Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Күй тартыстың мәні
3 - класс
Сабақ тақырыбы: Күй тартыстың мәні.
Музыка тыңдау: << Нар идірген >> аңыз - күй, << Бұлбұл >> Дәулеткерей
,<< Бұлбұлдың құрғыры >> Құрманғазы
Үй тапсырмасы: Мысал айтыс.
<< Аңдардың айтысы >> Муз: Шолпан Құлманова
Сөзі: Рахат Наурызбаева
Мақсаты: Айтыс түрлерімен танысу. Күй айтыс жөнінде түсінік
беру . Музыка сауатын дамыту. Күй арқылы музыкаға
қызығушылығын арттыру. Халық мұрасын қадірлеп
қастерлеуге үйрету.
Әдісі: Әндер орындау, күй тыңдау
Көрнекілігі: Баян, слайд, күйлер, ноталар, интерактивті тақта
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушы назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақтар беру.
а) << Айтыс >> деген не? Айтыс түрлерін ата.
( Екі адамның дауласуы, тартысуы, айтысуы.
Бәдік, жар-жар, ақындар, қыз бен жігіт, мысал айтыс т.б.) ә) << Мысал айтыс >> деген не?
( Жан - жануарларды, аңдарды, жансыз нәрселерді сөйлету
арқылы орындалатын айтыс түрі.)
б) << Аңдардың айтысы >> - авторларын ата.
( Муз: Шолпан Құлманова
Сөзі: Рахат Наурызбаева )
в) Нота оқу арқылы әндерді еске түсірейік.
<< Аңдардың хоры >>, << Түлкінің әні >>, << Аюдың әні >>
( Нота сызығына орналасқан нота аттары слайдтан көрсетіледі. Ноталарды оқытып, баянмен әуенін орындап беріп, әнді орындату.)
- Сонымен, балалар, біз айтыс дегеннің не екенін, оның көптеген түрлері бар екенін білдік. Өткен сабақтарда өтілген айтыс түрлері екі адамның сөз таласы болса, сонымен қатар айтысты ән айту, күй тарту арқылы ұйымдастыруға болады екен. Айтыс өнері, күй өнері халық музыкасының бір түрі.
- Халық музыкасының түрлерін еске түсірейік.( ән, күй, терме, айтыс, жыр ).
- Күй дегеніміз не? ( Домбырамен орындалатын сөзі жоқ әуен)
Күйдің сөзі болмағанымен, мазмұны, тақырыбы, шығу тарихы боладыЯғни , бүгінгі сабағымыз күй тартыс туралы болмақ. Олай болса, дәптерімізге << Күй тартыстың мәні >> деп сабақ тақырыбын жазып қояйық.( дәптерге, тақтаға жазу)
ІІІ. Жаңа сабақ:
Айтысты тек сөз арқылы ғана емес, ән айту, күй тарту арқылы да ұйымдастыруға болады. Сондай айтыстардың бірі - күй айтыс. Күй тартысқа екі немесе бірнеше адамның қатысуына болады. Күйшілердің күй айтысқа түсудегі негізгі мақсаттары: Өздерін елге таныту, шығармашылығын дамыту, өз шеберлігін сынау болып табылады.күй тартысты 3 түрлі негізде өткізетін болған.
1. Күйді біріншісі тоқтаған жерден екіншісі жалғастыру.
2. Күйшілер бір - бірінің орындаған күйлерін қайталамау.
3. Бірі орындаған күйді қайталап тарту.
Күй айтыстың бірінші түріне мысал ретінде халықтың аңыз - күйі << Нар идіргенді >> айтуға болады. Бұл күйдің қысқаша мазмұны: ботасы өлген түйені күй арқылы идіру. Күй айтысқа 3 кісі: шал, жас жігіт, жас бала түседі.( << Нар идіргеннің >> сыбызғы арқылы орындалған түрімен, 6 - класс оқушысы Әдіс Сымбаттың орындауындағы домбыра аспабымен орындалған түрін тыңдату)
Екінші түріне халық күйі << Мақтаншақ жігітті >>мысал ретінде айтуға болады. Бұл күйгеде 3 кісі. Жігіт, қыз, қыз анасы қатысады.
Үшінші түрі ең күрделісі болып саналады, яғни, қарсыласы тартқан күйді екіншісі білмеуі мүмкін. ХІХ - ғасырда күй айтыстың осы түріне Құрманғазы мен Дәулеткерей атты күйшілер түскен. Екі күйші бірін - бірі жеңе алмай отырған уақытта Дәулеткерей << Бұлбұл >> атты күйін сол мезетте ойдан шығарса, Құрманғазы жауап ретінде << Бұлбұлдың құрғыры >> атты күйін шығарып айтысты тоқтатқан екен деседі. Енді осы екі күйден үзінді тыңдасақ. ( Тыңдау )
- Ал, балалар, қандай сезімде болдыңдар? ( жақсы )
- Сонымен, күй тартыстың қанша түрі болады екен? ( 3 )
- Күйлер қандай аспапта орындалды? ( домбыра )
- Домбыра аспабында тек қана күйлер орындалмайды, әндерді де орындауға болады. Домбыра аспабына арналған әндер де бар. Енді нота диктант жазу арқылы домбыра аспабына арналған әнді тауып алайық.
Бекіту:
( Слайдтан нота аттары жазылған бес сызық көрінеді. Тақтада 1-2 бала орындап , қалғаны нота дәптермен жұмыс жасайды. Аспаппен орындап беремін.)
- Қандай ән?
<< Домбырасыз сән қайда? >>
- Бұл әнді балалар композиторы Ибрагим Нүсіпбаев жазған. Енді осы әнді еске түсіру арқылы сабағымызды аяқтаймыз.( орындату)
Қорытындылау.
Үйге тапсырма беру: әнді қайталау, мазмұндау, Дәулеткерей мен Құрманғазы шығармашылығымен танысу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz