Сөйлемдегі одағайларға қойылатын үтір ережелері

Күні 3. 03. 2014ж Класы 9 «Б»
Пәні Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Одағайға байланысты қойылатын үтір .
Сабақтың мақсаты
:
Білімділігі:
одағай сөздің мағынасын және қолданылу себебін түсіндіру, одағайдың басты белгісін таныту, сөйлемдегі орналасу ретіне қарай үтірмен қалай ажыратылатынын меңгерту.
Дамытушылығы :
үтір қандай орындарда, не үшін қойылатыны, оны қою үшін тілдік қандай белгілерін білу керек екенін түсіндіру. Проблемалық жағдайлар мен күрделілік деңгейі артқан тапсырмаларды шешу кезінде дербес ойлану қабілеттерін дамыту. .
Тәрбиелілігі
: арнайы тапсырмалар арқылы тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, тыныс белгілерді орынды қолдануға, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі:
жаңа білімді беру сабағы
Сабақтың түрі:
аралас сабақ
Сабақтың әдісі:
баяндау, сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың көрнекілігі
: электрондық оқулық, кестелер, слайд, семантикалық кесте, "Инсерт" кестесі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу;
Сабаққа дайындықтарын бақылау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген 178-жаттығуды тексеру.
Үй тапсырмасын бекіту.
Берілген ұғымды есепке алу
Пунктуация дегеніміз не?
Тыныс белгілері болмаса немесе дұрыс қойылмаса, мәтіндегі ойды дұрыс оқу, түсіну мүмкін бе?
Ой жеткізудегі бет-жүз құбылысын, қол қимылдары мен дауыс ырғағын қағазға түсіре аламыз ба? Бұларды қандай белгілер алмастыра алады?
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерді ата.
Үтір қайда қойылады?
- Семантикалық кестені толтыру
Сен, Еменәлі, бір кезде алды-артына қарамайтын
сотқар болып едің.
ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің кіріспе сөзі
Өз заманында А. Байтұрсынов былай деген екен: «Тілдің міндеті - ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау». Ал, тілдің осы қызметіне көмекші болатын басты құрал-тыныс белгілері десек артық айтпаған болар едік.
Біз бүгін одағай сөздер қатысқан сөйлемдерде үтір қалай қойылатынын меңгереміз.
Жаңа сабақты электронды оқулық арқылы түсіндіремін.
Кітаппен жұмыс. 180-жаттығу (ауызша ) . Уа, бәрекелді, ойбай-ау, әй, ой.
Интерактивті тапсырмалар Электронды оқулықтан 51, 52- тапсырмаларды орындату.
51-тапсырма. Берілген одағайларды қатыстырып, сөйлем құрау.
52-тапсырма. Көп нүктенің орнына одағайдың тиістісін қойып, тыныс белгісіне көңіл бөлу.
Әттеген-ай, Ей, Пай-пай, қап, бәлі, япырай, бәсе, тәйірі, Шіркін.
Тақтамен жұмыс 179- жаттығуды орындату( жазбаша)
Сабақты қорыту
Электронды оқулықтағы 54-тапсырманы орындату.
Дұрыс бұрыс, бұрыс, дұрыс, дұрыс, бұрыс, дұрыс
V. Үйге тапсырма: «Өзіңді тексер» тапсырмасын орындау
VІ. Бағалау.