Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жоғары кернеулер техникасы

Кіріспе
<<Жоғары кернеулер техникасы. Асқын кернеу және оқшаулама>> курсын оқытудың мәні электр болып қондырғылары мен электр беріліс желілерінің сенімді және экономикалық тиімді оқшауламаларын жасап шығару сұрақтары табылады.
Оқшауламалық құрылымдардың жұмыс шарттары әсер етуші кернеудің шамасымен анықталады. Қалыпты жұмыс режімінің бұзылуы кезінде немесе коммутациялық режимде, ЭӨЖ-де кернеу күрт өсуі мүмкін және ол оқшауламаның электрлік беріктігінен асып түсіп, оның тесілуіне алып келеді. Асқын кернеу мынадай ұнамсыз құбылыстармен қоса жүреді: тәж, жылжымалы разряд, бірең-сараң разряд, (б.р.) және т.б.. Бұл оқшауламаның ескеру процестері, оның жұмысын тоқтатуына алып келеді. Сондықтан, сенімді жоғары кернеу оқшауламасын жасау электр беріліс жүйелерінде пайда болатын асқын кернеу параметрлерін бағалау және түрлерін анықтау, оқшауламаның оптималды деңгейін және асқын кернеуден негізгі қорғау жүйесін таңдау сұрақтары ең маңызды болып табылады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері
Есептеу - графикалық жұмыстың мақсаты болып, курстың негізгі бөлімдері бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен шешуге дағдылану, қойылған сұрақтарға жауап бере білу, сонымен қатар техникалық әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдылану табылады.
Жұмыстың мазмұны және көлемі
Бастапқы мәліметтер
Жұмысты орындау үшін бастапқы мәліметтер нұсқаға сәйкес алынады, онда мыналар берілген:
- қосалқы станса типі;
- қандай электр беріліс желісінен қоректенеді;
- шыққан электр беріліс желілер типі
- өтпелі оқшаулама сипаттамасы;
- қосалқы стансалардағы разрядтауыштардың типі.

Есептеу - графикалық жұмысқа тапсырма
Тапсырманы орындау үшін көрсетілген әдебиеттер бойынша бағдарламаға сәйкес теориялық курсты меңгеру қажет. Тапсырма және сұрақтарға қысқаша нақты жазбаша жауап құру қажет. Жұмыс көлемі бойынша оқушы дәптері форматымен 10-15 парақтан аспауы тиіс. Жұмыс бояумен немесе пастамен, анық, нақты және сауатты орындалады. Есептерді шешу және сұрақтарға жауап сұлбалар және эскиздермен түсіндіріледі. Жұмысты безендіру кезінде оқытушы пікірі үшін кеңістік қалдыруыңыз қажет. Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер көрсетіледі және орындалған күн мен студент қолы қойылады. Нұсқа нөмірі 3.1 және 3.2 - кестесінен сынақ кітапшасының соңғы екі саны бойынша таңдалынады.

Тапсырма
Тупиктік қосалқы станса, толық ұзындығы бойынша найзағайдан қорғау арқансымы бар темір бетонды бағаналы әуелік екітізбекті электр беріліс желілері бойымен қоректенеді. Тұтынушылар 10(6) кВ қалқаннан кәбілдік немесе әуелік электр беріліс желілері арқылы қоректенеді.

Қажет:
1. Жоғары кернеу электр беріліс желілерінің сыйымдылығын анықтау.
2. Жоғары кернеу электр беріліс желілері сымдарының арасындағы, сымдар мен тасымалдау жабдықтары аралық ортасындағы импульстік разрядты кернеуді, сонымен қатар көрсетілген кернеудің пайда болуы үшін қажет найзағай тоғының шамасын, сол тоқ ықтималдығын және асқын кернеу туу ықтималдығын анықтау.
3. Жоғары кернеу ЭБЖ сымдарындағы бастапқы тәж кернеуін және берілген ауа райы түріне сай энергия шығыны мен оның ұзақтығын анықтау.
4. Фарфор көйлек беті бойынша оқшауламаның май толтырылған өткініндегі жылжымалы разряд кернеуін және оның пайда болуының жалпы кернеуін анықтау.
5. Оқшауламаның май толтырылған өткініндегі фланцтың талап етілетін ішкі диаметрін, өткізгіштік қаптамалы барьері бар болған кезде анықтау.
6. Қосалқы стансадан шығатын градиурленген екі қабатты қағаз-майлы оқшауламалы бір тылсымды кәбілдің тесу кернеуін анықтау.
7. Қосалқы стансаға фронт ұзындығы 2 мкс қиғаш бұрышты толқын ұзындықты кернеу өткенде, трансформатор және разрядник арасындағы қашықтықтың шегін анықтау.
8. Берілген аймақтық атмосфера ластануы дәрежесіне сәйкес жоғары кернеулі ЭБЖ сүйемелді керілген гирляндадағы оқшаулама санымен типін таңдау және гирлянда жұмысын жауын болған жағдайға сай тексеру.
9. Тоқты тартқыш ұзындығы 6 метр кездегі, қорғаныстағы жабдықтар мен жай тартқыш аралықтарының жердегі және ауадағы минималды қашықтығын анықтау.
10. Қосалқы станса аймағында жай тартқыш биіктігін және санын анықтау.
11. Қосалқы станса кірісіне жақын жердегі, жоғары кернеулі электр беріліс желісінің найзағайға төзімділік деңгейін анықтау.
12. Қосалқы стансада 3000 пФ сыйымдылықты байланыс конденсаторы болған жағдайда, одан ұзындығы 2 мкс, амплитудасы 2 Uн тікбұрышты толқын өткен кездегі күштік трансформаторлардың оқшауламасындағы кернеуді анықтау.
13. 10 кВ торап қондырғыларына арналған доға сөндіруші катушканың минималдық қуатын, сонымен қатар ДСК болмаған және болған кездегі нейтралдағы ығысу кернеуін, фазалардың сыйымдылықты өткізгіштері мынадай қатынаста 1:0,8:0,9 болғанда анықтау.
Тапсырманың берілгендері
3.1 - Кесте
Сынық кітапшасының соңғы санының алдыңғысы 8

Шешілуші пункттер нөмірі
1

3

7

8

9

13

3.2 - Кесте
Параметрлері
Сынық кітапшасының соңғы саны 7
UЖК, кВ
110
UТК, кВ
10
ЖК қоректендіру
ЭБЖ
Сым, мм2

120

ЭБЖ ЖК бағана биіктігі, м

15

ЭБЖ ЖК жерлендіру импульстік кедергісі, Ом
15

Қорғау бұрышы, град

30
Шығыс ЭБЖ
Типі

Возд

Саны

18

ЭБЖ ұзындығы, м

3000
Қ/ст кірісіндегі разрядниктер типі
РВМ
Өткінші оқшаулама
Тоқ өткізуші стержен диаметрі, м
0,05

Фланц биіктігі, м
0,25

Фланцтың ішкі биіктігі, м
0,2

Фарфор көйлек қалыңдығы, м
0,012

Барьер саны
2

Тылсым диаметрі, м
0,2

Оқшаулама қабаттарының қалыңдығы, мм
5

Диэлектрлік өтімділік
4
3
Қ/ст жерлендіру импульстік кедергісі, Ом
10
Ауа - райы түрі
Өзг.
Берілген ауа - райының ұзақтығы, сағат
300
Атмосфераның ластану деңгейі
V

Тапсырманың шешімі:
Ср.ф=

Әдебиеттер тізімі
1. Базуткин В.В., Ларионов В.П., Пинталь Ю.С. Техника высоких напряжений. Изоляция и перенапряжения в электрических системах. - М.: Энергоатомиздат, 1986. - 464 с.
2. Михалков А.В. Техника высоких напряжений в примерах и задачах. - М.:Энергия,1988.-227 с.
3. Техника высоких напряжений. / Под ред. Разевига Д.В. - М.: Энергия, 1978. - 488 с.
4. Степанчук К.Ф., Тиняков Н.А. Техника высоких напряжений.-Минск: Высшая школа, 1982.-367с.
5. Электротехнический справочник. Том 3, кн. 1.-М.:Энергия, 1986.-564с.
6. Борисов В.Н., Халилов Ф.Х. Изоляция электрооборудования электрических станций и подстанций. - М.: Издательство МЭИ, 1992. - 243 с.
7. Борисов В.Н., Халилов Ф.Х. защита от перенапряжений в электрических сетях 6-35 кВт. - Алма - Ата.: Издательство <<Кайнар>>, 1991. - 178 с.
8. Техника высоких напряжений. Под общей редакцией д.т.н., профессора Г.С. Кучинского. - Санкт - Петербург, Энергоатомиздат,2003. - 606 с.
9. Арестова В.В. Борисов В.Н. Техника высоких напряжений в упражнениях и задачах. - учебн. пособие. Алма-Ата, 1991. - 79 с.

Ұқсас жұмыстар
Электр шамы
Резисторлардың тізбекті жалғануы
Мәтінді тер
Электрқыздырғыш құралдар. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар
Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері
Технология пəнінен оқу бағдарламасы
Қауіпсіздік техникасы
Электр санауыштар туралы
Айнымалы тоқ. 11 сынып
Электр тізбегіндегі есептеулерге зертханалық сабақ.10-сынып
Пәндер