Арифметикалық прогрессия: алғашқы n мүшелерінің қосындысының формуласы

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Шебер сынып
Тақырыбы: «Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің
қосындысының формуласы»
Сыныбы: 9
Пәні: алгебра
Пән мұғалімі: Арисланова А.
№123 «Самал» жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Сарыағаш
2015-2016о/ж
Сабақ тақырыбы: «Арифметикалық прогрессияның алғашқы n
мүшесінің қосындысының формуласы»
Сабақ мақсаты: а) Арифметикалық прогрессия тақырыбын
меңгерту, қасиеттерін түсіндіру.
ә) Есептер шығару арқылы өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
б) Топтасып жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, әдептіліккке тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер: «Ақылдың алты қалпағы», «Сырға толы конверт» т. б
Сабақ көрнекілігі: қалпақтар, плакаттар, маркер, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Сәлемдесу. Түгелдеу. Топқа бөлу. Топ ережесімен таныстыру. Сабақтың мақсаты мен, сабақтың өту барысын түсіндіру.
2. Психологиялық дайындық жасау. «Көңілді доп» әдісі.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау -Білу
- «Ақылдың алты қалпағы» әдісі арқылы прогрессияның қаситтеріне тоқталу.
1-топ:Сандар тізбегі жайлы толық мәлімет.
2-топ:Арифметикалық прогрессияның n-мүшесінің формуласы.
3-топ: Арифметикалық прогрессияның жалпы мүшесінің формуласын анықтау.
4-топ:Өспелі және кемімелі прогрессия жайлы мәлімет.
- «Сырға толы конверт» әдісі арқылы арифметикалық прогрессияға арналған есептер шығару.
1) 15-тен 30-ға дейінгі 3-ке еселік сандардың жалпы мүшесінің формуласын жазыңдар
2) 12 және 78 сандарының арасына арифметика-
лық прогрессия құрайтын 5 сан жазыңдар
3) (17; 13; . . . ) арифметикалық прогрессияның жетінші мүшесін табыңдар
4) (-31; -28; -25; . . . ) арифметикалық прогрессияның қандай мүшесі
ІІІ. Жаңа сабақ - Түсіну
Арифметикалық прогрессияның n мүшесінің қосындысының формуласы.
Арифметикалық прогрессияның тағы бір қасиетін қарастырайық. Егер а 1 , а 2 , а 3 , . . . а n-2 , a n-1 , a n сандары арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесі болса, онда бұл тізбектің ұштарынан бірдей қашықтықта орналасқан мүшелерінің қосындысы оның ең шеткі мүшелерінің қосындысына тең болады. Яғни 1≤k≤n
a k +a n-k+1 =a 1 +a n теңдігі орындалады. (1)
Енді арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын анықтайық. Оны S n деп белгілейік. Онда
S n =a 1 +a 2 +…+a n-1 +a n-2
1-формуланы ескер отырып
S= формуласын аламыз. Ал а n =a 1 +(n-1) d теңдігін ескерсек,
S n = формуласы шығады.
ІV. Есептер шығару - Қолдану.
№251 - 1, 3, 5
№253 - 2, 4
V. Сергіту - Қызықты тест.
VІ. Қосымша тапсырмалар - Талдау.
- Айырмасын анықтаңдар.
- Алғашқы 30 мүшесінің қосындысын табыңдар
VІІ. Техникалық диктант - Жинақтау.
VІІІ. Қорытындылау - Оқушылардан кері байланыс алу
ІХ. Үйге тапсырма - №251 (2; 4; 6)
№253 (1; 3)
Х. Бағалау.