Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тікбұрышты параллепипедтің бізге бағытталған жағы тікбұрыштың формасында

Сабақтың тақырыбы: Параллепипедтер
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларды геометриялық фигура параллепипедпен таныстыру,
білімдерін жетілдіре түсу.
ә) Дамытушылық: Алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыру.
Логикалық ойын дамыту.
б) Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа, зейінділікке, ұйымшылдыққа, тәртіпке
баулу.
Сабақтың типі: Практикалық іскерлік пен машықты қалыптастыру
Сабақтың түрі: Біріккен сабақ.
Сабақтың әдісі: Ауызша жаттығу, оқулықпен жұмыс, өзіндік жұмыс, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, көңілдерін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Кәне, сабағымызды бірі-бірімізге жақсылық тілеуден бастайық. Балалар,жүрек
тұстарыңды ұстаңдар. Қолдарыңды кеуделеріңе қойыңдар. Қалай соғып тұрғанына
құлақ түріңдер: дүрс-дүрс жүректеріңнің орнында мейірімді күннің бір
бөлшегі тұр деп елестетіңдер. Оның жылы да жарқын сәулесі денелеріңе,
қолдарың мен аяқтарыңа таралуда. Көптігі сондай, бойымызға сыятын емес.
Келіңдер, аздап жылу мен жарықты бір-бірімізге сыйлайық. Ал күлімсіреу
арқылы бір –бірімізге жақсылықты да тілейік.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Поезд ойыны.
-Балалар поезд ойынын ойнайық. Мен сендерге сұрақтар қоямын. Сендер
біріңнен кейін бірің жауап бересіңдер.
- 9 бен 6 көбейтіндісі.
- бірліктер класын ата
- 72 мен 8 бөліндісі
- 1 дециметрде неше сантиметр бар?
- көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін айт
- мыңдар класын ата
- өрнектің түрлері
- 60 пен 3 көбейтіндісі
- көбейту мен бөлудің ерекше жағдайлары
- азайту амалының компоненттері
- 210 мен 30 бөліндісі
- көбейтудің үлестірімділік қасиетін айт
- тәуліктің жартысы неше сағат құрайды?
- қозғалысқа берілген есептер қандай шамаларды қарастырады?
- Көбейтудің терімділік қасиетін айт
- 2 арда неше квадрат метр бар?
- Тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең?
- Тік төртбұрыштың периметрін табу тәсілі

Математикалық лото.

|10 |43 |
| 40 |88 |

(34+10)∙2=88 (15+5):2=10
90-10∙5=40 69:3+20=43

3.Жаңа материалды түсіндіру.
Суреттегі фигураны-текше, оның үш өлшемі бар: ұзындығы, ені, биіктігі.
Оның 8 төбесі бар. Оның 2 төбесін қосатын кесінді қабырғасы деп аталады.
Текшеде 12 қабырға бар. Текшенің 6 жағы (алдыңғы, артқы, төменгі, жоғарғы,
оң жағы, сол жағы) бар.
Текше сендерге өте таныс фигуралардың бірі. Өйткені, бала күнінде сен
кубикпен ойнаған боларсың. Бірақ сонымен бірге текше өте маңызды
геометриялық денелердің бірі. Ұзындығын кесінділермен, ауданын шаршымен, ал
көлемі мен сыйымдылығын текшемен өлшейді.
Текше-бұл үш өлшемі: ені, ұзындығы, биіктігі өзара тең болады. Текшенің
алты жағы шаршы болып келеді.
Келесі суреттегі фигураларды салыстырайық. Не байқадыңдар? Олар текше бола
ма?
Бұлар тік бұрышты параллепипедтер. Өмірде әр түрлі формадағы заттармен
кездесеміз. Чемодан және футбол добы бірдей түсті болуы, олар бір
материалдан жасалуы мүмкін. Бірақ чемодан мен доп бір-біріне мүлдем ұқсас
емес, олардың формалары әр түрлі.
Әр түрлі формадағы заттарды жиі кездестіруге болады. Олар түрлі
материалдан жасалуы және түрлі-түсті болуы мүмкін, бірақ формалары бірдей
болуы мүмкін. Мысалы: чемодан, шкаф, теледидар. Бұл заттардың формалары
ұқсас. Бірақ ұсақ айырмаларына көңіл бөлмесе, олар формасы бойынша суретте
көрсетілгендей тікбұрышты параллепипед деп аталатын фигураны еске түсіреді.
Тікбұрышты параллепипедтің бізге бағытталған жағы тікбұрыштың
формасында. Бұл - тікбұрышты параллелепипедтің алдыңғы жағы. Дәл осындай
алдыңғы жағына тең тік төртбұрыш-оның артқы жағы.Біз оны көрмейміз.Жоғарыда
және төменде тағы да екі жағы болды. Тіктбұрышты параллелепипедтің 6 жағы
бар.Оның әрқайсысы тік төртбұрыштың формасында. Тікбұрышты параллепипедтің
тұрған жағы оның төменгі жағы табаны, ал қарама-қарсы жағы жоғарғы табаны
деп аталады, қалған жақтары бүйір жақтары деп аталады.
Тікбұрышты параллепипедтің шектейтін тікбұрыштың қабырғалары оның қырлары
деп аталады.Суретте біз бірнеше қырларды көре аламыз, үш қыры бізге
көрінбейді. Тікбұрышты параллелепипедтің барлығы 12 қыры болады. Оларды
былай санауға болады: төменгі жағында 4 қыры және жоғары мен төменгінің
арасында 4 қыры бар. Қырларының ұштары төбелері деп аталады. Төменгі
жағында 4 төбесі, жоғарғы жағында 4 төбесі бар. Барлығы 8 төбесі бар.
Тікбұрышты параллепипедтің жақтарының ішінде жоғарғы және төменгі, оң
және сол, алдыңғы және артқы жақтары тең болды.12 қырының ішінде тең
болатындары бар. Жоғарғы және төменгі жақтарының төбелерін косатын 4 қыры
тең болды. Табанының алдыңғы және артқы қабырғалары болып табылатын 4 қыры
тең. Қалған 4 қыры да өзара тең. Сонда тіктөртбұрышты параллелепипедте 3
төрт-төрттен тең болатын қырлар бар. Бір нүктесінде түйісетін 3 қыры әр
түрлі төрттікке жатады. Мысалы, А төбесінде АВ, АД, АЕ қырлары түйіседі.
Мұндай қырлардың ұзындықтары тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері деп
аталады. Бір нүктеде түйісетін қырын қалың сызықпен жүргізіп көрсетейін.
Олардың ұзындықтары тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері: оның ұзындығы,
ені, биіктігі. Оқулықпен жұмыс.
№3 Бірінші жаттығудағы әрбір текшенің көлемін есептеп тап. Текшенің көлемін
табу үшін оның қырын көбейткіш ретінде үш рет алып, көбейтіндінің мәнін
табу керек. Оның ұзындығын еніне көбейтіп және шыққан нәтижені биіктігіне
көбейту керек. V=a b c
V=7мм ∙ 7мм ∙ 7мм = 343 мм3
V=2см ∙ 2см ∙ 2см = 8 см3
V=2дм ∙ 2дм ∙ 2дм = 8дм3
№4
V=3см ∙ 2см ∙ 1см = 6 см3
V=2см ∙ 1см ∙ 1см = 2 см3
V=4см ∙ 2см ∙ 2см = 16 см3
V=2см ∙ 2см ∙ 4см = 16 см3
Сергіту сәті.
№5
Кестені пайдаланып, тікбұрышты параллелепипед пішіндес қораптың көлемін
есептен тап.
Тікбұрышты параллелепипедті қағаздан жасау (жұптық жұмыс)
№6
Оқушы -230м Ш: 230+230=460
Үй – Мектеп-600м 460+600=1060
Ж: 1060м
№7
S-21км Ш: 15∙1=15
t- 1сағ 21-15=6
v-15 км/сағ, 3км/сағ 6:3=2
t-? 1+2=3
Ж: 3 сағ
Қай топ шапшаң орындайды?

№8
Х:5=300 Х:5=3148 Х:4=2103
Х=300∙5 Х=3148∙5 Х =2103∙4
Х=1500 Х=15740 Х =8412
1500:5=300 15740:5=3148 8412:4=2103
300=300 3148=3148 2103=2103
Брейнг - ринг ойыны
4. Сабақты қорыту
«Пікірлер ағашы »ойыны.
5. Үй тапсырмасы.
№9

Ұқсас жұмыстар
Графикалық элементтермен жұмыс істеу
Геометриялық денелердің проекциялары
Мәтінді есептерді шығару
Конус-айналу денесі
Көпжақтардың бүйір және толық бетінің ауданы
Конус табанының радиусын тап
Көріністерді салу
Пирамиданың бүйір бетінің ауданын табыңдар
Пирамида немесе конус
Айналу денелері конус, цилиндр, шар
Пәндер