Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Әке балаға сыншы

Тақырыбы: Әке - алтын діңгек
Мақсаты: Халықтық педагогиканы басшылыққа ала отырып, жан ұядағы тәрбиенің орны жайлы, жас ұрпақты ұлттық болмыста тәрбиелеу, Отбасын, ата - анасын, туыстарын сыйлауға, сүюге баулу.
Көрнекілігі: Сахнаны ұлттық болмыста безендіру.
1. <<Әке - алтын діңгек>>
2. <<Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер>>
3. <<Ұлың өссе - ұлы жақсымен ауылдас бол, Қызың өссе - қызы жақсымен ауылдас бол>>
4. <<Әке балаға сыншы>>
Әдісі: Сайыс түрінде.
Кіріспе бөлімі:
Сахнаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші
<<Жақсыдан - жаман туады,>>
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз - деген халықта сөз бар.

Әр от басындағы әкенің рөлі ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі , қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнерімен - білімі баланың көз алдындағы үлгі - өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы.
<<Әке - асқар тау>>, <<Әке - бәйтерек>>, - деген мақалдар әкенің беделін көрсетеді. <<Әке балаға - сыншы>> - дейді халқымыз
2-жүргізуші: Ер бала - әкесімен сырлас жолдас дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен ақылдасады. Ер баланың өсіп жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуында, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқарар еңбегі ерекше.
<<Бір бала бар - атаға жете туады, бір бала бар атадан өте туады, бір бала бар - кері кете туады>> - деген халқымыздың дана сөзі бар.
Бүгінгі кешіміз өздеріңізге арналады, Құрметті ұлдар мен әкелер!
Негізгі бөлім.
1-жүргізуші: Бүгінгі <<Әке - алтын діңгек>> атты кешіміздің төрінен орын алу үшін құрметті қонақтарымызды шақырамыз.
2-жүргізуші: 5 ер баланы әкесімен шақырады.
5 бала әкелерімен тиісті орынға отырғызылғанша әдемі күй ойналып тұрады.
1 Жүргізуші: Құрметпен шақырылған ос ы 5 отбасының арасында өткізілгелі отырылған сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.
І. <<Әке көрген - оқ жонар>> Бұл бөлмеде әке мен бала бірігіп шеберлігімізді көрсетесіздер
ІІ. <<Мен сенің өміріңнің жалғасымын>> - Бұл бөлімде өнер сайысына түсесіздер.
ІІІ. <<Әке ақылы - балаға өсиет>> Тығырықтан шығу, яғни әртүрлі мәселелерге байланысты (ситуация)
ІV <<Білекті бірді жығады - білімді мыңды жығады>>
Сұрақтарға жауап
2-жүргізуші: <<Күш - атасын танымас>>
Әке мен бала бірігіп спорттық сайысқа түседі.
1-жүргізуші:
І бөлім: Алдын-ала ескертілгендіктен 5 жұп өз өнерлерін бастайды.
Мысалы: 1 жұп сурет салады, 2 жұп қамшы өреді т.с.с.
Олар өнерін аяқтап, әділқазылар алқасы бағалағанша, музыкалық сәлем жолданады.
Әділқазылар алқасы бағасын береді
ІІ бөлім: <<Мен сенің өміріңнің жалғасымын>>
Өнер сайысы (әр жұп өз өнерлерін көрсетеді).
Әділқазылар алқасы бағасын береді.
ІІІ бөлім: <<Әке ақылы - балаға өсиет>>
Жүргізуші: <<Бала туғызу, асырау арқылы , әке өз міндетінің 3/1 - ін ғана орындайды.>> Ол адамзатқа - адам, қоғамға - қоғамдық қызметкер, мемлекетке азамат беруге міндетті. Осынау 3 міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде - кім оны орындамаса - айыпты, бәлкім бұл міндетті жарым - жартылай өтегендердің айыбы бәрінен де салмақтырақ болар>> деген екен.
Жан - Жак Руссо деген ұлы педагог.
Ендеше бүгінгі бізде қонақта отырған әкелер өз міндетін қалай орындап жүр екен. (алдын - ала 5 топқа сұрақ дайындалып, ковертке салынған)
1. << Баланың балалығын тидым дегенше , ер жеткендегі даналығын тидым деңіз>> деген екен Руссо. Сіздің пікіріңіз
2. Ауладағы балалардың ең ересегі сіздің балаңыз. Үлкендерден бірнеше рет ескерткеніне қарамастан балалар аулаға доп ойнауын доғармады. Бірде сіздің балаңыздың қатты тепкен добы сыйлас көршіңіздің терезесін сындырды. Сіздің әрекетіңіз
3. <<Әйеліне, балаң жоқ жерде ақыл айт, балаңа, адам жоқ жерде ақыл айт>> деген орыс мақалы бар екен. Сіз балаңызға ақылды қалай айтасыз?
4. Сіздің балаңыз жақсы оқиды. Тәртіпті, мәдениетті болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты балаңызды басқа мектепке ауыстырдыңыз. Балаңыздың сабаққа белсенділігі төмендеген сияқты, мінезінде де өзгерістер бар. Бұрынғыдай емес ашуланшақ . Бірнеше рет сұрағаныңызбен, бала еш нәрсе айта қоймады. не істеген болар едіңіз.
5. Балаңыз жақсы оқиды. Үйдегі тәртібі жақсы. Бірде сынып жетекшімсі үйге телефон соқты. Бүгін сіздің балаңыз сабаққа келмеді. Бұдан бұрын да бірнеше рет сабаққа келмей қалған екен. Ал, балаңызды сіздер ешқашан сабақтан қалдырған жоқсыздар. Сіз не істер едіңіз?Әкелері конверттердегі сұрақтарға ойланғанша музыкалық сәлем жіберуге болады.
ІV бөлім:Жүргізуші: Жауаптары тыңдалып, бағаланады.
1. <<Білекті - бірді жығар, білімді - мыңды жығар>> бөлімі бойынша балаларға сұрақтар беріледі:
oo Әкеңнің қарындасының баласы саған кім?
oo Шешеңнің әкесі саған кім?
oo Мұсылманның 5 парызынн ата?
oo 5 асыл іс, 5 дұшпан?
oo Бөле деген кім?
2. Туыстық қарым-қатынасқа байланысты мақал-мәтелдер айтқызуға болады.
V бөлім:
Жүргізуші: <<Күш атасын танымас>> - бөлімінде әке мен бала бірігіп, спорттық сайысқа түседі.
1. Арқан тарту
2. Мергендік - асық ату
3. Білек күшіне
Әр бөлімнің арасында уақытқа байланысты ән, күй, би т.б. өнер түрлерін жіберіп тұруға болады. Қыз балалардың киім үлгілерінен көрсетуге болады. ІV, V бөлім бойынша сайыстың бағасы беріледі.
Қорытынды бөлім:
Әділқазылар алқасына сөз.
Әділқазылар алқасы сайыстың барлық шарттары негізінде қорытынды шығарады.
/Марапаттау орын беру, құттықтау/
Жүргізуші: Құрметті көрермендер! Сайысымыздың тақырыбына сай Оспанхан Әубәкіровтың <<Әкеге тартып ұл туар>> атты сықақ өлеңін назарларыңызға ұсынайық. <<Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен>> дегендей, әке бойындағы жақсы мінездер мен асыл қасиеттерді ардақтай білейік, ойымызға сіңіріп, бойымызға дарыта білейік.

<<Әкеге тартып ұл туар>>
Оспанхан Әубәкіров
<<Алдыңғы арба, қайда жүрсе
Соңғы арба сонда жүреді>>
Алдыңғы арба сайда жүрсе,
Соңғы арба да сай да жүреді
Алдыңғы арба әкесі - ақ болсын
Соңғы арба баласы болсын,
Оған кімнің таласы болсын.
Ал енді біз мақұлдасақ осыны
Мынадай болмас пошымы
Мінезі - қырам - жоям,
Ұрам - соғам
Құлқыны - давай - давай тағы давай
Ауызы - апай - топай
шақұр - шұқыр
қатұр - құтыр
сақыр - сұқыр
Ұяты - ойдым - ойдым
Уәдесі - қойдым - тойдым
Достары - аннан қашқан, мұннан қашқан
Өнері - карта - марта
күліс - пүліс
ұрыс - керіс
Баласы да әкесінен аумаған, көрінген жерде аунаған
Мінезі - тасұр - тұсыр
Құлқыны - пісір - түсір
Аузы - апыл- ғұпыл
Ұяты - тақұл - тұқыл
Гитара - даңғұр - дүңгір
Әуені - кәнгүл - күңгір
Достары - көди - соди
Әңгімесі - бықи - тықи
Өнері - жер көктен хабары жоқ,
Көк тиын товары жоқ
Жүрісі - желгенмен тең
Ұйқысы - өлгенмен тең
Күлгені - жылағандай
Жылағаны - бірдеме сұрағадай
Еңбекке - азар - безер
Кәсібі - базар - кезер
Алдыңғы арбаның пошымы анандай, ел қорғаған адамдай. Соңғы арбаның пошымы осындай, Жын-шайтанның досындай.
1. Иә, балалар осы өлең мазмұны нені көрсетті?
2. Кімнің қандай ойы бар?
Оқушылар өз ойларын айтып қорытындылайды.

Ұқсас жұмыстар
Бала тәрбиелеу
Ұ. әбілдаұлы. әке нұсқаған жолменен
Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана
Әке тәлімі Аманжол Алтай
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу
Өнеге отбасынан басталады
Абайдың өмірі
Ұлдармен жұмыс 6-сынып
Әкеге қарап ұл өсер
Менің отбасым жайлы ақпарат
Пәндер