Балықты алғашқы өңдеу

Ас - адамның арқауы.

Айнагул Халелқызы Жүнісова

№ 10 орта мектептің технология пәні мұғалімі.

Қостанай қаласы.

Күні: 24 қыркүйек

Сынып : 7 «б»

Сабақтың тақырыбы : « Балық »

Мақсаты :

а) Білімділігі : тамақ түрлерін жасай білуді,

оның жасалу жолдары туралы түсінік беру.

б) Дамытушылығы : тағам әзірлеуде өз шығармашылығымен орындауға

аспаздық қабілеттерін дамыту.

в) Тәрбиелігі : қыз баланы үй шаруашылығына икемді болуға,

ас мәзірін дайындауда тиянақты,

жинақы, таза істеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: интрактивтік тахта

Эпиграф: Ас әзірлей білу де - өнер.

Өмір нәрі- атакәсіп.

Сабақ түрі : топтық жарыс

Пәнаралық байланыс : музыка, әдибиет, химия, география,

бейнелеу, медицина.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен амандасу

б) Оқушыларды түгендеу

в) топқа бөлу:1-топ « Шортан », 2- топ « Шәбақ »

1- тапсырма - « Тапқырлық »( оқушы ой- өрісі )

Кел балалар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық, - деп жұмбақ шешіп көрейік.

  1. Тақия мұрын бір құлағы бар,

Самаурын қасында тұрағы бар. ( Шәйнек )

2. Сен оның қадірін білші күнім,

Соған деген болсын тек құлшылығын,

Бір үзім болмаса егер қарап қалып,

Өшер еді өмірден тіршілігің ( Нан )

3. Суда туады, суда өледі ( Тұз)

4. Үйірсек, туысқан бауырмал,

Жесең көңілің жаңарар.

Томпақ, өзі сары алтын.

Пісірген оны аналар ( Баурсақ )

5. Сылдыр сұйық су емес І

Ішсең сусын қанады.

Ақ болса да қар емес,

Шешуін кім табады ? ( Сүт )

6. Аузынан ішкені, мұрнынан шығады. ( Шәйнек )

2. - тапсырма - « Окушы ұшқырлығы »

Бәйге ойыны бойынша жеті құпия ( Жеті пәннен сұрақ )

  1. Биология .

Егер тамақта не нәрсе жетіспесе баланың дамуын күрт тежейді ?Ол ересе адамдардың денсаулығын едәуір бұзады, еңбекке қабілетін нашарлатады, ағзаның тұмауға, жұқпалы ауруларға қарсылығын кемітеді .

Ол не ?( Ақуыз)

  1. Медицина.

Авитаминоз қандай ауру ?

( Бұл ауру ұзақ уақыт толық құнды тамақтанбаудан, тамақ құрамында тиісті дәрумендер болмауының нәтижесінде болатын ауру )

  1. Әдебиет.

Үйірілген сары алтындай сары қымыз,

Ауруға ем, сауға куат дәрі қымыз

Елімнің социалистік сүйген асы

Шығаршы тағы нең бар дәрі қымыз, -деп жырлаған бір ғасырлық тарихы бар ақынымыз кім ? ( Жамбыл Жабаев)

  1. Бейнелеу өнері.

«Дастарқан » натюрмортының авторы кім ?

(Айша Ғалымбаева)

  1. Музыка.

Дастарқанға байланысты қандай әндер білесіңдер ?

( « Қазақы дастарқаным ». « Дастарқан-ау, дастарқан » )

  1. Математика

Ертедегі ақылды кемпір өз үйін, малын қалай ұрылардан

аман алып қалған ? ( Сапырып- сапырып, сарманға бер, құйып-құйып Құманға бер, төрдегі төртеуге бер, есіктегі екеуге бер» деп аман алып қалған )

  1. География

Төрт түліктің қиелісі - түйе малының шыққан жері

( Орта Азия, Қазақстан )

3- тапсырма- Аспаз- маман

Балықтан қандай тағам түрлерін дайындай аласын?

( Оқушылар өздері дайындаған тамақ түрлерімен таныстырады )

4- тапсырма - Балыққа байланысты сурақтар ?

1. Балықтың тағамдық құндылығына кіреді?

2. Балықты алғашқы өңдеу технологиясы ?

3. Балықты өңдеу тәсілдеріне кіреді ?

4 Балықта немен бай ?

5- тапсырма . Тест

  1. Балық немен бай ?

а) фосформен б) йодпен в) дәруменмен

  1. Балықты алғашқы өңдеу ?

а) ерту, ішек-қарын алу, құйрығын алу,

б) ерту, қабыршығын тазарту, ішек-қарын алу,

жүзу қанатың алу, жуу, бөлшектеп кесу.

в) ішек- қарын алу, қабыршығын тазарту,

жуу, бөлшектеп кесу .

  1. Сүық және ыстық тағамды дайындағанда,

балықты салады ?

а) ыстық суға б) сүық суға в) бәрі бір

  1. Балықты жылы өңдеу тәсілдеріне кіреді ?

а) қүыру, бұқтыру б) бөлу, пісіру в) қүыру, пісіру

  1. Балықты қандай суда ертеді?

а) ыстық суда б) суық сада в) бәрі бір

  1. Балықтың тағамдың құндылығына кіреді ?

а) ақуыз, мац, мин заттар, дәрумендер А, В, Е, В2, В12, РР, фосфор

б) ақуыз, йод, дәрумендер А, С, Д, В, май

в) май, ақуыз, дәрумендер С, Д, В, В12, фосфор.

  1. Балық сорпасын неше минут пісіреді ?

а) 7-9 мин б) 10-12 мин в) 20-15 мин

6- тапсырма . Қорытынды.

Сандарды кішісінен үлкеніне қарай қойып,

астындағы әріптерден сөйлем құра.

Тәбетіңіз ашылсын.

Не үйрендік ? Не үйренгіміз келеді ?

Бағалау :

Үйге тапсырма : ас мәзірін үйрену қыз бала үшін қажет пе деген

сауал төңірегінде өз пікірлерін жазу.


Ұқсас жұмыстар
Қабыршақты балықтарды өңдеу және қуыру
Бұйым етегін өндеу
Балықтар
Бұйымдарға қолданылатын ою-өрнек түрлері
Майшабақ және көкөніс салаты. 7-сынып қыздарға
Графиктік ақпаратты өңдеу
Салыстыру. 1-сынып
Орманға саяхат
Ислам дініне дейінгі діни нанымдар
Балықшының суретін салып мінезін жазу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz