Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Гофри қағаздар әлемі

БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН: Ә/Б ОТЫРЫСЫНДА
УТВЕРЖДАЮ: СОГЛАСОВАНО: ҚАРАЛДЫ:
Мектеп- Тәрбие ісінің РАССМОТРЕНО
интернатының меңгерушісі : ЗАСЕДАНИИ М/О:
директоры: Зам. директора по ВР Хаттама №_______
Қырғызбаева Г.М. Абдрахманова А.К. Протокол №______
________________ _________________
<<_____>>______2017 г. <<_____>>________2017 г. <<_____>>________2017 г.

ТАҚЫРЫПТЫҚ КҮНТІЗБЕ
ЖОСПАРЫ

КАЛЕНДАРНО-ТЕМАТИЧЕСКОЕ ПЛАНИРОВАНИЕ

<<Сиқырлы қолөнер әлемі>> үйірмесінің жұмыс жоспары

2017 - 2018 оқу жылдары

Жетекші: Мырзақасым М.Е

Қарағанды - 2017 - 2018 ж.ж
<<Сиқырлы қолөнер әлемі>> үйірмесінің бағдарламасы

Қазақстанның болашағы бүгінгі мектеп партасында отырған шәкірттердің білігі мен біліміне тікелей байланысты екені анық. Қазіргі кезде білім беру ісі мемлекеттік саясаттың, қоғамдық және экономикалық өмірдің артықшылығы бар сындарлы сапасына айналды. Бұл сөзімізді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы <<ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық>> деген пікірі нақты дәлелдейді. Бүгінгі білім беру ісінің мақсаты - тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды да алғыр, ой-өрісі ақпарат көздерін өз бетімен қорытып, қолдануға қабілетті, шығармашыл, ой-өрісі кең, жоғары мәдениетті адам тәрбиелеу болып табылады.
Оригами - қағазды белгіленген тәртіптері бойынша бүктеу арқылы әр түрлі модельдер жасау өнері. Қағаздың негізі Қытайда пайда болғанмен, бұл өнердің отаны Жапония болып табылады.
Біріншіден, оригами өнері - балалардың қолдары мен саусақтарын жұмыс істетуге, яғни ұсақ моториканы дамыту үшін жақсы мүмкіндік. Баланың саусақтарының қозғалысының дамуы баланың тілінің дамуымен тығыз байланысты. Қолдың ұсақ моторикасы зейін, ойлау, қиял, байқағыштық, көру және сөйлеу сияқты сананың жоғарғы қасиеттерімен өзара әрекетте болады. Ал ұсақ моторика дағдыларын дамыту баланың алдағы өмірінде кездесетін (киіну, сурет салу, жазу тб.) сан алуан әрекеттерді жасау үшін, баланың қол білезігі мен саусақтарының дәл және үйлесімді қозғалысы үшін өте маңызды.
Қолөнер бұйымдарын жасаудың тағы бір пайдалы жағы - бұл өнер арқылы балалардың логикалық және кеңістіктік ойлау қабілеті дамиды, жас бала шығармашылыққа бейімделеді. Себебі бөбек теп-тегіс қағазды қалай бүктесем бұйым дұрыс шығады деп бас қатырады, бұйымды әшекейлеуге фантазиясын қосады. Бұл өз кезегінде мидың дамып, ойдың ұшқыр болуына көп септігін тигізеді.
Үшіншіден, Қолөнер бұйымдары арқылы бала шыдамдылық пен тиянақтылыққа үйренеді. Себебі қағаз бұйымның дұрыс шығуы қағаздың бұрыштары мен бүктемелерінің мінсіз болуымен тікелей байланысты. Қағаздан ойыншық жасау барысында кейде балалар қайшымен, желіммен жұмыс жасап, қағазды бірнеше рет бүктеп, бүктемелер мен бұрыштарды жазып үйренеді.
Қағаз бұйымдар жасаудың тағы бір пайдасы - төзімділікке тәрбиелейді. Себебі бұйымның дұрыс шығуы үшін бала тер төгіп, біраз уақытын таза еңбекке шығындайды.
Жалпы алғанда үйірмедегі сабақтар бала тұлғасының жан-жақты және үйлесімді қалыптасуына, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға септігін тигізіп, еңбекке баулып, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру міндеттерін шешеді.
Бағдарламада әр сабақта қолөнер бұйымдары негіздерін меңгерту, қағаз парағын бейнеге айналдырудың қыр-сырын іздеу, оригами өнерінің тарихы, дамыған елдері туралы түсінік беру, оригамиден бұйымдар жасауда базалық формалардың маңызын, шартты белгілерін меңгерту көзделген. Қолөнер бұйымдары өнеріне баулу үрдісі оқу жұмысының белсенді және қызғылықты әдіс-тәсілдерінің біртұтастығына негізделген, оның тарихы мен нұсқау картасын, шартты белгілерін зерттеу барысында мектеп оқушыларының шығармашылық бастамашылдығы өсе бастайды.

<<Сиқырлы қолөнер бұйымдары>> үйірмесінің бағдарламасын ұсынудағы мақсат:
Қолөнер бұйымдары өнері арқылы оқушылардың қол моторикасын дамыту, шығармашылыққа баулу, эстетикалық сезімталдықты дамыту, шығармашыл және жасампаз тұлғаны қалыптастыру, тұлғаның әлеуметтік және кәсіби тұрғыдан айқындалуы.

Бұл мақсатқа төмендегі үш міндетті өзара ұштастыру арқылы жетуге болады.
Тәрбиелілік: қағазды көркемдеп бүктеу арқылы қоршаған дүниеге деген эмоциялық - құндылықтар көзқарасын қалыптастыру, қағаздың қалдықтарын іске жарату арқылы түрлі бұйымдар жасап, ысырапшыл болмауға тәрбиелеу.
Көркем-шығармашылық: оқушылардың шығармашылық идеяларын жүзеге асыруда қағаздың бүктелу жолдарын, бұйым үлгілерін қолдану арқылы шығармашылық қабілеттерді, қиял мен ұшқыр ойды, бейнелі ойлау тәсілдерін дамыту.
Техникалық: оригами, квилинг, скрапбукинг өнерінің (бүктеу тәсілдерінің, базалық формалардың, технологиялық карталардың) практикалық әдіс-тәсілдерін меңгерту.

Күтілетін нәтиже:
Бағдарламаны жүзеге асырудың басты нәтижесі - әр баланың өз бірегей өнімін дүниеге келтіруі. Ал оқушы еңбегін бағалаудағы басты нысана - оның дарындылығы ғана емес, мақсатқа жетуге ұмтылудағы қажырлы еңбегі, табандылығы, оригами өнерінің барлық қыр-сырын меңгеруі керек.

Нәтижесінде оқушы:
> Күнделікті өмірде оригами өнерімен айналысуда өзіне мақсат қоя білуге;
> Бүктеудің технологиясын, базалық формасын, шартты белгісін, әдіс-тәсілдерін білуге;
> Оригамидің аймақтық ерекшеліктерін анықтай білуге, тарихын түсінуге;
> Кәсіпқой немесе шығармашыл оригамишілер жөнінде ақпарат жинауға;
> Талғам мәдениетін қалыптастыруға, мектепішілік мәдени жұмыстарға қатысуға;
> Топтың бірлігін арттыруға;
> Күнделікті өмірде пайдаға асыру мүмкіндіктерін анықтауға үйретеді және мүмкіндік жасайды.

Сиқырлы қолөнер әлемі
Барлығы: 45 сағат


Мазмұны
Сағат саны
Сабақ түрі
Өткізілу мерзімі
1
Оригами өнерінің тарихы және оригами жайлы аңыздар. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Техника қауіпсіздігі.
1
Ой толғау, баяндау

2
Қағаз әлеміне саяхат. Қайшымен жұмыс. Бүктеудің тәсілдері.
Оригами орындаудағы шартты белгілер
1
Ой қозғау, қағаз түрлерінен шиырма жасау

3
Оригами <<Жануарлар әлемі>>. <<Тырна>>, <<Құстар>>
2
Машықтық жұмыс

4
Мастер-класс: Ленталар әлемі
2
Машықтық жұмыс

5
Оригами <<Жаңа жылдық щырша>>
2
Машықтық жұмыс

6
Оригами <<Жаңа жылдық шыршаға ойыншықтар>>
2
Машықтық жұмыс

7
Бетбелгілер әлемі
2
Машықтық жұмыс

8
Жіптен жасалған аққала
2
Машықтық жұмыс

9
Майлықтардан жасалған пион гүлі
2
Машықтық жұмыс

10
Картоннан жасалған фонар
2
Машықтық жұмыс

11
Қорапшалар жасап үйренейік
3
Машықтық жұмыс

12
Сыйлықтарды декоративті сәндеу үлгілері
3
Машықтық жұмыс

13
Скрапбукинг әлемі
3
Машықтық жұмыс

14
Гофри қағаздар әлемі
2
Машықтық жұмыс

15
Гофри қағаздан жасалған декоративті гүлдер
2
Машықтық жұмыс

16
Журнал беттерінен трубкалар жасау әдісі
3
Машықтық жұмыс

17
Өзіндік жұмыс. Трубкаларды қолдана отырып рамкалар жасау
2
Машықтық жұмыс

18
Квилинг
3
Машықтық жұмыс

19
Квилинг <<Гүлдер әлемінде>>
2
Машықтық жұмыс

20
Квилинг <<Көбелектер>>
2
Машықтық жұмыс

21
Квилинг. Өзіндік жұмыс
1
Машықтық жұмыс

22
Квилинг. Өзіндік жұмыс
1
Машықтық жұмыс

Өткізілу уақыты:
Дүйсенбі - жұма сағат: 17:30

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағаттан
Барлығы: 45 сағат

Оқушылар тізімі:

Аты-жөні
Сыныбы
1
Оразалы Рамазан
3 А
2
Икебаева Гүлназ
3 А
3
Әшім Ақбота
5 А
4
Джабаева Альбина
5 А
5
Манат Әбілмансұр
5 А
6
Хомутов Ержан
5 В
7
Төкен Дастан
5 В
8
Көшербаева Сымбат
7 А
9
Жорабай Болат
8 В
10
Естай Сағыныш
8 В
11
Мұсабай Айдана
9 А
12
Серік Айсері
9 А

Ұқсас жұмыстар
АКТ БІЛУ
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту. 3-сынып
Дүниетану пәнінен орта мерзімді жоспарлау
Компьютерлік технология тақырыбы бойынша 5 сынып оқушыларына арналған ойын сабақ
Сабақтың татақырыбы
Қосжынысты балық сүйекті балықтар
Сандар әлемі жаттығуы арқылы оқушыларды топқа бөлу
Интербелсенді тақта
Құлыншақ әлемі
Ана бейнесі
Пәндер