Қонақтың сөзі

Тәрбие сағатының тақырыбы: Азиада - 2011 қарсаңында

Тәрбие сағатының мақсаты : Жасөспірімдер арасында «Азиада - 2011» ойындарын насихаттай отырып, салауатты өмір салтын ұстануға, ұлтжандылыққа, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі : Интерактивті тақта, макет, «Азиада - 2011», «Спорт жетістіктері» стендтер.

Өтілу барысы:

І. Бастаушы: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қадірлі қонақтар!

М. О. Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектептің 10 «А» сыныбында «Азиада 2011 қарсаңында» тақырыбында өткізілетін ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

ІІ. Бастаушы: Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатына баса назар аударылып, ерекше аталып өтілгені біздің азаматтарымыздың ертеңі бүгіннен басталатынын көрсетсе керек. Осыған орай, кезекті тәрбие сағатымызды Астана және Алматы қалаларында өтетін қысқы «Азия - 2011» ойындарына арнаймыз.

І. Бастаушы: Құрметті оқушылар, қонақтар, мектебіміздің жас спортшыларын қарсы алайық!

Алдарыңызда мектептің футбол командасы. Топ басшысы Бекбосынов Әлішер(музыка) .

ІІ. Бастаушы: Ортаға каратэ жүлдегерлерін шақырамыз. Топ басшысы Арынов Ерсұлтан.

(музыка)

Алдарыңызда жас теннисшілер. Топ басшысы Сағи Руслан. (музыка)

ҚР Гимні орындалады.

І. Бастаушы: Бүгінгі тәрбие сағатына қатысып отырған қонақтармен таныстыруға рұқсат

етіңіздер:

1. Алмалы аудандық ардагерлер Кеңесінің мүшесі Бектемиров Салих Нұрмұхамедұлы;

2. Мектеп директоры;

ІІ. Бастаушы: Ең алдымен қысқы Азия ойындарының тарихына үңілсек (Қуандық)

1-оқушы (Қуандық) :

Азиаданың тарихы

Ойын №: Ойын №
Қала, өткізген ел: Қала, өткізген ел
жыл: жыл
Қатысатын елдер саны: Қатысатын елдер саны
Спорт түрлерінің саны: Спорт түрлерінің саны
Спортшылар мен ресми тұлғалар саны: Спортшылар мен ресми тұлғалар саны
Ойын №: 1 -інші
Қала, өткізген ел: Саппоро, Жапония
жыл: 1986
Қатысатын елдер саны: 7
Спорт түрлерінің саны: 7
Спортшылар мен ресми тұлғалар саны: 425
Ойын №: 2-нші
Қала, өткізген ел: Саппоро, Жапония
жыл: 1990
Қатысатын елдер саны: 10
Спорт түрлерінің саны: 6
Спортшылар мен ресми тұлғалар саны: 414
Ойын №: 3 -інші
Қала, өткізген ел: Харбин, Қытай
жыл: 1996
Қатысатын елдер саны: 16
Спорт түрлерінің саны: 7
Спортшылар мен ресми тұлғалар саны: 660
Ойын №: 4-інші
Қала, өткізген ел: Кангвон, Корея
жыл: 1999
Қатысатын елдер саны: 21
Спорт түрлерінің саны: 7
Спортшылар мен ресми тұлғалар саны: 799
Ойын №: 5 -інші
Қала, өткізген ел: Аомори, Жапония
жыл: 2003
Қатысатын елдер саны: 17
Спорт түрлерінің саны: 11
Спортшылар мен ресми тұлғалар саны: 641
Ойын №: 6-ншы
Қала, өткізген ел: Чангчун, Қытай
жыл: 2007
Қатысатын елдер саны: 45
Спорт түрлерінің саны: 10
Спортшылар мен ресми тұлғалар саны: 1100

Қысқы Азия ойындары

2-оқушы (Алмат) :

Азиаданың мақсаты

2011 жылы 7-ші қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы бейресми жалпы командалық есепте бірінші орын алуды көздеп отыр

2011 жылы Алматы мен Астана қалаларында өтетін 7-ші қысқы Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының алдына бейресми жалпы командалық есепте бірінші орын алу міндеті қойылып отыр. Бұл межеден көріну үшін біздің команда ең кемі 20 алтын медаль жеңіп алуға тиіс. Қазіргі таңда ойындарды өткізудің мерзімі анықталды. Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі 2011 жылғы қаңтардың 30-ында, жексенбі күні Астанадағы жабық футбол стадионында болады. Ал оның жабылу салтанаты және туды беру рәсімі 2011 жылғы ақпанның 6-ында Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында өтеді. Аталмыш ойындарда спорттың 11 түрінен 59 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оған Азияның 30 мемлекетінен 2500-дей спортшы қатысады деп күтілуде. 160 адамнан тұратын спорттың қысқы түрлері бойынша штаттық ұлттық команда анықталып, бекітілді. Сондай-ақ 64 жетекші спортшымен және жатықтыушылармен келісімшарттар жасалды. Ұлттық командалармен жұмыс жасауға Ресей, Германия, Польша және басқа да елдерден жаттықтырушы-кеңесшілер ретінде танымал мамандар тартылды. Бұдан бөлек Азия ойындарына төрешілік жасау үшін халықаралық федерациялардың көмегімен төрешілер даярлау және қайта даярлау жұмыстары жүргізілуде. 7-ші қысқы Азия ойындарының Алматыдағы бағдарламасында коньки спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, биатлон, шорт-трек, тау шаңғысы, шаңғымен тұғырдан секіру, фристайл, допты хоккей, қысқы спорттық бағдарлау сынды спорт түрлерінен жарыстар өткізу жоспарланып отыр. Допты хоккей және қысқы спорттық бағдарлау сынды спорт түрлерінен жарыстар оларға қатысуға 4 елдің командалары өтініш берген жағдайда өткізілетін болады.

3-оқушы(Арнұр) :

Азиаданың жетістігі

Қысқы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары жеңіп алған медальдар саны

Ойын №: Ойын №
Қала, өткізген ел: Қала, өткізген ел
жылы: жылы
Алтын: Алтын
Күміс: Күміс
Қола: Қола
Жиыны: Жиыны
Ойын №: 1 -інші
Қала, өткізген ел: Саппоро, Жапония
жылы: 1986
Алтын: Қатысқан жоқ
Ойын №: 2-нші
Қала, өткізген ел: Саппоро, Жапония
жылы: 1990
Алтын: Қатысқан жоқ
Ойын №: 3 -інші
Қала, өткізген ел: Харбин, Қытай
жылы: 1996
Алтын: 14
Күміс: 9
Қола: 8
Жиыны: 31
Ойын №: 4-інші
Қала, өткізген ел: Кангвон, Корея
жылы: 1999
Алтын: 10
Күміс: 8
Қола: 7
Жиыны: 25
Ойын №: 5 -інші
Қала, өткізген ел: Аомори, Жапония
жылы: 2003
Алтын: 7
Күміс: 7
Қола: 6
Жиыны: 20
Ойын №: 6-ншы
Қала, өткізген ел: Чангчун, Қытай
жылы: 2007
Алтын: 6
Күміс: 6
Қола: 6
Жиыны: 18

4-оқушы(Абат) :

Азиадаға дайындық

2011 жылы Алматы мен Астана қалаларында өтетін VII қысқы Азия ойындарын өткізу үшін Алматыда арнайы салынып жатқан нысандар мен әр түрлі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан ғимараттардың таныстырылымы болды, деп хабарлайды “Қазақпарат” агенттігі.

Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырған айтулы шара аясында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ғимараттардың, атап айтқанда шаңғы биатлон стадионының, шаңғымен тұғырдан секіретін халықаралық кешеннің, заманауи озық технологияларды орнату арқылы қайтадан жөнделіп жатқан Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы мен “Медеу” мұз айдынының, сондай-ақ заман талабына сай кеңейтілген “Шымбұлақ” таулы базасының құрылысының қарқынын өз көздерімен көрді. Сондай-ақ таныстыру барысында нысандарды салуға жұмсалатын қаражаттың мөлшері мен дүбірлі бәсекеге қатысатын мемлекеттердің тізімдері де жария етілді. Азия ойындарын өткізуге мемлекеттік қазынадан 100 миллиард теңге бөлініп отыр.

Азия ойындарын өткізу үшін анықталып отырған спорттық ғимараттардың жалпы саны - 15 нысанды құраса, оның 10-ын жаңадан салу қажет, ал 5-еуін қайта жаңарту жоспарланған. Алматыдағы нысандармен қатар, осы күндері Астанадағы “Қазақстан” спорт кешені қайта жөндеуден өткізілуде. Сонымен қатар Елордада жабық футбол стадионының, коньки жарысы өтетін стадионның құрылысы қарқынды жүруде. Бұларды алдағы келер жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.


Ұқсас жұмыстар
Қонақ келгенде
М. Әуезов ақын қонақтар жайлы ақпарат
Құтты қонақ
Қонақты шығарып салу
Қонаққа шақыру рәсімдері
Жарайды ата
"қонақ келсе - құт келеді"
Бақа мен бала
Кәсіп түбі - нәсіп
Қожанасыр мен ашқарақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz