Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Рәміздерім - Елдігімнің белгісі

<<№3 жалпы білім беру орта мектебі>>

Шығарма тақырыбы:
<<Рәміздерім - Елдігімнің белгісі>>

8 В сынып оқушысы - Оңайбек Айтолқын
Мұғалімі - Шаригатова Жансая

Мамыр, 2018 жыл
<<Рәміздерім - елдігімнің белгісі!>>

<<4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күні>>. Бұл күннің әрбір қазақ азаматы үшін маңызы ерекше. Өйткені осы күн арқылы өзі өмір сүріп жатқан елінің тәуелсіздігі, егемендігі, бостандығы айқындалады.
Өзіне ғана тән ерекше белгісінің, елінің егемендік нышанының айқындалуын қаншама азамат армандап шерменде өтті десеңізші?! Соның жолында талай боздақтар қасық қаны қалғанша күресіп, талай <<елім>> деп еңіреген ерлер өздерін құрбан етті.
Ал мен сол бабаларымыздың маңдай терімен келген тәуелсіз елдің ұланымын. Елімнің ерекше белгілері Мемлекеттік Туымызды, Елтаңбамызды, Әнұранымызды мақтан тұтамын және ол туралы тарих пен елдіктің лебізін жүрегімнің төріне сақтап қойдым.
Кейде осы Елтаңбаны, Тудың үлгісін жасап, халыққа ұсынған ел азаматтарының еңбектеріне таң қала отырып басымды иемін. Сырт көзбен қарағанда мүмкін кейбір адамдар үшін жай ғана сурет болып көрінетін шығар, бірақ ішіне үңіліп, мағынасына терең қараған жанға берер өнегесі ұшан-теңіз. Мысалы Туды алып қарайық, оның бетінде 4 нәрсе ғана кескінделген, ал мағынасына қазақтың дархандығын, кең пейілділігін, татулығын, данышпандығын, өткірлігін, арманшылдығын, рухани байлығын, т.б. көптеген қазақтың өзіне ғана тән мінез-құлқын сыйғызған. Елтаңбамызды жасаған Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлихановтардай аталарымыздың шеберлігіне сөз жоқ. Халқымыздың түп-тамыры саналатын ауыз әдебиеті үлгілеріндегі батырларымыздың сенімді серігі болған, қажет жеріне ұшқан құстай зулатып лезде жеткізетін қанатты тұлпарлар мен бір шаңырақтың астында айрандай ұйып отырған татулығымызды ұштастыра бейнелей отырып, атағы , елдігі жұлдыздай көкте жарқырасын дегендей, Жұлдызша бейнесімен айшықтаған. Осының барлығы аядай ғана суреттің еншісінде. Аталмыш нышандардың авторлары біз ойлағандай өз дәрежесіндегі шебер суретшілер ғана емес, халқының рухани байлығымен, тұрмыс-тіршілігімен, таным-түсінігімен терең сусындаған ұлы тұлғалар. Олардың мақсаты - өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсету ғана емес, елінің ерекшеліктерін , елдігін бүкіл әлемге паш ету. Мұны түйсінген кезде, рәміздеріміздің мақсаты орындалғандай. Үшінші бір егемендігіміздің нышаны - Әнұран. Мұнда жұртымызға танымал ақынымыз Жұмекен Нәжімеденов пен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасы бар. Әнін жазған <<Қазақтың ән королі>> атанған Шәмші Қалдаяқов атамыз. Бұл әнді естіген жанның кеудесін еріксіз патриоттық сезім баурайды. Халықаралық додаларда қандастарымыз жеңіске жетіп, көк Туымыз көкте желбірегенде осы Әнұран әуеде шарықтап, бүкіл әлемге елдігімізді паш етеді. Жеңіс туын көтерген отандасымыздың да көзіне қуаныш жасын ұялататын да осы әуеннің құдіреті. Себебі бұл жай ғана үн емес, қазақ халқының тәтті үні, дархан жұрттың қоңыр даусы .
Сөзімді қорытындай келсем, әлемнің түкпір-түкпірінде тарыдай шашылып жүрген қандас бауырларымыздың жүрегін елжіретіп, еліне деген сағынышын ортайтатын, менің Отаным осындай деп мақтануға мүмкіндік беретін бірден-бір құндылық болса, ол - Тәуелсіздігіміздің белгілері, ал өз Отанының төсінде тайраңдаған әрбір қазақстандықтың өзге жұртқа паш етер рухани құндылығының құжаты керек болса, ол - Елдігіміздің символдары, яғни Мемлекеттік рәміздеріміз.

Ұқсас жұмыстар
Әнұранның авторы кім
Елтаңбаның авторлары
Гүлдене бер, жайнай бер Қазақстан
Рәміздерім мақтанышым жайлы ақпарат
Менің байтақ Республикам таулары, Менің кӛгім мӛлдіреген кӛк аспан
Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ атты ертеңгілік
Жасампаз, Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіздік белестері
Мақтанамын әлемге
Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы
Пәндер