Жай сөйлем модулі: 5-сыныпқа арналған деңгейлік қорытынды өздік жұмыс - қайталау сабағы

Сандуғаш Сүлейменова,
Солтүстік Қазақстан облысының,
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның,
Новоишим қазақ орта мектебінің
мұғалімі.
Жай сөйлем модулі бойынша қорытынды деңгейлік өздік жұмысы
(12 жылдық 5-экс. сынып)
Мақсаттары: 1. Сөйлемнің түрлері модулі бойынша олқылықты анықтау. 2. Ой белсенділіктерін дамыту. 3. Оқушыларды тапқырлыққа, өз бетімен жұмыс істей білуге үйрету.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ.
Сабақтың әдісі: оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі.
Көрнекілік: деңгейлік тапсырмалар таратылған парақтар, интерактивті тақтада табиғат суреті .
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру.
Сабақтың жоспарымен таныстыру.
1. Деңгейлік тапсырмалар орындау (10 минут)
2. Деңгейлік тапсырмаларды тексеру (5 минут)
3. Жай сөйлем синтаксисі (10 минут)
4. Сурет бойынша хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдері бар мәтін құрастыру. (10 минут)
5. Қорытынды (5 минут) .
6. Бағалау (3 минут) .
7. Үйге тапсырма (2 минут) .
I. Деңгейлік тапсырмалар орындау (10 минут)
1- деңгей - 5 ұпай = бағасы «3».
Сұрақтарға толық жауап бер.
1. «Сөйлем» дегеніміз не?
2. Сөйлемдер түрге бөлінеді.
3. Сөйлем соңына , , тыныс белгілері қойылады.
4. Жауап алу мақсатында сұрай айтылған сөйлем сөйлем деп аталады.
5. Айтушының көңіл-күйін білдіретін сөйлем сөйлем деп аталады.
2- деңгей - 5 ұпай + 4 ұпай = 9 ұпай = бағасы «4».
Мына сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін қой.
1. Сен ауылға бардың ғой, иә
2. Сөйлемді жазып шық
3. Арман атасымен ұзақ әңгімелесті
4. Кіммен сөйлесіп тұрғанымды білемін
5. Отаным қандай кең байтақ, Астанам неткен тамаша
3- деңгей - 9 ұпай + 3 ұпай = 12 ұпай = бағасы «5».
1. Сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдыр.
Сұраулы сөйлемдер қандай сұрау есімдіктері мен сұраулық шылаулар арқылы жасалған?
- Хабарлы сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
II. Деңгейлік тапсырмаларды тексеру (5 минут)
Әр деңгейлік тапсырма тексеріледі.
Мұғалім дұрыс жауаптарын айтып тұрады . Оқушылар өз жұмыстарын тексереді.
Қолдарындағы деңгейлік тапсырмаларды бағалауға арналған кестеге «+» немесе «-» белгілерін қойып отырады.
III . Жай сөйлем синтаксисі (10 минут)
IV. Сурет бойынша хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдері бар мәтін құрастыру.
V. Қорытынды.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма. 249-251беттегі тест сұрақтарына жауап беру.