Өздік есімдігінің түрленуі

Қарағанды облысы. Жезқазған қаласы. № 1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Даркенбаева Бибі-Жар Бақбергенқызы

Қазақ тілі. 7-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Өздік есімдігінің түрленуі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Өздік есімдігінің түрленуін түсіндіру.

Дамытушылық. Әр түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік. Оқушыларды тілін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, кестелер.

Сабақтың әдісі: СТО, сұрақ-жауап, жаттығу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.

Жалт-жұлт еткен, сиқырлы,

Шапанын қыс жамылды.

Шәкірттерге бүгінгі

Жаңа тақырып табылды.

Қыс қой тонын сыйлаған,

Туған жерге, қалама.

Аппақ қардай кіршіксіз

Ойлар келді санама.

Есімдіктің сырларын

Меңгерейік шамамен.

Қысты қарсы алайық,

Кілең бестік бағамен.

Үй тапсырмасын сұрау.

Топтастыру стратегиясы

102-жаттығу. Берілген сұрау есімдігін қатыстырып сөйлем құрап жазу.

Кімнің, қайсымыз, нешеуі, кімдермен, нешеуден, кімсіздер, қандаймыз.

Мысалы: Сен кімнің баласысың?

103-жаттығу. Нешінші, қайсысы деген сұрау есімдіктерін жіктеп және тәуелдеп жазып, мағыналық және тұлғалық жағынан салыстырыңдар.

Жіктеу:
нешінші
қайсысы
Жіктеу:: І
нешінші: нешіншімін
қайсысы: қайсысымын
Жіктеу:: ІІ
нешінші: нешіншісің
қайсысы: қайсысысың
Жіктеу:: Сыпайы түрі
нешінші: нешіншісіз
қайсысы: қайсысысыз
Жіктеу:: ІІІ
нешінші: нешінші
қайсысы: қайсысы
Тәуелдеу:
нешінші
қайсысы
Тәуелдеу:: І
нешінші: нешіншім
қайсысы: қайсысым
Тәуелдеу:: ІІ
нешінші: нешіншің
қайсысы: қайсысың
Тәуелдеу:: Сыпайы түрі
нешінші: нешіншіңіз
қайсысы: қайсысыңыз
Тәуелдеу:: ІІІ
нешінші: нешіншісі
қайсысы: қайсысы

Жаңа сабақты белсенді, саналы түрде меңгерту кезеңі

Өз есімдігі тәуелденіп барып септеледі.

Өздік есімдігінің септелу үлгісі

Септік
өзім
өзің
өзіңіз
өзі
Септік: Атау
өзім: өзім
өзің: өзің
өзіңіз: өзіңіз
өзі: өзі
Септік: Ілік
өзім: өзімнің
өзің: өзіңнің
өзіңіз: өзіңіздің
өзі: өзінің
Септік: Барыс
өзім: өзіме
өзің: өзіңе
өзіңіз: өзіңізге
өзі: өзіне
Септік: Табыс
өзім: өзімді
өзің: өзіңді
өзіңіз: өзіңізді
өзі: өзін
Септік: Жатыс
өзім: өзімде
өзің: өзіңде
өзіңіз: өзіңізде
өзі: өзінде
Септік: Шығыс
өзім: өзімнен
өзің: өзіңнен
өзіңіз: өзіңізден
өзі: өзінен
Септік: Көмектес
өзім: өзіммен
өзің: өзіңмен
өзіңіз: өзіңізбен
өзі: өзімен

Өз есімдігі тәуелденіп барып жіктеледі.

Өздік есімдігінің жіктелу үлгісі

жақ
өзім
өзің
өзіңіз
өзі
жақ: І
өзім:

Мен

Біз

өзің:

өзіммін

өзімізбіз

өзіңіз:

өзіңмін

өзіңбіз

өзі:

өзіңізбін

өзіңізбіз

өзімін

өзіміз

жақ: ІІ
өзім:

Сен

Сендер

Сіз

Сіздер

өзің:

өзімсің

өзімсіңдер

өзімсіз

өзімсіздер

өзіңіз:

өзіңсің

өздеріңсіңдер

өзіңсіз

өздеріңсіздер

өзі:

-

-

өзіңізсіз

өздеріңізсіздер

өзісің

өзісіңдер

өзісіз

өзісіздер

жақ: ІІІ
өзім:

Ол

Олар

өзің: өзім
өзіңіз: өзің
өзі: өзіңіз
өзі

Кейде өз есімдігі өзі орнына жүретін жіктеу есімдігімен немесе зат есіммен де тіркесіп қатар жұмсалады. Мысалы:

Мен өзім айттым

Сен өзің айттың

Сіз өзіңіз айттыңыз

Ол өзі айтты

Біз өзіміз айттық

Сендер өздерің айттыңдар

Сіздер өздеріңіз айттыңыздар

Олар өздері айтты

Өз есімдігімен жасалған өз-өзінен, өзінен-өзі, өзді-өзі деген қос сөздер дефис арқылы жасалады.

Өлеңдегі түсірілген сөздерді орнына қойыңдар:

Өзім - тәңірі табынамын . . . (өзіме)

Сөзім - құран, бағынамын . . . ! (сөзіме)

Бұзушы да, түзуші де . . ., (өзіммін)

Енді, ескілік, келдің өлер . . . ! (кезіңе)

Мағжан Жұмабаев.

Керекті сөздер: сөзіме, өзіме, өзіммін, кезіңе.

Тапсырма : Өздік есімдігін тауып, олардың қалай түрленіп тұрғанын анықта.

Өзім - түбірі өз, -ім тәуелдік жалғаудың І жағы

Өзіме - түбірі өз, -ім тәуелдік жалғаудың І жағы, -е барыс септігі

Өзіммін - түбірі өз, -ім тәуелдік жалғаудың І жағы, -мін жіктік жалғау І жағы.

  • Ойын патшалығына қош келдіңіздер!

“+” белгісін тиісті жеріне қояйық!

Өздік есімдіктері: Өздік есімдіктері
Тәуелденіп тұр: Тәуелденіп тұр
Жіктеліп тұр: Жіктеліп тұр
Септеліп тұр: Септеліп тұр
Көптеліп тұр: Көптеліп тұр
Өздік есімдіктері: Өзін
Тәуелденіп тұр:
Жіктеліп тұр:
Септеліп тұр:
Көптеліп тұр:
Өздік есімдіктері: Өздері
Тәуелденіп тұр:
Жіктеліп тұр:
Септеліп тұр:
Көптеліп тұр:
Өздік есімдіктері: Өзіңсің
Тәуелденіп тұр:
Жіктеліп тұр:
Септеліп тұр:
Көптеліп тұр:
Өздік есімдіктері: Өзім
Тәуелденіп тұр:
Жіктеліп тұр:
Септеліп тұр:
Көптеліп тұр:

Мақал-мәтелдерді сөйлем мүшесіне талда:

  1. Хас сараң өз затын өзінен қызғанады.
  2. Қорқақ өзінің көлеңкесінен де қорқады.

Өлеңдерден өздік есімдігін тауып, қалай түрленіп тұрғанын түсіндіріңдер.

Өзіңе-өзің жүк артып,

Өмір деген - тер төгу.

Бір нәрсеге құмартып,

Бір нәрседен жеркену.

Мектебім - айтар әнім,

Сан рет қайталадым.

Өзіңнен алғанымды

Өзіңе қайтарамын.

Армандаймыз, аңсаймыз, қиялдаймыз,

Мына думан өмірге сыя алмаймыз.

Бос қиялмен өтпесем жарар еді,

Көктемеген егінді жия алмай біз.

Өзімізді , себебі, жиі алдаймыз,

Өзімізден өзіміз ұялмаймыз.


Ұқсас жұмыстар
Белгісіздік есімдігінің түрленуі
Сөйлемді сөйлем мүшесіне талда
Сұрау есімдігінің түрленуі
Өлеңдерінің көркем тілі
Етістіктің шақтары туралы түсінік
Өздік есімдігі
Есімдіктерді салыстыр
Жіктеу есімдігі
Есімдіктің септелуі
Қазақ тілі сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz