2-сыныпқа арналған Хайуанаттар бағына саяхат тақырыбындағы сабақ жоспары және әдістемелік сипаттама

Дүниетанудан 2-сыныпта өтілген сабақтың тақырыбы:

«Хайуанаттар бағына саяхат».

Сабақтың мақсаты.

Білімділік мақсаты: оқушылардың жануарлар туралы алған білімдерін пысықтай отырып, тақырып мазмұнын меңгерту.

Дамытушылық мақсаты: тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға, тапқырлыққа, танымдық қабілетін арттыруға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: жануарларды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жануарлар бейнеленген суреттер, слайд, саяхат сызбасы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Жаңа технология: СТО стратегиялары «Топтастыру», «Венн диаграммасы», «Пирамида».

Сабақтың түрі: саяхат сабағы.

Пәнаралық байланыс: экология, әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық тренинг.

-Балалар, мен бір хат алдым. Сол хатты сендерге оқып бергім келіп тұр.

Х А Т.

«Құрметті екінші сынып оқушылары! Біз сендерді жасыл үйге қонаққа шақырамыз. Мұнда көптеген қызықтар бар. »

-Қалай ойлайсыңдар? Хаттың иелерін біз білеміз бе?

Оқушылар жауабы тыңдалды (жәндіктер, жануарлар, құстар, аңдар) .

Жаңа сабақ.

-Балалар, бүгінгі сабақ тақырыбы «Хайуанаттар бағына саяхат» деп аталады. Бұл хайуанаттар бағы Орал қаласында орналасқан. Оған жету үшін қандай көлікті таңдағанымыз дұрыс?

Автобус (тақтада автобус суреті шығарылады) .

Неліктен?

Дұрыс. Жеңіл көлікке бәріміз сыймас едік. Автобуста бәрімізге орын жеткілікті.

Жүргізушінің тапсырмасы.

Автобусқа мініп жолға шығу үшін жүргізушінің мынадай тапсырмасын орындау керек. Мына суреттегі жануарларды топқа бөліп топтастырайық.

Топтастыру.

жорғалаушылар құстар

сүтқоректілер жануарлар жәндіктер

қосмекенділер балықтар

Қазақстанда сүтқоректілердің -155, құстардың - 480, бауырымен жорғалаушылардың -48, қосмекенділердің- 33, балықтардың -150 түрі бар.

Бұл топтардың айырмашылығы мен ұқсастығы қандай?

Айырмашылығы:

Құстар ұшады. Жорғалаушылар бауырымен жорғалайды. Сүтқоректілер балаларын сүтімен асырайды. Қосмекенділер құрлықта да, суда да тіршілік етеді.

Ұқсастығы:

Тіршілік ету үшін жануарларға су, ауа, жылу, жарық, қорек керек.

-Дельфин мен киттің қандай ерекшелігі бар?

- Үкі мен жапалақтың ерекшелігі неде?

-Түйе туралы не білесіңдер?

- Жыртқыш аңдар туралы не білдіңдер?

Билет сатушының тапсырмасы.

-Міне балалар хайуанаттар бағындағы билет сататын орынға да келдік. Билет алу үшін сатушының мынадай тапсырмасын тыңдаңдар.

1. Суреттегі жануарларды атаңдар. Жолбарыс, арыстан, қасқыр, қой, жылқы, аю, кірпі.

2. Осы жануарларды қоректену түріне байланысты топтарға ажыратыңдар.

Шөпқоректілер: қой мен жылқы.

Жыртқыштар: қасқыр, жолбарыс пен арыстан.

Талғаусыз қоректілер: аю мен кірпі.

3. Оқушыларға барыс, қасқыр, аю т. б. жануарлар туралы әңгімелету.

Саяхатшының тапсырмасы.

Хайуанаттар бағына кірейік. Мұнда саяхатшы апай сендерді жануарлармен таныстырады. -Үйде бағылатын жануарлардан түйе мен есек бар екен. Түйе қандай жануар? Өздерің білетін үй жануарларын атаңдаршы. Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Неліктен оларды үй жануарлары деп атайды? Адамдар қолда ұстап, күтіп бағады. Төлдерін өсіреді.

Жұмбақтар шешу.

1. Жапырақ жоқ бұтасында, қос емен өсіп тұр бір басында. Ол не? (Бұғы)

2. Жаз бойы орман кезеді, жеміс-жидек қорегі. Апан-оның іні, қысқы ұйқы-ермегі. Ол не? (Аю)

3. Төрт аяқты, бір басты, жорғалайды жап-жақсы. Арқасында күймесі, күйме толы инесі. Ол не? (Кірпі)

4. Алқызыл жоны түрленген, құйрығы шар үрленген. Далада жортып, жалтақтап, қулықпенен күн көрген. (Түлкі)

5. Ирең-ирең еткен, судан да, жолдан да өткен. Оны көрген жерден барлық адам безген. (Жылан)

6. Бауырын жазып шаба алмас, озып бәйге ала алмас. Үстіне киген киімі жыртылмас та жамалмас. (Тасбақа)

Бұлар қандай жануарлар? Неліктен жабайы жануарлар деп аталады? Азығын өздері тауып далада өз бетімен тіршілік етеді. Жабайы жануарларды қорғау үшін қорықтар құрылады.

Венн диаграммасы

Үй жануарлары ортақ Жабайы жануарлар

А

Сергіту сәті. Музыка ырғағымен балалар қимылдар жасап, сергіп алады.

Мұғалімнің тапсырмасы.

Бақта жабайы жануарлардан қабылан, қасқыр, қоңыр аю, пони, қоян бар. Құстардан бүркіт, үкі, жорғалаушылардан жыландар бар екен. Енді мұғалімнің тапсырмасын орындаңдар. Дәптерді ашып хайуанаттар бағындағы жануарлардың аттарын жазып алыңдар.

-Неліктен бұл жануарлар тауда, суда, орманда тіршілік етпей, хайуанаттар бағында өсіріледі?


Ұқсас жұмыстар
4-сыныпқа арналған Астанаға саяхат тақырыбындағы сабақ жоспары
Тілдер еліне саяхат тақырыбындағы сабақтың оқу-әдістемелік жоспары (жалғастырушы деңгей)
2-сыныпқа арналған саяхат түріндегі Шаршы тақырыбы бойынша сабақ жоспары
1-сыныпқа арналған Кері есептер тақырыбындағы көктемгі саяхат сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған Қызықты математика әлеміне саяхат арнайы курс бағдарламасы
Екі өрнектің квадраттарының айырмасы: сабақ жоспары мен әдістемелік сипаттама
Жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісінің оқу-әдістемелік сценарийі
2-сыныпқа арналған Төрт түлік тақырыбындағы сабақ жоспары (28.10.2015)
1-сыныпқа арналған Табиғатқа саяхат тақырыбындағы Ө дыбысы мен әрпін оқыту сабақ жоспары
Бастауыш сыныпта Ертегілер еліне саяхат тақырыбындағы оқу-тәрбие сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz