Ұлттық өлшемдер

Ұлттық өлшемдер
Қазыбек Ардақ
Қостанай облысы, Наурызым ауданы,
Қарамеңді ауылы, Жамбыл орта мектебінің
технология пәні мұғалімі
Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында ұлттық құндылықтарымыздың бір бөлігі қолданбалы қолөнерімізді зерттеу, оны ары қарай дамыту іс-шаралары қолға алынып жатқан осы сәтті пайдаланып, еліміздің орта мектептерінде жүргізілетін технология пәнінің бағдарламасына енгізу арқылы он саусағынан өнер тамған шебер ата-бабаларымыздың өз саусақтары арқылы өлшем алу жолдарын келешек ұрпақтарымызға үйректсек деген пікірімізді ұсынып отырмын.
Ерте заманнан бастап қазақ халқы өз қолының саусақтарын өте дәлдікпен өлшемдер алуға пайдаланып келгені баршаға мәлім. Ерте кезде халық арасында «шеберлердің өлшеуіші әр қашанда өзімен бірге жүреді» деген сөз бекер айтылмаған. Себебі, біздің ата-бабаларымыз өзіне керекті қандай бір өлшемді қолының саусақтарын, буындарын пайдаланып өлшеп отырған. Осы өлшемдер кейіннен пайда болған халықаралық өлшем бірліктерімен сәйкес келген. Сондықтан да келешек ұрпақтарымыз халықаралық біріккен стандартпен қатар өз халқымыздың бұрыннан келе жатқан өлшем алу жолдарын қатар меңгерсе артық болмас.
Қолдың саусақтарын пайдалана отырып өлшем алу жолдарын игерудің мақсаты:
- оқушыларды ұлттық құндылықтармен сусындандыру;
- кез келген жағдайда өлшем ала білуге дағдыландыру.
Тапсырма №1
Саусақтарыңның барлық өлшемдерін сантиметрмен өлшеп кестені толтырыңдар:
- Кереқарыс
- Қарыс
- Сүйем
- Сынық сүйем
- Бір елі
- Екі елі
- Үш елі
- Төрт елі
- Алақан жабар
- Бір буын
Өлшемдеріңді кестеге толтыру үшін төмендегі тәсілдерді қолданамыз:
- сызғыш немесе мататадан жасалған метрдің «0»-іне басбармағының ұшын қойып өлшейсің;
- кере қарыс, қарыс, сүйем, сынық сүйемдердің өлшемін аларда саусақтарыңды жақсылап керіңдер.
Тапсырма №2
Отбасы мүшелерінің өлшемдерін кестеге толтырыңдар:
1. Кереқарыс
- Қарыс
- Сүйем
- Сынық сүйем
- Бір елі
- Екі елі
- Үш елі
- Төрт елі
- Алақан жабар
10. Бір буын
Тапсырма № 3
Өзіңнің қандай да бір көйлегіңді алып, оның өлшемдерін дәстүрлі тәсілмен өлшеп кестені толтыр:
Кере қарыс
Қарыс
Сүйем
Сынық сүйем
Бір елі
Екі елі
Үш елі
Төрт елі
Алақан жабар
Бір буын
- Көйлектің ұзындығы
- Жеңнің ұзындығы
- Етектің кеңдігі
Тапсырма № 4
Дәстүрлі өлшемдерді сантиметр өлшемімен салыстырып жаз:
Өлшем
Көй-
лектен
алынған
өлшем
Кере қарыс
Қарыс
Сүйем
Сынық сүйем
Бір елі
Екі елі
Үш елі
Төрт елі
Алақан жабар
Барлығы
Көйлектің
ұзындығы
1. Тапсырманы орындау үшін мысал: 3-ші тапсырмада сенің дәстүрлі тәсілмен өлшеген көйлектің ұзындығы 6 қарыс, бір сынық сүйем болса:
2. Бірінші тапсырманы пайдаланып см-ді толтырамыз.
Мысалы: сенің бір қарысың 18 см, сынық сүйемің 13 см болса:
6 қарыс х 18 = 108
1 сынық сүйем х 13 = 13 см.
Дәстүрлі өлшем түрлері
Қарыс - оң қолдың бас бармағының ұшынан бастап ортаңғы саусағының ұшына дейінгі өлшем
Сүйем - Бас бармағының ұшынан бастап сұқ саусағының ұшына дейінгі өлшем, шамамен 17 см-ге ең.
Сынық сүйем - бас бармағының ұшынан сұқ саусағының екінші буынына дейінгі өлшем, шамамен 13 см-ге тең.
Бір елі - сұқ саусақтың жалпақтығы, шамамен 1, 5-2 см-ге тең.
Екі елі - Сұқ саусақ пен ортаңғы саусақтың жалпақтығы, шамамен 3-3, 5 см-ге тең.
Үш елі - үш саусақтың жалпақтығы, бұл шамамен 4, 5-5 см-ге тең.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz