Ыбырай Алтынсарин: құзыреттілікке бағытталған оқыту бағдарламасы мен әдістемелік тапсырмалар

Оқыту бағдаршамы
1. Ыбырай Алтынсарин - оқулық авторы.
Ыбырай өлеңдерінің тақырыбы, көркемдік әлемі
2. Ыбырай - шағын әңгіме шебері.
3. Ыбырай - қазақ балалар әдебиетінің атасы.
4. «Ыбырай - көрнекті прозашы» деген пікірмен келісесің бе?
5. Қалай ойлайсыңдар, Ыбырай әңгімелерінің бүгінгі күн өміршеңдігі бар ма?
6. Топтастыру стратегиясы
7. «Мен үшін . . . » өз ой - пікіріңді білдір.
8. Үйге:
- «Қазақ хрестоматиясына» енген шығармаларын топтастырып, тәрбиелік мәнін дәлелдеңдер.
- Ыбырай өлеңдерінің тақырыбын, көркемдік әлемін ашып, дәлелдеңдер. Кесте түрінде топтастырыңдар, бір арнаға жинақтаңдар, қорғаңдар.
- Модель құрастырыңдар:
Тақырыптары, көтерген мәселелері, философиялық түйіндер, даналық, нақыл сөздері.
- Модель құрастырыңдар:
Атасы Балғожа бидің ықпалы, мақсатын айқындау, ағартушылық - демократтық көзқарасы.
Шарттары: тәрбие мәселесіне және еңбек тақырыбына арналған шағын әңгімелерін талдау, саралау;
Өздерің таңдап алған әңгімелерден даналық, нақыл сөздерді теріп алыңдар немесе қорытынды шығарып, ой түйінін келтіріңдер.
- бір - біріңнен ( қарсылас топтан) интервью алып, оны ортаға салуға сұрақтар әзірлеңдер. Пікірлеріңді білдіріңдер.
- Ақын әңгімелерінде атап көрсетілген адамдық қасиеттердің болашақтағы өміріңе қажеті бар ма? Осы мәселе айналасында ой толғаңдар. Пікірлеріңді жинақтап, сыныптағы білім қоржынына салыңдар.
- Ыбырай әңгімелеріндегі адамгершілік қасиеттерді топтастыру.
- Ыбырай әңгімелері арқылы неге үйрендім? Топтастыру.
- Мен үшін Ыбырай атаның әңгімелерінің тәрбиелік мәні зор . . .
- Ыбырай атаның арманына біздер жетіп отырмыз . . .
- «Ғылым - жанып тұрған шырақ», - дегендей . . . ойды жалғастыр.
- «Қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер» тақырыбына эссе жазу.
- «Ыбырай және болашақтағы қазақ мектебі» тақырыбына пікір таласын жүргізуге сұрақтар әзірлеп келіңдер.