Ә. Жангелдин атындағы орта мектептің Айгөлек шағын орталығы үшін Қасқыр, түлкі, кісі ертегісіне арналған ашық сабақ жоспары

Ә. Жангелдин атындағы орта мектеп

Тақырыбы: «Қасқыр, түлкі, кісі» ертегісі

(ашық сабақ)

«Айгөлек»

шағын орталық тобы

Өткізген: Тебенова Г. М.

2013 - 2014 оқу жылы

Бекіту: сахналау.

Сабақты қорытындылау кубизм стратегиясы бойынша жүргізіледі.

Балаларға кубик беріледі. Кубикте әр түрлі түстер бар. Балалар сол кубикті лақтыру арқылы қай түс түссе, сол түстің сұрағына жауап береді. Осы ойынды ойнау арқылы бала түс таниды, ойын толық айтуға мүмкіндік алады.

Мадақтау.

12. 12. 2013 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Қасқыр, түлкі, кісі» ертегісі.

Сабақтың мақсаты: балаларға осы ертегі жайлы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері: а) Балаларды ертегі кейіпкерлерімен таныстыру, оларға жеке-жеке тоқталу.

б) Балалардың ой-өрісін дамыту, әрбір баланың өзіндік жас ерекшелігін ескере отырып, тапсырмалар беру.

в) Балаларды ұғымталдыққа, бірлесіп жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ертегі сабақ

Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, қуыршақтар, карточкілер.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

а) Балалардың сабаққа дайындығын тексеру.

Шаттық шеңбері

Біз сіздермен бірге болғанымызға қуаныштымыз.

Біз сіздерге сәттілік тілейміз

Балаларға үш түрлі карточкі таратылады.

  1. Жүрек белгісі
  2. Қолдың белгісі
  3. Смайлик

Қай балаға қолдың белгісі түссе амандасады, жүрек белгісі түссе құшақтасады, смайлик түссе күлімсірейді.

Топ-топ басайық

Жалаудан күн жасайық

Жаса-жаса жарқын күн

Жаса-жаса алтын күн.

Жарайды, балалар, ендеше бүгінгі сабағымызды көтеріңкі көңіл-күймен бастайық.

Балалар, біз қандай ертегілермен таныстық?

«Мақта қыз бен мысық», «Бауырсақ», «Жеті лақ» жарайсыңдар, балалар.

Осы жерде слайдтан ертегілер көрсетіледі. Сол ертегілер бойынша балаларға сұрақ қойылады.

Актуалдау: Қасқыр, түлкі, кісі туралы жұмбақ жасырылады.

Бейғам елді іздейді

Малдан күдер үзбейді (Қасқыр)

Өзі айлакер, өзі қу

Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)

Ақыл ойдың иесі, ол- кім? (кісі)

Жарайсыңдар, балалар.

Жаңа сабақ:

Міне, балалар, бүгін біз тағы бір ертегімен танысамыз.

«Қасқыр, түлкі, кісі» ертегісі.

Ертегі балаларға диктафон арқылы тыңдатылады.

Ойын:

Тақтаға қора мен орманның суреті ілінеді. Балаларға аңдар мен төрт түліктің суреттері беріледі. Әр бала өздері рет-ретімен барып орналастырады.

Мысалы: аю орманға, сиыр қораға т. б.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.


Ұқсас жұмыстар
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Қасқыр мен түлкі ертегісіне арналған сабақ жоспары
Ә. Жангелдин атындағы орта мектептің 5-сыныпқа арналған Композиция және перспектива оқу бағдарламасы
Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №21 орта мектептің ашық тәрбие сағаты: Жігіт сұлтаны сайысы
2012 жылғы Алтын күз мерекелік тәрбие сағаты - Айгөлек шағын орталығы, Достық орта мектебі, Шардара ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы
Ә. Жангелдин атындағы Аралбай орта мектебінің 2012 жылғы Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарийі
Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептің Тапқыр болсаң озып көр интеллектуалдық сайысының бағдарламасы мен жоспары
М.Оразалиев атындағы №41 шағын жинақты жалпы орта мектептің 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара бағдарламасы (2010)
Ә. Тәжібаевтің Толағай ертегісіне арналған көрнекі сабақ жоспары
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ертеңгілік (Нурсад шағын орталығы, Новокаменка орта мектебі, 2016)
М.Х. Дулати атындағы орта мектептің орыс сыныптары үшін мемлекеттік тілге арналған мерекелік-танымдық бағдарлама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz