Орталық Азиядағы жаратылыстану ғылымдарының дамуы және ертедегі халық астрономиясы (7-сынып, ашық сабақ)

№ 9 орта мектеп

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Жаратылыстану ғылымдарының Орталық Азияда дамуы. Ертедегі халық астрономиясы.

7-сынып

Физика пәнінің мұғалімі: Юсупова Гульзира Салимқызы

Жітіқара қ. 2014 ж

C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\яяя.jpg

Сабақтың тақырыбы: Жаратылыстану ғылымдарының Орталық Азияда дамуы. Ертедегі халық астрономиясы.

Мақсаты: Оқушылардың ізденімпаздық, ойлау қабілетін дамыту, оқушыларды зерттеу

әдістеріне үйрету, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері: Физикалық ой - өрісін дамыту, өз бетінше іздену арқылы білімін көтеру, біліктілікке талпындыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, өз бетімен жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (әр оқушы өз көршісін аспан денелеріне теңеп амандасады)
  • Балалар сендермен бірге үй тапсырмасын тексермес бұрын баға қою ережелерін қайталап жіберейік

1. Жауаптың нақтылығы

2. Жұмыс тәртібі (белсенділік)

3. Топпен жұмыс (қарым-қатынас мәдениеті)

  1. Өтілген тақырыптарға шолу. «Ыстық орындық» ойны ойналады (оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды)
  1. Қай планетаның сақинасы бар? - (Сатурн)
  2. Бір жылда неше тәулік бар? (365)
  3. Астрономия нені зерттейтін ғылым? (аспан денелерін)
  4. Астрономия грекше аударғанда нені білдіреді?(астрон-жұлдыз, номос-заң)
  5. Галактика деп нені айтады? (сансыз көп жұлдыздардың үлкен жүйесін айтады)
  6. Құс жолы нелерден тұрады? (сансыз көп жұлдыздардан)
  7. Оны ашқан кім? (Галилей)
  8. Галактикадағы ең үлкен жұлдыз? (Мю Цефея)
  9. Жердің табиғи серігі (ай)
  10. Космонавтика дегеніміз не?(космос-ғарыш, наутик-кеме жүргізу)
  1. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыпты түсіндіріп айту. Сұрақтар:

  1. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан кім? (Ньютон)
  2. Айға алғаш рет кімдер және қашан барып, оралды? (1969ж. Армстронг пен Олдрин)
  3. Аспан денелерін тұңғыш рет арнайы үлкейткіш құралмен зерттеген қай ғалым? (Галилей)
  4. Түнгі аспанды бақылайтын үлкейткіш дүрбі нешінші жылы, және қайда жасалған? (Голландия, 1608ж)
  5. Галактика деп нені айтады? (сансыз көп жұлдыздардың үлкен жүйесін айтады)
  6. Біздің галактикадағы ең үлкен жұлдыз Мю Цефея Күннен неше есе артық? (2400)
  7. Галактикалардың қандай түрлерін білесің?(спиральдық, эллипистік, бұрыс галактикалар)
  8. Біздің галактика қай түріне жатады? (спиральдық)

«Молекулалар» ойыны арқылы топтарға бөлу. Топ ережелерін қайталау. Рөлдерін анықтау (көшбасшы, хатшы, уақыт бақылаушы)

  1. Жаңа сабақ

Жаңа тақырыпты ашу.

Мұғалім: Балалар, әл-Фараби, әл-Бируни, Ибн Сина, Насыраддин Туси деген ұлы ғұламалар қай жерден шыққанын білесіңдер ме?

Ендеше, балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жаратылыстану ғылымдарының Орталық Азияда дамуы. Ертедегі халық астрономиясы»

Мұғалім: Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай? (мақсат қою)

Ал, осы мақсатқа жету үшін не істеу керек? (қойылатын міндеттер(дағдыларды дамыту, меңгеру) )

Топтарға бөлу:

Ғалымның есімін төменде берілген сипаттамалар арқылы табыңыз: (ғалымдардың суреттері тақтада көрсетіледі)

  • Бұл ғалымды «сэр» деп атаған
  • Оны «классикалық механиканың атасы» деп атаған
  • Ол «бүкіл әлемдік тартылыс заңының» авторы
  • Оның құрметіне күштің өлшем бірлігі берілген
  • Физика ғылымының бірінші ұстазы (Исаак Ньютон)
  • Мына суреттегі ғалым кім? Итальян ғалымы, инерция заңын ашқан.
  • Құс жолының орасан мол жұлдыздардан тұратынын ашқан(Галилео Галилей)
  • Қай ғалымды Пушкин «Орыс халқының бірінші университеті» деп атады?

( М. В. Ломоносов )

Оқулықпен жұмыс

Бөліммен оқу

Ньютон тобы -1-2 бөлімдерді оқу (Ұлықбек)

Галилей тобы -3-4 бөлімдерді оқу (Әбу Насыр әл-Фараби)

Ломоносов тобы -5 бөлімді оқу (Анақарыс) -төмен оқитын оқушылар жауап береді

Ежелгі аңыздарындағы аспан денелерінің қазақ атаулары-3-топ жауап береді

Мұғалім: Осы ғалымдардың барлығы ғылымның дамуына үлкен үлестерін қосқан.

Тұжырымдамалық карта

Сонымен, балалар, біз астрономия және физика не туралы ғылым екенін оқып білдік.

Сондықтан тұжырымдамалық картаны толтырамыз.

  1. Физика
  2. Астрономия
  3. Ертедегі халық астрономиясы

Оқушылар алған білімдерін картаның бетіне түсіреді

Сергіту сәті: «Аспан әлеміне шолу» (жай әуен ойналады, оқушылар демалады)

  1. Сабақты бекіту:

Сайыс «Кім көп біледі?» (топ мүшелері алдын ала дайындап әкелген сұрақтарымен бір -бірімен алмасады. Жауап беріп, бірін-бірі бағалайды)


Ұқсас жұмыстар
Кушан патшалығы: Орталық Азиядағы саяси, экономикалық және мәдени дамуы
6-сынып тарихы: Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан және Сарыарқа ескерткіштері
Эфталиттер: Ортағасырлық Орталық Азиядағы феодалдық қатынастар мен ыдырау себептері
7-сынып биология: Құстардың ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы және Археоптерикс - қысқа мерзімді сабақ жоспары
Домбыра - халық мұрасы: 7-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған ашық сабақ: Бунақденелілердің дамуы мен пайда-зияны
Жаратылыстану пәндеріндегі сабақтың тәрбиелік функциясы: ойын мен халық педагогикасының рөлі
7-сыныпқа арналған бинарлы сабақ: География және физика - Канада, Орталық Америка елдері және қысым
11-сынып, жаратылыстану-математика бағыты: Анықталған интеграл және Ньютон-Лейбниц формуласы - ашық сабақ (Құдабаева Н.С.)
Ортағасырдағы түрік ғұламалары және ғылым мен білімнің дамуы (7-сынып)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz