Мұғалімнің рөлі мен кәсіби-адамгершілік талаптары

Мұғалім - мектептегі басты тұлға.

Ұстаз қоғамда әлеуметтік рөл атқарады мұғалімнің еңбегі тәрбиемен байланысты. Оның еңбегі м Мұғалім - мектептегі басты тұлға әңгілік және жалпы адамзаттықбиіктен көрінеді. Сондықтан мұғалімге қойылар талап-тілектер адамгершілік таразысына салынған таңдаулы қасиеттер болып табылады. Кемеңгер ұстаз Әбунәсір әл-Фараби: «Ұстаз . . . жаратылысынан өзіне айтылатынның бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне де жақсылық пен ізгілік көрсетіп . . . қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»-деген.

Мұғалім - мектептегі басты тұлға. Қай мектептің болсын, нәтижелі, жемісті жұмыс істеуі, түптен келгенде, сол оқу орнында еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне, қарым-қатынасына, көзқарасына тікелей байланысты. Мұғалім әрқашанда болашақ үшін қызмет етеді. Әр сыныпта ұстаз алдында отырған шәкірттерде сол болашаққа барар жолүстіндегі талапкерлер. Олардың әрқайсының мектеп қабырғасынан аттанып үлкен өмірге араласқанда, одан алатын орны, оған көзқарасы - өздерін оқытқан ұстаздарының берген білімінің, үлгі-өнегісінің, тәрбие тағылымының заңды жалғасы іспетті.

Ұстаздардың өз ісіне жауакершілігі, ізденгіштігі, шәкірттеріне ыстық ықлас-пейілі, кең жүректілігі - олардың өмірге құштарлығының, жастық жігер, жалынының күш-қуат алар қайнар бастауы. Сондықтан өзін, өз еңбегін құрметтейтін ұстаз өзінің алдында егеменді елдің ертеңгі ұл-қыздары отырғанын бір сәт естен шығармауы тиіс.

Педагогтың кәсіби қызметі оның мінез-құлқымен сабақтас. Бұл сабақтастықтан айырлған мақұрым қалмақ. Ал ең алдымен ұстаздың білімділігі жоғары болуы керек. Шәкірт ұстазының бойындағы барлық кемшіліктерді кешіруі мүмкін. Бірақ оның білімсіздігін кешірмейді. Әрбір мұғалім өз пәнінің білімгері болыпқана қоймай, педагогика мен психология ғылымына жетік болуы тиіс. Мұғалім бұлтсыз аспандай ашық, тұнық судай терең, жолы даңғыл, бағыты айқын адам болуы парыз. Педагогтің моральдық қасиеттерінің ең бастыларының бірі - азаматтық пен Отан сүйгіш үлгісінде көрінуі.

Ұстаз - өз халқының перзенті, өз ұлтының қозғаушы күші іспеттес шыншылдық пен адалдық- ұстаз беделінің бастау көзі.

Қай мұғалімнің болсін өз ісіне жауапкершілігі өзінің іс тәжірибесінде оқытудың озат әдіс-тәсілдерін шығармашылықпен қолдана білуімен немесе әр сабағында тыңғылықты әзірлігінен, қоғамдық еңбектегі белсенділігінен ғана емес, ең бастысы, өзіне өзі талап қоя білуінен, өз білімін үнемі жан-жақты байытып, жетілдіруге ынта-ықыласынан, жалықпайтын ізденгіштігінен айқын байқалады. Бұл орайда әр мұғалім әріптестері тарапынан қолдау, жанды көмек, пайдалы ақыл-кеңес күтеді. Өзі еңбек ететін ұжым мүшелерінен дер уақытында сүйеніш тапса, оның еңбекке ынта-ықыласы, өз ісіне жауапкершілігі арта түседі . Сондықтан қолымыздан көмек-қолдауды бір-бірімізден аямаумыз керек.

Ыбырай Алтынсарин айтқандай, мектептің жүрегі болуымыз керек, ақауы жоқ, таза қанды, адал жанды, тоқырап, тоқтап қалауды білмейтін, өмір-бойы балалармен бірге соға беретін жүрек керек мектепке. Мектептің жүрегі бола білу - өмірден өз орын табу деген сөз.

Қорыта келгенде мұғалімнің алдында егемді еліміздің ертеңгі болашағы тұр. Әрқайсымыз сол болашақ үшін, сол ұрпақ үшін жауакершілік биігінен көрінейік.


Ұқсас жұмыстар
12 жылдық жалпы орта білімге көшу: мұғалімнің кәсіби рөлі мен дайындық талаптары
Өзін-өзі тану пәніндегі мұғалімнің рухани-адамгершілік рөлі
Мұғалімнің тұлғалық-қәсіби сапалары және жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі
Жаңа мектепке қазіргі заман мұғалімінің рөлі мен кәсіби талаптары
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен инновациялық тәжірибенің рөлі
Ұстаздықтың мәні мен кәсіби-тәрбиелік талаптары
Мектеп математикасында пәнаралық есептердің рөлі мен талаптары
Оқушылар табысының кепілі: мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзіреттілігі
Мұғалімнің өзін-өзі жетілдіруі: кәсіби дамудың теориясы мен практикалық тәсілдері
Инновациялық мәдениет және заманауи мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz