Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тазша баланың ауылына келіпте жеттік

Халел Досмұхамедов атындағы №4 жалпы орта мектебі

2 сынып

Тақырыбы: "Бақта".

Пән мұғалімі: Қамбарова Г. А.

Шымкент 2011ж

Сабақтың тақырыбы: Бақта

Сабақтың мақсаты:а)білімділік:"Бақта" мәтінін оқу аудару.Мәтіндегі жаңа
сөздермен жұмыс жүргізу.Жеміс,көкөніс аттарын қазақ тілінде меңгерту.
ә)дамытушылық: оқушылардың сөйлеу мәнерін,байланыстыра сөйлеу
дағдыларын,сөздік қорларын,өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
б)тәрбиелік: табиғатты аялай білуге,отанын елін,жерін сүюге тәрбиелеу.
Ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың көрнектілігі: Бақ көрінісі плакаттағы сурет,ойын саяхат картасы,
жемістер мен көкөністердің суреттері бүктемелер,жыл мезгілдері суреттер,
карточкалар.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру,талдау-жинақтау,әңгімелесу.

1 Ұйымдастыру кезеңі.
- Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Арайлайды қаламыз,
Арайлайды даламыз.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Психологиялық сәт.

- Балалар, бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.
- Аспанымыз ашық болсын !
- Деніміз сау болсын !
- Сабақты жақсы оқы !
- Ата-анаңның айтқанын істе !
- Тәртіпті бол !
- Ауырма !
- Мұғалімді сыйла !
- Еліңді жеріңді сүй !

2 Үй тапсырмасын сұрау !
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады ?
- Күз айларын атаңдар.
- Күзде не піседі ?
- Құстар не істейді ?

3 Жаңа сабақ .
а) сөзжұмбақты шешу.Осы сөзжұмбақты шешсеңдер бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
шығады.
|  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |
|  |  |  |1 |  |  |  |  |  |  |
|2 |  |  |  |  |  |  |  |  |  |
|  |  |  |3 |  |  |  |  |  |  |
|  |  |  |4 |  |  |  |  |  |  |
|  |5 |  |  |  |  |  |  |  |  |
|  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |

- Сендер саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма ?
- Дайынбыз.
Тазша бала бүгін сендердің сабақтарыңа келемін деп келе алмай қалыпты.
Енді Тазша баланың жағдайын білуге барып келейік.

Карта схемасымен ойша саяхатқа шығамыз.
1) Мынау мектеп.Мектепте біз білім аламыз.Білімдеріңді байқап көрейік
- Біз қай республикада тұрамыз ?
- Қазақстан республикасының астанасы қай қала ?
- Президенті кім ?
- Аптаның қай күні ?
- Күзде не піседі ?
- Жасың нешеде ?
- Нешінші сыныпта оқисың ?
2) Мектептен шығып аялдамаға келейік.Барлығымызда жол ережесін сақтап,
бағдаршамға қарап жүруіміз керек.
Үш көзді батыр,
Бағыт берер батыл.
Үш көзі үш түрлі.
Қызыл,сары,жасыл.
3) "Дүкен" аялдамасы.Мұнда сендер күз,жемістер жайлы тақпақтар айтып
берулерің керек.
1-оқушы
Сентябрь- қыркүйек
Көкөніс жүрміз тиеп.
Октябрь-қазан,
Дала-тозаң.
Ноябрь-қараша
Ақ, қара-алаша.

2-оқушы
Сары алтындай,сары күз,
Қамбадағы дәніміз
Шелек-шелек болады.
Ағыл-тегіл ағымыз.
3-оқушы
Миуа пісіп,балбырап,
Маужыраған қоңыр күз.
Алма пісіп албырап,
Көзді тартқан қоңыр күз.
4-оқушы
Күзім-ау,күзім-ау !
Мінезің бұзық-ау,
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау!

Өрік
Мен өрікпін,өрікпін.
Бау-бақшаға көрікпін.

Алма
Көркейткен ауланы,
Көріңдер алманы.
Тіліңді үйірер-
Шырынды бал дәмі.

Жүзім
Жүзім жедім,
Үзіп жедім.
Жіпке алтауын
Тізіп жедім

4) "Асхана" аялдамасы жұмбақтар шешеміз.
Аласа тауда алуан алма,
Алқызыл болмай,аузыңа салма (қызанақ)

Жер бетінде шашы бар,
Жер астында басы бар. (Сәбіз)

Көк ала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді (Қарбыз)

Түрі шар сияқты,
Түсі қып қызыл,
Дәмі бал сияқты (Шие)

5)Аялдама "Бақ" балалар сендер баққа кіріп алма теруге, жинауға дайын
екенсіңдер.Олай болса жаңылтпаш тыңдайық,сонан соң мәтінімізді оқып,
аударамыз.

Жаңылтпаш
Көк базарда бәрі бар,
Барып,барып, бәрін ал.

6)Мәтінмен, суретпен жұмыс.
3 -тапсырма
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді жаз.

... келді. ... жылы жаққа ұшты. ... құстармен қоштасты.

Керекті сөздер: балалар, құстар, күз.

Ауыл аялдамасы
7)Енді алма жинап алып Тазша баланың ауылына барайық.Тазша баланың
ауылына келіпте жеттік.Тазша айтады балалар жеміс-көкөніс туралы неше
түрлі жұмбақтар,өлең- тақпақтар біледі екен.Ал, енді қандай мақал-
мәтелдер біледі екен деп сұрайды.

1 Ағашы аласа болсада,
Алмасы тамаша.
2 Мәуелі ағаш майысқақ.
3 Мәуесі бардың әуесі бар.
4 Жері байдың елі бай.
5 Жемісті ағаштың басы төмен.

8) Пысықтау сұрақтары:

- Мынау суретте не бейнеленген ?
- Бақ.
- Бақта не өсіп тұр ?
- Алма
- Балалар не істеді ?
- Балалар алма жинады.
- Күзде не піседі ?
- Күзде көкөністер, жемістер піседі.
- Жемістерді атаңдар.
- Көкөністерді атаңдар.

Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге: Мәтінді оқу, аудару, 5 – тапсырма. 49-бет.

-----------------------
1 Рыба
2. Яблоко
3. Город
4. Камень
5. Брат

Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз елдің көшбасшысы
Оқушылардың сөйлем түрлерінен алған білімдерін бекіту
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз, тәрбие сағаты
Ондық бөлшектер тарауына қайталау
Cәлем саған мектебім!
Наурыз мейрамы
Ауыз әдебиеті - асыл мұра. 5-7 класс
Қазақ баласын қалай тәрбиелеген?
Мыстан кемпір
Жеңіс келді әке боп, Елдегі көп балаға
Пәндер