Мәтінді өңдеу

«М. ТынышБаев атындағы Қазақ Көлік және Коммуникациялар академиясы Ақтау көлік колледжі» ЖШС
«БЕКІТЕМІН»
Оқу ісі бойынша директор орынбасары
А. Н. Жамурова
« » 2015 ж.
Ашық сабақ
Тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторында мәтінді форматтау
Пәні: Информатика
Тобы: АиУ/ОДД-9/15-01
Күні: 10. 12. 2015ж.
Өткізген: информатика пәнінің оқытушысы Алиева Гүлзипа Габдуллаевна
Ашық сабақ жоспары « Автоматтандыру және көлік
технологиялары» бөлімшесінде талқыланып, бекітілді.
« » 2015 ж. Хаттама №
Бөлімше меңгерушісі: А. Х. Жуманбаева
Ақтау - 2015
Тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторында мәтінді форматтау
Пәні: Информатика.
Оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары:
Білімділігі: MS Word мәтіндік редакторында мәтінді форматтау түсінігін қалыптастыру, мәтінді форматтап дағдылану
Дамытушылығы: студенттердің ойлау қабілетін, логикасын, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелігі: патриоттық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие беру.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы .
Сабақтың көрнекілігі : Power point бағдарламасы, интерактивті тақта, дербес компьютерлер, карточкалар.
Сабақ түрі: практикалық.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: интерактивті тақта арқылы демонстрациялау, түсіндіру, баяндау, семантикалық карта - тестпен жұмыс, практикум, Венн диаграммасы, кроссворд шешу.
Педагогикалық технология: сыни тұрғыдан ойлау, деңгейлеп оқыту технологиялары.
Сабақтың жоспары
І Ұйымдастыру бөлімі (3 мин)
ІІ Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)
ІІІ Теориялық мәлімет (13 мин)
IV Практикалық тапсырма орындау (32 мин)
V Қорытындылау (5 мин)
VІ Бекіту сұрақтары (7 мин)
VІІ Бағалау (7 мин)
VІIІ Үй тапсырмасын беру (3 мин)
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі (3 мин)
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушыларды түгендеу;
- Олардың құрал - жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)
Өткен сабақ тақырыбын еске түсіру.
Студенттерге семантикалық карта беріп, үй тапсырмасын тест тапсыру арқылы тексеру.
Семантикалық карта (топтың 1 жартысы)
CTRL + X
пернелер комбинациясының қызметі
Семантикалық карта (топтың 2 жартысы)
CTRL + V
пернелер комбинациясының қызметі
Бүгінгі сабақ тақырыбын айту. Өткен сабақ пен бүгінгі сабақ арасында байланысты анықтау.
Үй тапсырмасы ретінде MS Word мәтіндік редакторының секреттерін біліп келу берілген болатын. Сол секреттерді сұрап, тескеру. Мысалы, SHIFT + F3 клавишалар комбинациясының мүмкіндіктері, буфер алмасу дегеніміз не ? . . . .
ІІІ Теориялық мәлімет (13 мин)
MS Word мәтіндік редакторында мәтінді форматтау
Мәтіндік ақпаратты енгізу, өңдеу, сақтау және баспаға шығару әркекеттерін тиімді атқаратын бағдарламалар мәтіндік процессорлар деп аталады.
Мәтіндік редактордың негізгі атқаратын қызметі :
•мәтін фрагменттерімен жұмыс - мәтінді енгізу, қиып алу, көшіру, қою, орнын ауыстыру;
•мәтінді редакциялау (редакциялау кезінде мәтінді өзгерту, өңдеу және толықтыру) ;
•мәтінді форматтау (мәтіннің келбетін өзгерту) .
Мәтінді форматтау дегеніміз - мәтіндік құжаттарды рәсімдеу (оформление) бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтады.
Мәтінді форматтау әдістері:
- шрифт гарнитурасын өзгерту (шрифт аты) ;
- шрифтің өлшемін (размерін) өзгерту;
- шрифт түсін өзгерту;
- шрифт начертаниесін өзгерту (жартылай қарайтылған, курсив, асты сызылған) ;
- мәтінді туралау (ортасы, оң жақ, ені, сол жақ шеті бойынша туралау) ;
- абзац орнату;
- тізім жасау (маркерленген, нөмірленген) .
- колонкаға бөлу;
- стилін өзгерту;
-беттің параметрлерін орнату;
- бетті нөмірлеу;
- колонтитулдар қою және т. б. ;
IV. Практикалық тапсырма орындау (32 мин)
Жұмыс барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтап, әрбір компьютер жанындағы жұмыс журналын толтырыңыз.
Microsoft Word офистік бағдарламасын Пуск - Все программы -MS Office - MS Word командасын орындау арқылы іске қосыңыз. Практикум 1, 2, 3 тапсырмаларын орындаңыз. Тапсырмалардың барлығын бір құжатта орындап, өз бумаңызда сақтаңыз.
Практикум 1 «Адасқан әріптер» (ағылшын тілімен байланыс) - жеңіл деңгей (7 мин)
Берілген ағылшынша сөздердің дұрыс жазылуын тауып, оны қазақшаға аударып, форматтаңыз. Мысалы, шрифттерді түрлі -түсті етіп бояу, астын сызу, начертание (курсив, жирный, подчеркнутый), гарнитурасын (шрифт аты) өзгерту.
lepAp -
oWdr -
eNobotok -
Ria -
plepeo-
Үлгі: Book- кітап
Практикум 2 (қазақ тілі, әдебиеті пәнімен байланыс) - орташа деңгей (10 мин)
Мәтінді форматтау әдісі - нөмірленген, маркерленген тізім құру, мәтінді туралау, мәтінді граница/ жақтаумен қоршау.
/ Өлеңнің әр жолы алдына Enter батырмасын басыңыз/
Ана тілі
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Практикум 2 тапсырмасын орындауға методикалық нұсқау.
- Өлең мәтінін теріңіз. Өлеңді белгілеп алып, беттің ортасы бойынша туралаңыз.
- Өлеңнің алғашқы екі жолына нөмір орнатыңыз. Ол үшін: Алғашқы 2 жолды белгілеп алып, Главная - Абзац - Нумерация командасын орындаңыз. Главная - Абзац -Маркеры жолымен келесі 2 жолды маркерлі тізіммен белгілеңіз.
- Өлеңге жақтау орнатыңыз. Ол үшін: өлеңді ерекшелеп алып,Разметка страницы - Границы страницкомандасын орындаңыз. Өзіңізге ұнаған жақтауды орнатыңыз.
- Дайын болған жұмысты Office батырмасы - сохранить немесе Быстрый доступ панеліндегі дискета суретінебасыңыз.
Практикум 3 (Қазақстан тарихы пәнімен байланыс) . Күрделі деңгей (15 мин)
Мәтінді форматтау әдісі - абзацты орнату, жоларалық интервал орнату, мәтінді түралау, колонкаға бөлу.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі - Елтаңба
Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттік бастауы - отбасы ошағын бейнелейді.
Елтаңбаның екі жағында қатты пырақ бейнеленген. Ол халықтың рухани байлығының белгісі.
Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болу керек.
Елтаңба авторлары - сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.
Практикум 3 тапсырмасын орындауға методикалық нұсқау.
- Берілген мәтінді MS Word бағдарламасында теріңіз.
- Мәтінді келесідей етіп пішімдеңіздер:
- 1-ші азат жолды ерекшелеп алып,Разметка страницы 🠆Абзацкомандасының көмегімен мәтінді келесідей пішімдеңіздер:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz