Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақтың барысы. Сабақтың тақырыбы

Алматы облысы Панфилов ауданы
Крылов атындағы орта мектеп

Деректерді кестелік түрде ұсыну

Информатика пәнінің мұғалімі
Чежимбаева Алия Сайлаубаевна

І.Сабақтың тақырыбы: Деректерді кестелік түрде ұсыну 8-сынып
ІІ.Сабақтың мақсаттары: Оқушыларға деректерді кестелік түрде ұсыну жолдарын

меңгерту. Білім, білік, дағдыларын
қалыптастыру.
Оқушылардың алған білімдерін практикада қолдана
білуге
дағдыландыру, білім сапасын арттыруға және пәнге
қызығушылығын, ізденімпаздығын, байқау
қабілеттерін
жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру,

нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге, компьютерде

сауатты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрсете отырып түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, математика.
Көрнекілігі: оқу құралы, слайд, интерактивті тақта.

ІІІ. Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, кезекшінің көмегімен сабаққа келмеген
оқушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аударту.

2.Үй тапсырмасы сұралады.
(Өткен сабақтарды қайталауға байланысты құрылған «Сөзжұмбақ» арқылы)

| | | | | | |Р | |
| |Е | | | | | |
| |Д | | | | | | |
| | | | | | | |
| |Т | | |
| | |О | | |
| | | | |Р | | |

1. Терезенің жұмыс аймағындағы маустың нұсқағышы не деп аталады? Меңзер
2. Абзац соңында басылатын перне. Ентер
3. Меңзердің оң жағында орналасқан мәтінді немесе символды өшіруге арналған
перне? Делете
4.Айналдыру жолағындағы кішкене шаршылар не деп аталады? Сырғытпа
5.Жолдарда, бағандарда реттеліп берілетін ақпарат? Кесте
6.Кесте қосу батырмасы не деп аталады? Таб
7.Көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі? Жол
8. «Informatio» сөзінің қазақша аудармасы? Ақпарат
3.Жаңа сабақты меңгерту.

|Тауар |Саны |Бағасы |Жалпы сомасы |
|Тәтті тоқаш |130 |10 |1300 |
|Самса |130 |10 |1300 |
|Шырын |140 |10 |1400 |
|Тақтайша |50 |50 |2500 |
|Еден жуғыш |15 |100 |1500 |
|Орындық |10 |200 |2000 |
|Барлығы: | | |10000 |

|Тауар |Саны |Бағасы |Жалпы сомасы|%-пен көрсетілген |
| | | | |пайыздың үлесі |
|Тәтті тоқаш |130 |10 |1300 |13% |
|Самса |130 |10 |1300 |13% |
|Шырын |140 |10 |1400 |14% |
|Тақтайша |50 |50 |2500 |25% |
|Еден жуғыш |15 |100 |1500 |15% |
|Орындық |10 |200 |2000 |20% |
|Барлығы: | | |10000 | |

Мектеп жәрмеңкесіне қатысты құрған кестелерің қаржы операцияларын
жүргізуде және тауар сату мен табыс көлемін болжауда көп жылдар бойы
қолданылып келе жатқан тіктөртбұрыштық кестелердің көптеген түрлерінің бірі
болып табылады.
Кестеде тек бір ғана жол болуы да мүмкін, мұндай кестені сызықтық
кесте деп атайды.
Бірнеше жолдардан тұатын кестені тіктөртбұрышты кесте деп атайды.
Кесте-ақпараттардың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте
жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін.
Жол- көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі.
Баған –көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі. Бағандар мен жолдар қиылысып
ұяшықтар түзеді.
Ұяшық-дерек сақталатын орын. Ұяшықтарда алғашқы немесе бірінші, сондай-ақ
алғашқы деректермен орындалатын операциялардың нәтижесі болып табылатын
туынды ақпараттар болуы мүмкін.
Біз құрған кестедегі «Тауар», «Саны», «Бағасы» бағандары бастапқы
немесе алғашқы ақпарат, ал «Жалпы сомасы» тауардың санын бағасына көбейту
жолымен есептелетін туынды ақпарат болып табылады.
Енді 1-кестеге оралайық та, оған тағы бір-«%-бен көрсетілген пайданың
үлесі» бағанын қосып өзгертіп көрейік. Бұл бағанда біз белгілі бір тауардың
жалпы соманың қанша пайызын құрайтынын есептейміз.

4.Практикалық жұмыс.
1-және 1,а-кестелерінде орындалған есептеулерді компьютерде орындаймыз.

Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жиынтығын- санау
жүйесі деп атайды.
Сандарды цифр деп аталатын арнайы символдардың көмегімен бейнелеу
қабылданған.
Санның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп атайды.
Екілік санның әрбір разрядын (цифрын) бит деп атайды.
Пікір дегеніміз-жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандайда бір
пайымдау.
Windows графикалық жүйе болып табылады.
5.Жаңа сабақты қорыту.

1.Кесте дегеніміз не?
2.Қандай кесте тіктөртбұрышты деп аталады?
3.Бірінші және туынды ақпараттардың айырмашылығы неде?
4.Жол, баған, ұяшық деген не?

6.Оқушылар білімі бағаланады.
Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушылардың білімдері бағаланады.
7.Үйге тапсырма: 153-155 беттерді оқу

Ұқсас жұмыстар
Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу
Сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері
Қазақ тілі – ұлттық мәдени,рухани асыл мұра туралы
5 сынып - Математика - жылдық жоспар
Қай түзу перпендикуляр түзу
Ән Желтоқсан желі Хорда жаттығу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
§1. Еуропа елдері
Қазақстан тарихы. 9-сынып
Натурал сандарға амалдар қолдануға есептер шығару
Пәндер