Орта мерзімді жоспарлау: 6-сынып қазақ әдебиеті пәнінде жеті модульді ықпалдастыру тәжірибесі

Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазба

Қазіргі таңда елімізде білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасып келеді. Білім берудегі дәстүрлі мазмұнның орнына жаңаша мазмұндағы оқыту әдістері келуде. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімі мен білігін емес, оның жеке тұлғасын білім арқылы дамытуды қойып отыр. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оның қабілетін, дарынын дамыту, яғни жан - жақты дамыған рухани бай тұлғаны қалыптастыру әріптестерімізге үлкен мақсаттар жүктеп отыр.

Осы мақсатты алға қоя отырып, сабақтарда қарастырылатын жеті модульді қамтитын орта мерзімді жоспарлауға 6 - сыныптың қазақ әдебиеті пәнін таңдап алдым. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыру арқылы жоспар жасау маған оңай болған жоқ. Сындарлы оқытуға негіздеп, әр сабағымды оқушылар үшін қызықты етіп ұйымдастыруға жұмыстандым. Тізбектелген төрт сабаққа орта мерзімді жоспар жасауда бағдарламаның бірінші « бетпе - бет» кезеңінде берілген ресурстағы нысанды пайдаландым.

Тізбектелген төрт сабағымның тақырыптары Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесті 4 сағатқа берілген: «Бір атаның балалары», «Ахмет қамқорлығы», «Балалар тағдыры», «Шығарманың тілі мен көркемдік ерекшелігі».

Бірінші сабағымда «Қалай оқу керектігін үйрену» тәсіліне сүйендім. «Қалай оқу керектігін үйрену» модулінің атауы «өзін - өзі реттеу» үдерісіне жататындығын [1] ( 44- бет ) ескере отырып, сыныпқа топ ережесін жасатып, сол ережеге бағыну керектігін алдын ала түсіндірдім.

Орта мерзімді жоспардағы екінші, үшінші сабақтарда «Он сұрақ» және Эдвард де Бононың ойланудың алты қалпағы әдісін пайдалануды жоспарладым. Бұл әр түрлі шешімдердің ішінен шоғырландырылған ойды жеделдететін қосарлас ойлау үдерісін көрсетеді. Осы әдіс шығарма мазмұнына сәйкес шетелдегі қазақ балалары туралы ойын алты қырынан танытуға тиімді болады деп есептеймін. Бұл әдістердің бәрі оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, сыни тұрғыдан ойлауға жетелейді және диалог арқылы өз білімдерін толықтыруға мол мүмкіндік береді.

Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушылардың пікірлерін ортаға салуға табылған тәсіл болады. Интерактивті тақтадан қазіргі таңдағы жетімдердің тағдырын бейнелейтін бейне ролик және Е. Рақышевтің «Жетімдер» киносынан үзінді көрсетсем, оқушылардың сабаққа қызығушылығы ерекше байқалады. Берілетін тапсырмаларды жай тақтаға жазып қойғанға қарағанда, интерактивті тақтадан көрсету, тапсырмаларды соған қарап орындау уақытты бұрынғыдан әлдеқайда үнемді пайдалануға көмектеседі.

Оқушының шығармашылық қабілеттерін ашу мұғалімнің ең басты міндеті. Ол үшін оқу үдерісінде түрлі қызықты ойындар, шығармашылық тапсырмалар, логикалық жаттығулар пайдаланудың мәні ерекше. Осы мақсатта оқушыларға шығарма мазмұнын суретпен бейнелеуге, эссе жазуға тапсырмалар беріп отырамын. Осындай тапсырмалар оқушылардың ерекше қабілеттерінің ашылуына септігін тигізеді деп ойлаймын. Оқушылардың дарындылығы және таланттылығы әр сабақта да көрініс тауып отырды. Сыныпта білім жағынан орташа, көбіне тұмаға тұйық отыратын оқушылардың ашылуына көмегін тигізеді.

Сабақтың барысында оқушылар бірін -бірі формативті бағалап отырса тиімді болады. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бірін-бірі формативті бағалауға мүмкіндік жасаймын. Сабақтарымда оқушылардың білімін оқушының өзіне және сыныптасына бағалатуды жоспарладым. Бағалау жүргізу үшін арнайы әр сабақ жоспарына сай бағалау критерийлерін дайындадым. Сабақ соңында оқушылар бір-бірін және топтарды белгіленген критерийлер бойынша бағалауы тиіс.

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқушыларға түрлі сұрақтар және тапсырмалар бердім, сергіту сәтінде жаттығу жасап биледі, өлеңдерді айтты.

Білім беруде көшбасшы тұлға - мұғалімнің өзі. Жоғарыда айтылған идеялардың барлығын бір-бірімен тығыз байланыстыра, шебер қолдана білсе, сол мұғалім көшбасшылығы болмақ. «Нағыз ұстаз өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді», - деген Мәлік Ғабдуллиннің сөзінен көп нәрсе аңғаруға болады. [2] Оқушы өзінің ұстазына қарап, еліктеп өседі.

Қорыта келе, осы жеті модуль идеяларын оқыту үдерісінде тұрақты пайдалану арқылы жоғары нәтижеге қол жеткізуге болатынын түсіндім.

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. НЗМ 2012
  2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 7/2012, 3-бет

Ұқсас жұмыстар
9-сынып қазақ әдебиеті пәнінің орта мерзімді жоспары: 7 модульді ықпалдастыру арқылы
4 «Б» сыныбына арналған орта мерзімді жоспар: қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жеті модульді интеграциялау
Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту
6-А сынып қазақ әдебиеті: Жеті модульге негізделген орта мерзімді жоспарлар (Халық ауыз әдебиеті, Ежелгі дәуір, XIX-XX ғасыр әдебиеті)
Жеті модульді интеграциялау мен сыни оқыту негізіндегі 6-сынып қазақ әдебиеті сабағы бойынша рефлексивті есеп
Жеті модульді кіріктіру негізінде сыни ойлау дағдыларын дамытатын орта мерзімді сабақ жоспары
Көркем еңбек сабағында жеті модульді қолданудың теориясы мен тәжірибесі
7-сынып физикасы: Жұмыс, қуат, энергия - жеті модульді кіріктірген тізбектелген төрт сабаққа арналған орта мерзімді жоспар
Мектептегі мұғалім көшбасшылығы бағдарламасының жеті модулін ықпалдастыру арқылы 7-сынып химиясын жоспарлау және бағалау: АКТ, сыни ойлау және тәлімгерлікке рефлексия
Сыни оқытуға негізделген жеті модульді кіріктіру арқылы Үндестік заңы бойынша тізбектелген төрт сабақтың орта мерзімді жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz