Коучинг сабағының жоспары мен рефлексивтік есебі: Коуч - өз мақсатыңа жету жолындағы демеуші

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы

«№31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

ҚазақстанРеспубликасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

курстарының бірінші (ілгері) денгей бағдарламасын игерген, жоғары

санатты математика пәнінің мұғалімі Масакбаева Сайра Сабырхановна

Коучинг сабағының жоспары

Тақырып: Коуч - өз мақсатыңа жету жолындағы демеушің.

Коучинг сабағының мақсаты
Коучинг үдерісімен таныстыру
Коучинг сабағының мақсаты: Коучинг сабағының міндеттері
Коучинг үдерісімен таныстыру: Коучтің іс-әрекеті
Мұғалімдердің іс-әрекеті
Күтілетін нәтиже
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Бағалау (табыс критерийлері)
Коучинг сабағының мақсаты:

1. Топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдарымен таныстыру;

2. Коуч пен тәлімгердің ара жігін ашу

3. Коуч дағдыларымен таныстыру

Коучинг үдерісімен таныстыру:

1. Ұйымдастыру (сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстыру) .

2. Жағымды орта қалыптастыру мақсатында сергіту сәтін өткізу.

3. Топқа бөлу. «Атомдар мен молекулалар» ойыны. (Топ ережесімен, топтағы рөлдермен, олардың міндеттерімен таныстыру) Топтағы жұмыстың барысын бақылау.

4. «Коучинг» сөзінің мәнін ашу мақсатында ой қозғау.

«Коуч» сөзіне анықтама беру.

5. «Коуч» пен «Тәлімгер» айырмашылығын ажырату үшін тапсырма беру (әр топ өз ойын постерге белгілейді) .

6. Барлық топтарды тың дап, оларды дұрыс шешім қабылдауға бағыттау.

1. Топқа бөлінеді.

2. Рөлге бөлінеді.

3. «Коучинг» дегенді қалай түсінесіздер?» сұрағы аясында ой қозғайды.

4. Топта өзара ойланады, талқылайды, қолдау көрсетеді. Түйінді нәтиже шығарып, постерге жазады.

5. Постерді қорғайды

1. Топта жұмыс істеп үйренеді.

2. «Коуингч» сөзінің мағынасын түсінеді.

3. «Коуч» пен «Тәлімгер» мағынасын ажырата біледі.

4. Коучтер мен мұғалімдер коучинг үдерісі дегеніміз не екенін түсінеді, коучинг отырыстарын жоспарлай алады.

1. Баяндау

2. Іздену

3. Түсіндіру

4. Топтық

жұмыс

5. АКТ

6. Ой қозғау

7. Диалогтық әдіс

1) Тиімді кері байланыс жүргізу;

2) «Әріптес үні»(бейне жазба)

Коучинг сабағының мақсаты:
Коучинг үдерісімен таныстыру:

«Коуч - өз мақсатыңа жету жолындағы демеушің» атты коучинг сабағы бойынша рефлексивтік есеп

Тақырыбы: « Коуч - өз мақсатыңа жету жолындағы демеушің ».

Бұл тақырыпты алуға себеп болған ол 3 деңгей бағдарламасын аяқтаған мұғалімдерді коуч ретінде қалыптастырып, оқытудың 7 модулімен барлық мұғалімдерді ақпараттандыру жұмысына тарту. .

Коучингтің мақсаты:

Коучинг үдерісімен таныстыру
Мұғалімдерге коучинг өткізу туралы түсінік беру. Іс-тәжірибеде осы әдіс-тәсілдерді қолдануға бағыттау.

Міндеттері:

1. Топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдарымен таныстыру;

2. Коуч пен тәлімгердің ара жігін ашу

3. Коуч дағдыларымен таныстыру

Коучингке 3 деңгей бағдарламасын аяқтаған мұғалімдер қатысты. Коучингім сергіту сәтінен басталды. Оқу жылының аяғында барлығында шаршағандық, самарқаулық бар екені белгілі, ал әуенді қимыл әрекеттер мұғалімдердің аз да болса да серпілткендей әсер қалдырды. Жұп жұппен қарама қарсы тұра қалып оқу жылы аяғында бір біріне жылы лебіздерін білдірді. Қалыпты жағдай қалыптасқан соң «Атом, молекула саны» бойынша екі топқа бөлінді. Топтық жұмысқа қажетті құрал жабдықтар таратылған соң жұмыс барысымен таныстырылды. Өздері асығыстық танытқан соң, аздаған мағлұмат беріп, өздік жұмысқа постер әзірлемесін даярлауға тапсырдым.

Постер әзірлемесі: . «Коучинг» дегенді қалай түсінесіздер?»

Мұғалімдер 3денгей бағдарламасын меңгерген, бағдарлама бойынша жұмыс жасап жүргендіктен жұмыс бірден оңға басты.

Топтық жұмыста мұғалім бақылаушы, бағыт беруші болады ғой, сол сияқты мен де екі топтың жұмыс істеуіне қарап, талдауларына құлақ салып отырдым.

Постерлерін қорғаған соң толықтыру мақсатында қосымша мағлұматты көрнекі әзірленген слайдтар бойынша түсіндіру үшін көңілдерін интерактивті тақтаға аудардым. «Коучтарды оқыту және жетілдіру» атты бейне роликті көруді ұсындым.

Қорытындысында бейне роликті талдап, мұғалімдер пікіріне құлақ астым.

Сабақ соңында, ой-түйіндемелерін стикерге түсіріп, ризашылықтары мен түсініктерін білдірді.


Ұқсас жұмыстар
Талантты және дарынды балаларды анықтау тақырыбындағы коучинг сессиясының рефлексивтік есебі
Ана тілі сабағының рефлексивтік есебі: Блум таксономиясын қолдану
Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамытуға арналған коучинг-сессияның рефлексивтік есебі
Топтық жұмыстың тиімділігі: мұғалімдерге арналған коучинг жоспары мен рефлексивті есебі
Диалогтік оқу бойынша ІІ деңгейлік мектеп коучингінің рефлексивтік есебі
Сабақта Блум таксономиясы арқылы оқыту мен оқудағы бағалауды тиімді ұйымдастыру: коучинг жоспары мен рефлексивтік есеп
Бастауыш сыныпта оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің рефлексивтік есебі
Жетістікке жету өз қолыңда: мұғалімдерге арналған психологиялық ахуал қалыптастыру тренингі
9-сыныптың рефлексивтік есебі: Маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау
9-сынып рефлексивтік есебі: Дене импульсі және импульстің сақталу заңы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz