Тіл дамыту сабағы: Буынға бөлу және дыбыстық талдау

Тіл дамыту 18. 10. 12

Тақырыбы: Буын

Мақсаты: Буын туралы түсінік беру. Сөзді буынға бөлу. Дыбыстан буын, буыннан сөз құрату. Буынның дыбыстық құрамын ажырату. Ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Қажетті көрнекіліктер: суреттер, текшелер. Д. о: «Жоғалған буын», «Жалғасын тап», «»

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың әрекеті
Іс-әрекет кезеңдері: Қызықтыру мотиві Ұйымдастыру
Тәрбиеші әрекеті: «Суретпен жұмыс»
Балалардың әрекеті: Суретке қарап ат қою. Үй жануарлары, олардың төлдерін атап шығу.
Іс-әрекет кезеңдері:
Тәрбиеші әрекеті:
Балалардың әрекеті:
Іс-әрекет кезеңдері: Жаңа сабақ
Тәрбиеші әрекеті:

Бота сөзі неше буыннан тұрады?

Бірінші буын бо-, екінші буын -та, екі буыннан тұрады.

Сөзді айтылуына қарай, дыбысталуына қарай бөліп айтуды буын дейміз.

Ойын «Жоғалған буын»

Си- . . . , тү- . . . т. б.

Ойын «Жалғасын тап»

Мына сөздердің жалғасын табу керек:

Қошақаным . . .

Әукім-әукім . . .

Шөре-шөре . . .

Құлын-құлын . . .

Дәптермен жұмыс:

Нүктені бастыру.

Жануарлардың төлдерін тауып қосу.

Түйе, бота, лақ, қозы сөздерін буынға бөліп, сызба арқылы көрсету.

Сергіту жаттығуы

Қаңқ-қаңқ қаздарым,

Тізені сәл бүгіңдер.

Қолды артқа ұстаңдар,

Қане, қазға ұқсаңдар.

Тіл ұстарту жаттығулары:

Қа-қа-қа, бақылдайды бақа.

На-на-на. Ең бақытты ана.

Атам біздің дана.

Та-та-та, Ата берші, бата.

«Қанша дыбыс, қандай дыбыс?»

Сөздерге дыбыстық талдау жүргізеді.

Балалардың әрекеті:

Мұғалім айтқан кейбір сөздерді қол шапалақтау арқылы буынға бөледі.

Жылдам ойлап келесі буынды табу. Кім бірінші тапса, сол ойыншыға бір ойыншықтан беріліп отырады.

Алдыңғы сабақта меңгергендерін еске түсіре отырып, сөздердің жалғасын табады.

Жай қарындашпен мұғалімнің нұсқауына сүйене отырып, орындайды.

Өлең мазмұнына сүйене отырып, қимылмен көрсетеді.

Мұғаліммен бірге қайталап, әр дыбысты дұрыс айтуға тырысу керек.

Текшелер арқылы сөздерге дыбыстық талдау жүргізе отырып, дыбыстар санын анықтайды.

Іс-әрекет кезеңдері: Қорытынды, түзету.
Тәрбиеші әрекеті: Алғыр болсаң, қанеки.
Балалардың әрекеті: Балалар берілген айтып, текшелер арқылы дыбыстық талдау жасау керек.

Күтілетін нәтиже: Біледі: сөз құрау, дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу. .

Қалыптасады: сауаттылық, ұқыптылық.

Қолынан келеді: өз ойын ашық баяндау, өзгенің пікірін тыңдау.


Ұқсас жұмыстар
М дыбысы мен әрпін оқыту: дыбыстық талдау және буынға бөлу
С дыбысы мен әрпі: таныстыру, дыбыстық талдау және буынға бөлу
Бастауыш сыныпқа арналған ертегі сабақ: Б дыбысы мен әрпі - дыбыстық талдау, буынға бөлу және оқу-жазу дағдыларын дамыту
М. Дулатовтың Бөрік мәтіні: буынға дыбыстық талдау және 62-64 жаттығулар
Буынға бөлу арқылы сөздік және сөйлеу дағдыларын дамыту (ертегі сабақ)
Бастауыш сынып №13 сабағы: Ы дыбысы мен әрпін таныстыру, дыбыстық талдау және жазу дағдыларын дамыту
Щ дыбысы мен әрпін таныстыру: дыбыстық талдау және жазу дағдыларын дамыту
Фонетикадан қайталау сабағы: дыбыстық және буындық талдау, тестілік бағалау
Тіл дамыту сабағы: Жемістердің түрлері
6-сынып әдебиет сабағы: Әбдірахман Тәжібаев Толағай ертегісі - тіл дамыту және әдеби талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz