Өрнек сөзі

Жидебаева Маржан,

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласындағы

№ 13 бастауыш мектеп мұғалімі.

Өрнек 10 - а

Математика

(1-сынып)

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларды 10 - а өрнегінің мәнін табу жолымен таныстыру.

Берілген амалдарды пайдаланып, есепті шығаруды үйрету.

Сандардың құрамын қайталау.

Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын, ынтасын, есте сақтау,

ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, білімділікке, тапқырлыққа, алғырлыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, сызба.

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, математикалық жұмбақ.

Сабақтың жүру барысы:

Оқытушы: Алдымен үй жұмысын тексерейік. Үйде қай тапсырманы орындадыңыз?

Оқушы: Үйде №4 тапсырманы орындадық. Әріпті өрнек құрып, санды өрнекке айналдырып, мәнін таптық. (3 оқушы оқиды)

Оқытушы: Дұрыс! Енді тақтадағы сызбаға назар аударайық.

Не көріп тұрсыңдар?

Оқушылар:

  • Сандар қатары
  • Әріптер
1: 1
2: 2
3: 3
4: 4
5: 5
р: р
е: е
к: к
ө: ө
н: н

Оқытушы: Дұрыс! Осы сызбаға қарап, сызық бойымен қолыңды жүргізбей-ақ, берілген сандарға сәйкес әріптерді анықтаңдар. Сөздерді оқыңдар. Қандай сөз шықты?

Оқушылар: Өрнек сөзі.

Оқытушы: Дұрыс таптыңдар! Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Өрнек»

(оқушылар дәптерге жазады, көркем жазу 10 саны)

Оқытушы:

  • Балалар, қандай өрнектерді білесіңдер?

Оқушылар:

  • Санды өрнектер.
  • Әріпті өрнектер.
  • Қосынды.
  • Айырма.

Оқытушы: Жақсы балалар, дұрыс! Ал әріпті өрнекті санды өрнекке айналдыру үшін не істеу керек?

(оқушылардың жауаптары)

Оқулықпен жұмыс

№1 ; кестені толтыру.

Математикалық жұмбақ

№2;

а+1

а=9 9+1=10

а=0 0+1=1

а=9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0

Ағаштардың суреттерін көрсету, әңгімелеу.

№3; Есепті шығару, талдау, түсіндіру.

Қарағай - 6

Қайың - 4 - ?

Шешуі: 6+4=10(а)

Жауабы: Барлығы 10 ағаш өсіп тұр.

Сергіту сәті

№4; Сандардың құрамы (ауызша талдау) .

Шығармашылық тапсырма:

Дұрыс жолды табу.

Қорытынды:

  • Бүгінгі сабақта не үйрендік?
  • Қандай тапсырмаларды орындадық?
  • Әріпті өрнекті санды өрнекке қалай айналдырамыз?

(оқушылардың жауаптары)

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру.


Ұқсас жұмыстар
Бұйымдарға қолданылатын ою-өрнек түрлері
Қазақтың ою-өрнектері. 6 класс
"Ою-өрнекті сызып қию негізгі бөлшекке жапсыру"
Қазақ халқының ұлттық қолөнері, ою-өрнек және ағашқа салынатын ою-өрнектер. 9- сынып
Сырмақтың түрлерін ата
Өткен сабақты қайталау
Ою - өрнек түрлері
Әжелер сайысы
Табақ бетіне өрнек салу
Сабақтың формасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz