Қазақ тілі: Тұрлаулы мүше - Бастауыш бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары (білімді бекіту сабағы)

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

D:\анар арай\SAM_3307.JPG Күні:

Сынып: Қазақ тілі

Тақырыбы: Тұрлаулы мүше. Бастауыш

Мақсаты : Бастауыш сөйлемнің құрлысына қарай түрлері, жасалу жолдары туралы алған білімдерін пысықтау, бекіту.

Міндеттері:

  1. Бастауыштың құрлысына қарай түрлерін бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
  2. Оқушылардың бір-бірін оқыту, бір-бірінің білімін бағалау дағдыларын жетілдіру.
  3. Тақырып бойынша белгілі бір ой-тұжырым жасату.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылар бастауыш сөйлемнің құрлысына қарай түрлерін ажырата біледі.
  2. Бірін-бірі оқыту, білімдерін бағалау дағдысы жетіледі.
  3. Тақырып бойынша ой-тұжырым жасайды.

Сабақ түрі: Білімді бекіту сабағы.
Оқыту әдістері: Топтық, жұптық жұмыстар,

Қолданылатын модуль:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; 3. Оқыту үшін бағалау ж/е оқуды бағалау;

4. АКТ-ны қолдану;

5. Сабақта қолданылатын стратегиялар: «Мен- саған, сен - маған»әдісі, Ойлан, топтас, талқыла!, «Талдау- табыс кілті», «Шешімін тап» стратегиясы

Уақыты
Сабақты ұйымдастыру формасы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Уақыты: 3 минут
Сабақты ұйымдастыру формасы:

1. Ұйымдастыру

«Шаттық шеңбер». Жағымды, жылы сөздер айту.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Сыныппен амандасу. Мұғалім мен оқушы арасында психологиялық ахуал қалыптастыру.
Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар орындарынан тұрып, мұғаліммен амандасады.
Бағалау: Ұйымшылдыққа үйренеді, достық қарым-қатынас орнатады.
Ресурстар:
Уақыты: 2 минут
Сабақты ұйымдастыру формасы: Топқа бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларға түрлі түсті жемістің суретін көрсету арқылы 2 топқа бөлу
Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар ұнаған жемістің біруін таңдау арқылы топқа бөлінеді.
Бағалау:
Ресурстар: Жеміс-жидектер
Уақыты: 10 минут
Сабақты ұйымдастыру формасы:

Үй тапсырмасын тексеру.

«Мен- саған, сен - маған»әдісі бойынша сұрақтар.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Ақ қағаздан ұшақтың макетін жасауға бағыт-бағдар беру
Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар осы ұшақтың 1қанатына сұрақ жазады. Сосын ұшақты ұшырады. Ұшақ келесі оқушыға қонады. Оқушылар келесі қанатына сұрақтың жауабын жазады.
Бағалау: Бір-бірін бағалайды
Ресурстар: Қалам, қарандаш, ұшақтың макеті
Уақыты: 10 минут
Сабақты ұйымдастыру формасы:

Ойлан, топтас, талқыла!

Постермен жұмыс

Мұғалімнің іс-әрекеті: Тұжырымдамалық карта жасау
Оқушының іс-әрекеті: Екі топ «Бастауыш» тақырыбына тұжырымдамалық карта жасап, постерге түсіреді.
Бағалау: Кері байланыс
Ресурстар: Флипчарт, маркер, түрлі-түсті қарындаш, стикерлер т. б
Уақыты: 3минут
Сабақты ұйымдастыру формасы: Сергіту сәті «Көңілді күн»
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларға жаттығу жасату
Оқушының іс-әрекеті: Жаттығу жасайды.
Бағалау:
Ресурстар:
Уақыты: 5 минут
Сабақты ұйымдастыру формасы: «Талдау- табыс кілті» синт талдау
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Екі топқа сөйлем беріледі. Сөйлемге синтаксистік талдау жасау керек.

1-топ Жігіттер аттарын жетектеп, бұлақ басына жақындай берді.

2-топ Ол ағасына үнемі хат жазып тұрды.

Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар синтакситік талдау жасайды. Бастауыштың қандай сөз табынан жасалғанын айтады. Құрылысына қарай талдайды. (дара, күрделі, үйіріл)
Бағалау:
Ресурстар: Интербелсенді тақта.
Уақыты: 5 минут
Сабақты ұйымдастыру формасы:

«Шешімін тап» стратегиясы

Тест тапсырмасы

Мұғалімнің іс-әрекеті: Екі топқа тест жұмысын беремін.
Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар тест жұмысын орындайды
Бағалау: Екі топ жауабын тексеру арқылы бірін-бірі бағалайды.
Ресурстар:
Уақыты: 1 минут
Сабақты ұйымдастыру формасы: Үйге тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті: Бастауыштың жасалу жолдарына қатысты, мақал-мәтел тауып жазу
Оқушының іс-әрекеті:
Бағалау:
Ресурстар:
Уақыты: 3минут
Сабақты ұйымдастыру формасы:

Бағалау.

Рефлексия

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылардың жинаған ұпай саны бойынша бағалау.
Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады.
Бағалау: «2жұлдыз, 1тілек» жазады
Ресурстар: маркер, түрлі-түсті қарындаш, стикерлер т. б

Ұқсас жұмыстар
8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Тұрлаулы мүше - Баяндауыш
8-сынып: Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі - бастауыш (бекіту сабағы)
4-сынып қазақ тілі сабағы: Буын және тасымал бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
3-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер
Бастауыш сыныпта жалаң және жайылма сөйлемдерді бекіту: қазақ тілі сабағы
Қазақ тілі пәнінің 4-А сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспары: синтаксистік талдау
Қазақ тілі: Ашықхат жазу - модульдік қайталау бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
3-сынып қазақ тілі: Тұрлаулы мүшелер (бастауыш пен баяндауыш) - сабақ жоспары мен 172-175 жаттығылар
2-сыныпқа арналған Қазақ тілі пәні: Мұхитарал тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Етістіктің шақтарын қайталау - қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz