдай болып кіріп,ақыл-ойлары толысып,оң мен солдарын
танып,жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттерімнің
ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Қош бол,бастауыш мектебім»кешін бастауға
рұқсат етіңіздер.Қош келіпсіздер,құрметті ата-аналар,қымбатты
әріптестер,оқушылар!
Бүгінгі күн-осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі
сол,осыдан 4жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз
оқып-біліп,қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.осы
қуанышты да қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Шәкірттеріме тілерім:Егеменді еліміздің көк байрағын биіктен желбіретер
ақылды,білімді,ел билейтін ұлы,көркейтетін қызы болыңдар дегім келеді.
Ата-аналар!Балаларыңыздың бастауыш білім басқышынан жоғары сыныпқа өткені
құтты болсын.Балалар бәрімізге қуаныш,бақыт әкелсін! Құттықтау сөз кезегін
оқушыларыма беремін.

1- жүргізуші:
Армысыздар құрметті:ұстаздар,ата-аналар.
Бастауышпен қоштасу, дәстүрлі мерекемізге қош келдіңіздер!

2- жүргізуші:
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың,
Жүргенін көрген бір мұрат-дегендей,мұны көру де бір бақыт деп
ойлаймын.Сіздердің алдарыңызда тұрған мына біздер,4-ші сынып оқушылары
осыдан төрт жыл бұрын 6 жасар бала болсақ,бүгін міне,ес біліп,етек жиған
шәкіртпіз.

1- жүргізуші:
Бұл күнге жәйдан-жай жете салмағанымызды ескерсек,бүгінгі күні сіздердің
алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттеріміз де аз емес.Бір сәт елестетер
болсақ.......
(слайд көрсетіледі.)
2- жүргізуші:
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап,әліппемен қоштасу,дәстүрлі
наурыз тойлары,аналар мерекесіне арналған ән шашулар,жаңа-жыл
мерекесі,түрлі сайыстар,әдеби кештер,ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары
біздің есімізде мәңгі сақталары сөзсіз.
1- жүргізуші:Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,
Кез келді сіздерден ақ бата алар.
Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерін,
Бар қауым тамсана таңдай қағар.
(музыка әуеніне ілесіп ұл-қыздар ортаға шығады.)
Ұлдар:Ассалаумағалейкум,ағайындар!
Қыздар:Армысыздар,аяулы ұстаздар,ақ жаулықты аналар,ардақты әкелер!
Барлығы:Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!

1- оқушы:
Бала шаққа болшақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар,ұстаздарым қымбатты!
2- оқушы:
Армысыздар аталар мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Фарабидей бабалар.
3- оқушы:
Армысыздар,өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат болып кешегі сәби еркелер.

4- оқушы:
Армысың сен, алтын ұям мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.
2- жүргізуші:
Алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкемізде, анамыз да тәлім алған.
Келесі кезекте шырқалар «Сәлем саған мектебім» әнін мектебімізге арнаймыз.
5- оқушы:
Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.
Енді міне, сағымдай өте шықты,
Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден,
Ел танымас азамат бір-бір мықты.
6- оқушы:
Маған ұстаз үйретті,
Әліппесін өмірдің.
Жан жүйемді билетті,
Күйі шалқып көңілдің.
Қиялымды кездірді,
Таптың ойдың тұрағын.
Маған ұстаз сездірді,
Алдағы өмір шырағын.
7- оқушы:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт басын саған иеді.
1- жүргізуші:
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен бастауыш сынып
мұғалімдеріне арнап «Ұстазым менің» әні шырқалады. Қабыл алыңыздар.
8- оқушы:
Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген,
Дүние тану сабағы.
9- оқушы:
Адамдыққа үйреткен,
Жамандықтан жиренткен.
Тілімізді ширатқан,
Ана тілі сабағы.

10- оқушы:
Тез үйрендік әділ менен адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолын сенің балғын,
Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.
11- оқушы:
Мектеп-үйім, ұстаздарым-ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
12- оқушы:
Өз аузына қаратқан, ұстаз ойын ұғамыз,
Сүйтіп әрбір сабақтан, сәл есейіп шығамыз.
Көкке жетіп төбеміз, жеңілденіп тарқаймыз,
Талаптанып келеміз, қанаттанып қайтамыз.
13- оқушы:
Ана тілімен табалдырықты аттадық,
Орыс тілін қосып бірге жаттадық.
Жанна апай мен Ақнұр апай арқасында,
Орысша еркін сөйлей бастадық
2-жүргізуші:анаң тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.-дегендей келесі орындалар тамаша
тақтпағымыз орыс тілі,ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналады.
Тақпақ:Аружан, Айболат,Алишер
14-оқушы:
Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Баласындай шын жүрекпен тең көрді.
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
«А» әріпін сенен алғаш жаттадым.
Ұстаздарым естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жылы шуақ шашқаның.
15- оқушы:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз
білімділікке, әдемілілікке, әдептілілікке, адалдыққа,
әділдікке жалпы көп нәрсеге баулыды. Сондықтан да,
ұстазымызға мың алғыс.
16- оқушы:
Балғын шақта келіп едім,
Бал қызыққа еніп едім.
Тағдырымның билігін де,
Сеніп сізге беріп едім.
Жүзің жылы, құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен,
Биіктерге шығамын мен.

1-жүргізуші:Келесі шырқалар әніміз Отанымызға,туған жерімізге арналады.
ән:Үш бақытым.
17-оқушы:
Әкешім ұғып жанымды,
Ойладың әркез қамымды.
Тілегімді тілеумен,
Атқыздың талай таңыңды
18-оқушы:
Әжетайым тірегім,
Кеудемде соққан жүрегім,
Шаттансам шығып қияға,
Қиналсам сенде жүдедің.
Өзің деп білем күн көктем,
Қызметін де көрсеткен,
Бар жылылық бойыңда,
Ұлы едің әже сен неткен.
19-оқушы:
Аман болшы қашанда ана жаным,
Анашым ыстық маған алақаның.
Жан сүйсінтер жүректі елжіретіп,
Ұлым деп еркелете қарағаның.
Аналарымызға арнап «Қайырымдылық жолында» әнін тарту етеміз.

20-оқушы:
Ақылшы асыл ұстазым,
Өзіңе мен де ұқсармын,
Жеткенше қайрат күш әлім,
Биікке самғап ұшармын.
21-оқушы:
Толқып қорқып төрт жыл бұрын,
Мектепке біз келгенбіз.
Қоңырауды алғаш естіп,
Сыныпқа біз енгенбіз.
Бірінші сыныптың мұғалімі,
Анар апайды көргенбіз.
Жақсы оқып тәрбиелі,
Болуға серт бергенбіз.
22-оқушы:
Әр отбасы еркесінің бабын таба білдіңіз,
Ұстаздықтың қиын жолын көтеріп сіз жүрдіңіз.
Біз кішкентай болсақ та,сізге үмітпен қарадық,
Басқа ұстаздар алдында енді,оқуға біз жарадық.
23-оқушы:
Болашақтың үлкен жолын сізден сызып бастадық,
Еркеліктің,жалқаулықтың көптүрін біз тастадық,
Жылы сөзбен қарсы алып, бізді баурап алдыңыз,
Үйретем деп түрлі білім біраз шаршап қалдыңыз.
24-оқушы:
Түрлі-түрлі пәндерді де,оқитын болдық ержетіп,
Қателік болса жіберген түзетелік тездетіп,
Мықты болса ұстазың,мінді өзіңнен іздегін,
Игере алмай қиналсаң,біреуден көріп жүрмегін.
Хор:

2-бөлім
1-жүргізуші:
Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан,білім нәрімен
сусындатып, білімнің ірге тасын қалаған бастауыш сыныппен қоштасқалы
отырмыз.

2-жүргізуші:
Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп,суығымызға тоңа білген,оңымыз
бен солымызды танытқан,жақсыдан үйренуге,жаманнан жиренуге баулыған алғашқы
ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
Келесі өлең шумағы ұстазымыз Гулбану Маратқызына арналады.
Қадыр МырзаӘлидің өлеңі «Мұғалима» мәнерлеп оқитын Дияс
1- жүргізуші:
Мен өнерліге қайран қалам,
Халық десе алаулап жайрандаған.
Сахнаның төрінде тамсандырып,
Ән салады Аружан жайраңдаған.
Бейнелеу, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арнаймыз. Ән «Бала тілегі»

2- жүргізуші:
Өнер – білім, егіз ұғым екендігін таныттық
Бойымызға бар өнерді жиып – теріп дарыттық,
Биін билеп берелік енді, бүгін біздер сіздерге.
Көршілес жатқан туысқан – дос, әр ұлттың. Би: «өзбек» биі
1- жүргізуші:
Өнер десе ішкен асын жерге қояр халықпыз,
Балалықты артқа тастап есейіпте қалыппыз.
Болашақтың кілтін ұстап бір – бір маман боламыз,
Бойымызға жиған – терген білім нәрін алып біз
Деп «жеті лақ пен қасқыр»ертегісінен көрініс тамашалаңыз.
2- жүргізуші:
Өнер бар ма қазақ халқы құр қалған,
Өнер шыңы пәктігімен тұрды алдан.
Бал құрақтай көлге біткен балауса,
Би құдырет мың бұралып ырғалған.
Би.
1- жүргізуші:
Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,
Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің,
Кең құшағың аясында гүл бақтың.
Ардақты аналар келесі шырқалатын тамаша ән сіздерге арналады. Ән «Әкешім
-анашым» орындайтын Ділназ бен Ернур
2-жүргізуші:
Өмірде ата-анаңмен бауыр қымбат,
Тай құлындай бірге өскен достар қымбат.
Сусындатып білім беріп үйреткен,
Ұмытылмас дара тұлға ұстаз қымбат.
ән: «Әгугай домбыра»

Ұстаз сөзі.Мен сендерге сенемін.

ән «Ертегілер елінде» орындайтын Мира, Самал,Азиза

(Барлығы қайтадан сахнаға көтеріледі.)
Бәрі бірге: Балалықпен тәртіп бұзсақ, кешіруді сұраймыз,
Терең білім алуды енді, мақсат етіп шыңдаймыз.
Алтын ұя мектеп даңқын, даралап тағзым етеміз,
Білімді әрі жалғастырып, арманға біз жетеміз.
Хор: ән «Қош бастауыш»
1- жүргізуші:
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғадым.
«Бастауышпен қоштасу» салтанатымыздың рәсіміне орай сөз кезегін
мектебіміздің бастауыш сынып меңгерушісі Гүлбану Жеңісқызына береміз.
2- жүргізуші:
Өмір бойы біздің ыстық – суығымызға төзіп, бірге бөліскен, түн ұйқысын төрт
бөлген ата – аналарымыздың атынан
сөз береміз.
1- жүргізуші:
5- ші сыныпта да сіздердің көңілдеріңізден шығуға тырысамыз,
сабағымызды жақсы оқимыз – деп ант береміз. Сау саламатта болыңыздар.

Ұқсас жұмыстар
Басталған балалық көктемім, Қош бол, бастауыш мектебім
Бастауыш білімнің бұлағы
Мектеп вальсі
Қош бол, сүйікті бастауышым
Шуағын төккен 4 жыл (бастауышпен қоштасу ертеңгілігі)
Әліппе хан
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Бастауышпен қоштасу 4-сынып
Бастауышпен қоштасу жайлы ақпарат
Бастауышым - балбұлағым сценарий
Пәндер