Шәмші Қалдаяқовтың Ана туралы жыр әнін меңгеру шеберлігіне арналған сабақ жоспары

Шығарманы меңгеру шеберлігі

(сазгер Ш. Қалдаяқов «Ана туралы жыр» әнін үйрену)

Бану Жайханова

Қазанғап атындағы саз мектебі қобыз класының оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: Шығарманы меңгеру шеберлігі (сазгер Шәмші Қалдаяқов «Ана туралы жыр» үйрену)

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ән өнерінің жарық жұлдызы «Вальс королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, шығарманы меңгеру. Дамытушылығы : Сазгер әндерінің мазмұнына терең тоқтала отырып, аспапта орындау ерекшелігін үйрету, қабілетін дамыту. Тәрбиелігі : Ұлы сазгер шығармашылығы арқылы оқушыны саз өнерін түсінуге, өнер майталмандарының шығармашылығына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаға білімді меңгеру. Табақтың түрі: концерт сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ән айту, көрнекті баяндау. Сабақтың көрнекілігі: І. Ұйымдастыру:

Оқушылармен амандасу Сабаққа назарын аудару.

Бойында жататұғын сырлы сымбат, Барша жұрт ән мен ғана сауық құрмақ. Бүгінгі саз өнері сабағында, Сергісін көрермендер ән-жыр тыңдап, - демекші бүгінгі біздің сабағы-мыз күндегіден ерекше өтеді. Оның ерекшелігін сабақ барысында көретін боламыз . ІІ. Үй тапсырмасы: 1. d-moll, h-moll. 2 . Ә. Бейсеуов « Сырласу вальсі» жатқа ойнау. 3 . А. Жұбанов «Қарлығаш» жатқа ойнау. ІІІ. Актуальдау: Сұраққа жауап беру арқылы күн, құс, гүлді тақтаға жапсырады. 1. Ә. Бейсеуов кім ? 2 . А. Жұбановтың басқа қандай шығармаларын білесің ? 3 . Орындаған шығармалардан өзіңе қайсысы ұнады, несімен ұнады? Жаңа сабақ Міне, тақтаға күн, құс, гүлді ілгендегі мақсатымыз - біз бүгін әлемнін жа-рығын сыйлаған, құстардың қанатын берген, даланың әсем гүлін жинаған

анасына арнап ән жазған сазгер туралы таныспақпыз. Яғни, ән өнерінің жарық жұлдызы «Вальс королі» атанған, есімі қазақ еліне танымал Шәмші туралы өтпекпіз. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін үйрену. Жосапры 1. Өмір жолы 2. Өнер жолы 3. Шығармалары Өмір жолы Ш. Қалдаяқов Шымкент облысы Отырар ауданында 1930 жылы 15 тамыз-да дүниеге келген. Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жерінде «Сарыкөл» деген шағын ғана көл бар. Осы көлдің жағасында Қалдаяқ деген ксі ме-кендеген. Татарлардың гармоны, қазақтың қобызы мен домбырасын құй-қылжыта тартатын сері Қалдаяқтың қамыс күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келеді. Ол Шәмші болатын. Туғаннан Шәмшид аталған сол бала жылдар өткен соң Шәмші Қалдаяқов болып өсіп жетіліп, өмірін өнермен өрнектеген. Оны жеңгелері бала кезінде еркелетіп Шәмші атап кеткен. Шәмшінің есімін кедейшіліктен сіңірі тартылып, тағдыр кешкен әкесі « Мың бір түндегі» ақылды хан есімімен Шәмшид деп азан шақыртып атын қояды. Сол Шәмшид отыз жыл өткен соң қазақтың «Вальс королі» атанады. Өнер жолы: Шәмші жастайынан халық әндерімен сусындап өсті. Балаң жігіт кезінде шаруашылық клубында меңгеруші болып қызмет істеді. Сонда әр түрлі ән-күй кештерін ұйымдастырып жүргенде өнерге талпынысы мол жап-жас жігіт еді. Ол шығармашылық жұмыспен 1950 жылдан бастап айна-лысқан. 1956-62 жылдары Алматы консерваториясында оқыған. 40 жыл-дан астам шығармашылық қызметінде Шәмші 300-ге жуық музыкалық туындылар жазды . Шығармалары: Шәмшінің шығармашылығының негізгі тақырыбы лирикаға толы махаббат әндері болды. Оның әнлерінде лирикадан басқа да Отан-ана, жер, сұлулық туралы әндер өзіндік орын алды. Шәмші қазақ-тың М. Шаханов, Т. Молдағалиев, М. Әлімбеков, Т. Айбергенов сынды белгілі ақындарының өлеңдеріне ән жазды.


Ұқсас жұмыстар
Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру және Ана туралы жыр әнін оқыту
Шәмші Қалдаяқов: өмірі, шығармашылығы және Ана туралы жыр әнін оқытуға арналған әдеби-музыкалық сабақ
Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын дәріптеуге арналған Әнің болып төгілемін өнер сайысы
Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған тәрбие сағаты
Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы: әдеби-музыкалық кеш
Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы
Жүзімдік жалпы орта мектебіндегі Шәмші Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш (2010-2011 оқу жылы)
Шәмші Қалдаяқовтың Аққұс аңызы: мәтінді түсіндіру және сөздік қорды дамыту
Шәмші Қалдаяқовқа арналған Шәмші әндері мектептік концертінің сценарийі
4-сынып ана тілі бойынша К. Сауғабаевтың Нан туралы жыр тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz