Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Туған жерді сүю парыз, Туған жерді күту - парыз
Табиғат – тал бесігіміз
Мақсаты: Балаларды табиғат әсемдігін көре білуге, оны аялауға, қорғауға
тәрбиелеу, экологиялық білімділік, ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: табиғат тақырыбына арналған нақыл сөздер, букеттер, альбомдар,
кітаптар.
Мұғалім: Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Атамекен» бағдарламасының
«Заман-ай» бағыты бойынша жұмыс жүргізіп келеміз. «Заман-ай»
бағытының мақсаты табиғатты сақтау, туған жер табиғатына деген
сүйіспеншілікті арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру.
Жалпы, табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс-секені, тіршіліктің
түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні.
Жалпы, халық ұғымында табиғат деген сөз жер, аң, туған жер, атамекен
сөздерімен қатар тұрады. Олай болса, тәрбие сағатымыз да табиғат туралы
болмақ.
Олай болса,
Егемендік нышаны жарқын жастық,
Болшаққа сеніммен қадам бастық.
Көркейтейік туған жер табиғатын,
Кең даламда жайқалсын алтын астық —
деп сайысымызды бастаймыз. Әр топ өздерін таныстырады, әрі ұрандарын
айтады.
2) Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын,
Қосатұғын күре атын, боз атын.
Басталады «бәйге» атты жарысымыз,
Шықсын шәкірт шыңдарға қол созатын, -деп келесі кезеңіміз сұрақ-жауап.
3. Ну орман, жасыл орман, мынау орман,
Далаға қорған болып тұра қалған.
Барлығы баласындай бір-ақ үйдің,
Барлығы жаралғандай бір адамнан.
О, құдірет, неткен шалқар күй ең сен,
Бүгін менің жиі еңсем.
Осылай да ойланып қой, адамдар,
Жығылмайсын орманыңа жүгінсең —
деп үшінші кезеңіміз мақал-мәтел жарысы. Жалғасын табу
4. Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламыз бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен асып тұрғандай бар тынысын —дегендей ендігі кезеңіміз «Құлақтан
кіріп бойды алар!» табиғат тақырыбына ән орындау не өлеңді жатқа оқу
5. Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,
Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен армансың, сен бұлақсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған —деп бесінші кезең «Егер сен ... болсаң!»
кезеңі өз ойларын айтады.
6. Табиғат егіз адаммен,
Ұқсастық табам содан мен,
Мәңгілік болсын егіздер,
Жер — Ана, көл, теңіздер. Келесі кезеңіміз «Табиғат – Ана» суретті қорғау
7. Туған жерді сүю парыз,
Туған жерді күту –парыз.
Сүю үшін білу – парыз,
Қасиетін ұғу парыз,
Күзетінде тұру парыз — деп, Мұзафар Әлімбаеватамыз айтқандай кең байтақ
еліміз жайлы, туған жердің табиғаты жайлы, аң-құстары, өсімдіктері жайлы
білу керекпіз. Ендеше табиғаты жайлы білімдеріңді байқап көрелік, ендеше
келесі кезеңіміз «Табиғатым — тұнған байлық». Өз туған жеріміз
«Аққұм» ауылының тарихына, онда кездесетін өсімдіктер, құстар, жануарлар
жайында не білеміз соған тоқталып өтейік.
1. Ақыл-дария алсаң да таусылмайды, Жер –қазына саусаң да таусылмайды
2. Аяз, әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл
3. Ерді талап ұшырар, Құсты қанат ұшырар
4. Атасы жер жырта білмегеннің
Баласы тұқым себе алмас
5. Алтын болмаса, зергер қор болар..
Жер болмаса диқан қор болар
6. Адам ұйымшыл.. Мал үйіршіл
7. Жері азған елде
Тоқшылық болмайды
8. Көлдің көркі – құрақ
Таудың көркі – бұлақ
9. Тары жеген тарықпас
10. Диқан жауында тынығады..
Балықшы дауылда тынығады
11. Сағадағы су ішеді
Аяқтағы су кешеді
12. Сөз анасы – құлақ
Су анасы-бұлақ
13. Орманшы ... отынға жарымайды
14. Көп жүрген жер –көл..
Құм жүрген жер – шөл
15. Дауылды күні құс салма..
Жауынды күні жылқы алма
16. Ойдағы үй селдікі..
Өрдегі үй – желдікі
Жазықтағы үй елдікі
17. Диқан еккенін жейді..
Жылқы тепкенін жейді
18. Дауылдың алды – жел
Жаңбырдың арты – сел
19. Ағаш жапырағымен, жер топырағымен
20. Атына қарай тұрманы
Егінге қарай қырманы
21. Құстың жайын салған білер
Құдық жайын қазған білер
22. Ақсақ қойдың аузына,
Жел айдаған қаңбақ түсер
23. Мезгіл жетсе мұз да ерір
24. Батар күннің, атар таңы бар
25. Жер – қазына
Су – гауһар
26. Қой семірсе – құт
Ешкі семірсе – жұт
27. Қыран жүйрік пе
Қиял жүйрік пе?
28. Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас
29. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол
30. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық
Сұрақ-жауап
1. Қазақстанның «Қызыл кітап» қай жылы шықты?
(1978 жылы)
2. Ауыл жылын қай жылдар еншіледі?
(2003-2005 жылдар)
3. Көктемгі төл шөптердің ішінде шаруашылық үшін ең пайдалы шөп?
(мортық)
4. Қазақстанда неше қорық бар?
(9 қорық бар. Ақсу-Жабағылы, Алматы қорығы, Барсакелмес, Наурызым,
Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт, Алтай қорығы, Алакөл қорығы)
5. «Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға» өлеңінің авторы кім? (Абай)
6. Қазақстан территориясында күріш қай облыста өсіріледі? (Қызылорда)
7. Тосын желді не деп атайды? (Құйын)
8. Судың деңгейінен көтерілуі не деп аталады? ( тасқын)
9. Қазақстан қандай елдермен шектеседі?
(Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Туркменстан)
10. Сырдария жағасындағы биіктігі 2-3см болатын бұта тектес
ағаш?(жыңғыл)
11. Шөл даланың көп жылдық тікенікті өсімдігі? (жантақ)
12. Әлемдегі ең бай кім? (жер қойнауы)
13. Сырдың «сары алтыны» дегеніміз не? (күріш)
14. Біздің өзен-көлдердің ең ірі тұрғынын ата? (жайын)
15. Өзен «санитарын» ата? (шаян)
16. Суға түсті, жүзді, сүңгіді. Бірақ үсті құрғақ, ол кім? (үйрек)
17. Өсімдіктің қай бөлігі таза оттегін бөледі? (жапырақ)
18. Қызылорда жеріндегі дәрілік өсімдіктерді ата? (жусан, адырыспан,
шашыратқы, бақ-бақ т.б)
19. Дәмді аяғымен сезетін жәндік? (шыбын)
20. Бөкеннің лағын қалай атайды? (құралай)
21. Қызыл кітапқа енгізілген тоғайлы өңірдің ағашы? (тораңғыл)
22. Өзі жәндік және жіп шығарады? (өрмекші)
23. Біздің облыстағы ірі өнеркәсіптің салынуына себеп болған өсімдік?
(қамыс)
24. Бақаның бақшадағы пайдасы? (шыбын-шіркейлерді құртады)
25. Сырдария өзенінің бұрынғы аты? (сейхұн)
26. Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың (жаңбыр)
27. Далада аттай тулайды,
Әуеде құстай зулайды (жел)
28. Бар ма, жоқ па оны білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
29. Сауыттан мықты шапаны,
Жәндіктің нағыз шабаны (тасбақа)
30. Қандай құс ұя жасамайды, жұмыртқасын өзі баспайды? (көкек)
Қасымбекова Гүлден
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz