7-сынып қазақ тілі: Кімге не сыйлау керек? және жекіру одағайы тақырыбына сабақ жоспары

Сабақтың өту барысы
Мұғалім әрекеті
(жұмыс түрі, орындалуы, уақыты)
-Амандасу, түгелдеу
-Назарларын сабаққа аудару.
-Тренинг: шаттық шеңбері, топқа бөлу. Сыйлық түрлері
бойынша 3 топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру
Әдісі: 1. 31-бет, мазм.
2. Көңіл-күй одағай ережесін жаттау.
Жұмыстың орындалуы:
Әр топтан 1, 2 оқушыдан жауап береді.
Сұрақтар:
1. Фонетика саласы туралы.
2. Лексика саласы туралы.
3. Сөз таптары
4. Үстеу түрлері.
5. Одағай түрлері.
Бағалау парақтарын тарату.
№ ФИО үй тапс:
Бағалау парақтары.
1-т 2-т 3-т 4-т
I білу:
1. Бүгінгі сабақта нені білуіміз керек?
2. Кімге не сыйлау керек?
3. Жекіру одағай
Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Сұрақтарға жауап беру.
1. Сыйлықтың түрлері?
2. Сыйлықты кімдерге сыйлаймыз?
3. Қандай мерекеде қандай сыйлықтар сыйлаймыз?
4. Тәйт! Жетер! Жә! сөздері қандай мағынаны білдіреді?
Үй тапсырмасында әңгіменің мазмұнын айтады және көңіл-күй одағай ережесін жатқа айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Негізгі
бөлім
Әдісі: Топтық жұмыс. Ережемен жұмыс. Мәтіндермен жұмыс.
Әдісі: Деңгейлік тапсырмалар
Сөйлем ішінен жекіру одағайды таптыртып, ережесін жаздыртамын.
1-топ. 35-бет, 2-тапс. Түсініп оқып, 2-3 топқа түсіндіру.
2-топ. 39-бет, 3-тапс. Түсініп оқып, 1-3 топқа түсіндіру.
3-топ. 43-бет, 4-тапс. Түсініп оқып, 1-2 топқа түсіндіру.
1-топ. 35-бет, 3, 2, 1 деңгей, бір тапсырмадан.
2-топ. 40-бет, 3, 2 деңгей, бір тапсырмадан.
3-топ. Диалог жазу, 1 деңгей.
Ережені ереже дәптерлеріне жазып алады.
Мәтінді оқып, түсінгендерін басқа топтардың алдында түсіндіреді. . Топтың басшысы бағалау парағы бойынша өз тобының оқушысын бағалап отырады.
Тапсырмаларды топта оқулықтарынан дәптерлеріне орындап, талдап, оқып береді. Тапсырмалар ішінен одағай түрлерін тауып, талдайды.
Тапсырмалардың дұрыстығы, қатесіз, таза, орындаулары, жазулары.
Қолпаштау
«2 жұлдыз, бір тілек»
7 сынып, қазақ тілі
Дәптермен, оқулықпен, тақтамен жұмыс.
Әдісі: өзара бағалау .
Орындалуы: бағалау парағы арқылы бір-бірін бағалайды
Орындалуы: 1. 35, 39, 43-беттер, мазм.
2. Жекіру одағай ережесін жаттау.
Әдісі:
смайликтер арқылы