Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазақ әдебиеті
І. ТҮСІНІК ХАТ
Оқыту қазақ тілінде емес мектептердегі <<Қазақ әдебиеті>> пәні - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес <<Тіл мен әдебиет>> білім саласына енгізілген және мектептің негізгі деңгейінде міндетті түрде оқытылатын пән. Қазақ әдебиеті пәнінің маңыздылығы оқушылардың қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгеруіне әдеби мәтіндер арқылы тілдік орта жағдайын кеңейтуге мүмкіндік туғызуға қызмет етуімен дәйектеледі. Ол қазақ әдебиетінің үздік шығармалары үлгілері негізінде жүзеге асады. Оқушылардың қазақ тілінде сөйлесуі мен тілдесу ортасының кеңеюін қамтамасыз етеді.
Оқыту қазақ тілінде емес мектептердегі <<Қазақ әдебиеті>> пәні 5-сыныптан бастап оқытылады.
Оқушы тұлғасының қалыптасуын қазақ әдебиеті пәнінің тілдік-коммуникативтік, тілдік-ақпараттық, тілдік-проблема шешушілік қызметтерін жүзеге асыра отырып, рухани-адамгершілік, тілдік-эстетикалық сапалармен байытуды көздейді. Бай ауыз әдебиетінің түрлі жанрларының көркемдік қуаты мол үлгілерін оқып білу арқылы қазақ халқының ұлттық рухын, дүниетанымын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, ұлттық мәдеиетін танып, оқушының рухани жетілген көп мәдениетті әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуына, ұлттық мәдени мұраларға құрмет сезіммен қарауына, өзі өмір сүріп отырған қоғамның негізін танып, оның болашағына сенімділік танытатын Қазақстандық патриот болып қалыптасуына көмектеседі. Әдеби-теориялық бастапқы ұғымдарды ажырата білуі оқушылардың эстетикалық талғамының жетілуіне және әдеби білімінің қалыптасуына жол ашады.
Пәннің осы қызметі негізінде оны қазақ тілінде емес мектепте үздіксіз оқытудың мақсаты - қазақ халқының көркем әдебиетін оқыту, оқу жолымен қазақ тілін меңгерген, көпмәдениетті, өзге ұлттар әдебиетін құрметтейтін, бойында қазақстандық патриотизм, рухани адамгершілік сезімдері қалыптасқан тұлға дамуына ықпал ету.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін танымдық және практикалық бағыттағы төмендегідей міндеттер қойылады:
* қазақ әдебиеті шығармалары негізінде мемлекеттік тілді меңгеру мүмкіндігін арттыру;
* қазақ әдебиеті үлгілерімен танысып, әдеби тіл үлгісін пайдалана отырып, пән бойынша өз ойларын қазақ тілінде өзгеге және топта қорғай білу;
* қазақ ауыз әдебиетінің, ІХ-ХV және XVI-XVIII ғасырлар әдебиетінің пән қызметі аясына сай үлгілермен педагогикалық-тілдік бейімделген нұсқада оқып тану;
* ІХ және ХХ ғасырлар әдебиетінің озық классикалық үлгілерімен пәндік қызмет шеңберінде табысу;
* көркем шығармалар негізінде коммуникативтік-модульдік тақырыптар аясында қазақ тілінде сөйлеу әрекеттерін (тыңдалым, оқылым, сөйлесім, жазылым) еркін орындау;
* коммуникативтік-модульдер және әдеби мәтіндер жүйесімен сабақтастықта күнделікті коммуникативтік қарым-қатынас тілін дамытуды қазақ тілі пәнімен пәнаралық байланыс сипатында жүзеге асыру;
* қазақстандық патриотизм, рухани-адамгершілік, көркем-эстетикалық сапалары құндылықтарын дамыту;
* қазақ халқының тілі, әдебиеті, тарихы, мәдениеті, өнері туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыру.
Білім беру мазмұнын сыныптарға сәйкес бөлу білім беруді гуманизациялау ұстанымына сай іске асады. Мұнда білім алушылардың қоғамдық ортаға мәдени-әлеуметтік бейімделуін жас ерекшелігі мүмкіндіктеріне қарай қалыптастыру жүзеге асырылады.
<<Қазақ әдебиеті>> пәнінің білім мазмұнын іріктеуде өзіндік ерекшелігі болады. Мұнда қазақ ауыз әдебиеті, фольклоры, классикалық көркем туындылардың мәтіндерінің ықшамдалуы, тілдік-педагогикалық бейімге келтірілуі қарастырылады. Қазақ әдебиетін аудармасыз түпнұсқадан оқыту пән бойынша оқу-әдістемелік кешендердің бейімдеу ұстанымында ескрілетін болады.
Әдебиеттік білім аймағының мазмұны әлуметтік-тарихи, тақырыптық бірліктерден құрылып оқылады.
Пән бойынша оқу жүктемесі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес <<Қазақ әдебиеті>> пәні аптасына - 1 сағат оқытылады. Оқу жылындағы барлық сағат саны:
8-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылына - 34 сағат.
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі оқушылардың инвариант бөлім бойынша алған білімін ары қарай тереңдету мақсатында пайдаланылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде оқушы жылжымалы бөліктегі оқу курстарын өз қалауы бойынша таңдай алады. Мысалы, <<Поэзия құдіреті>>, <<Ертегілер әлеміне саяхат>>, <<Қазақ лирикасы>>, <<Қазақ әңгімелері>> т.б. таңдау курстары ұсынылады.

Кіріспе (1 сағат). Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің байланысы. Әдебиет үрдісі тарихи үдерістің (процестің) бір бөлшегі, көрінісі, өмірдің көркем бейнесі екендігі. Қазақ әдебиетінің тарихы туралы.
Лиро-эпостық жырлар (1 сағат). Лиро-эпостық жырлар ауыз әдебиетінің көрнекті бір жанры екендігі. Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан өзгешілігі және өзіндік ерекшелігі.
<<Қыз Жібек>> (2 сағат) <<Қыз Жібек>> жырының тақырыбы,сюжеті, композициясы туралы. Жырдағы кейіпкерлердің бет-бейнесі (портреті) және мінездері (характерлері) туралы. Жырдағы халықтың салт-дәстүр.
Әдебиет теориясы. Лиро-эпостық жырлар, сюжет, коммуникация, портрет туралы түсінік.
Пәнаралық байланыс. Тарих. Қазақстандағы феодалдық қатынастар. Кино. <<Қыз Жібек>> кинофильмі (Сценарийін жазған Ғ. Мүсірепов). Опера. <<Қыз Жібек>> операсы. ( авт. М. Төлебаев, Е. Брусиловский).
Қосымша оқуға: <<Қозы Көрпеш-Баян Сұлу>> жыры.
Абай Құнанбаев: <<Сегіз аяқ>> , <<Он жетінші қара сөз>> (4 сағат). Абай - қазақ халқының ұлы ақыны екендігі туралы, туған жер, өскен орта, алған білім- тәрбиесі жайында. Сегіз аяқ өлеңінің тақырыбы мен композициялық құрылымы. Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары.Он жетінші қара сөз. Шағын сюжетке құрылған қара сөздің философиялық, тағылымдық мәні.
Әдебиет теориясы.Лирика туралы ұғымды білу. Қара сөз.
Пәнаралық байланыс.Музыка. Абай әндері. <<Сегіз аяқ>> әні.
Шәкәрім Құдайбердіұлы <<Бостандық таңы атты>>,
<<Адамдық борышың>>2 сағат. Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ әдебиеті мен мәдениетінде алатын орны. Шығармаларының өзіндік ерекшелігі.
<<Бостандық таңы атты>> өлеңінің тақырыбы, халқын, сәулетті болашаққа үндеуі.
<<Адамдық борышың>>. Өлеңнің тәрбиелік мәні. Ақынның жастарға өлеңмен үлгі-өнеге, жол көрсетуі.
Пәнаралық байланыс. Тарих. XIX ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік тыныс-тіршілігі. Шәкәрім Құдайбердіұлының Меккеге қажылыққа екі рет баруы.Музыка. Шәкәрім әндері.
Жамбыл Жабаев. <<Кәмшат қыз>> , <<Жалғызбын деп жүрмесін>>
(1 сағат). Жыр алыбы Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы. Ақынның Абайдан ерекшелігі. Ауыз әдебиетін жалғастырушы, яғни жыршылық қасиеті.
<<Кәмшат қыз>> лирикасы. Өлеңдегі лирикалық кейіпкер, қыз портреті, ақындық пафос.
<<Жалғызбын деп жүрмесін>>. Жамбылдың Абайға хат арқылы көңіл айтуы. Ұлы ақынды бағалай білуі. Өлеңдегі ізгілік, адамгершілік мәселесі.
Әдебиет теориясы. Лирикалық кейіпкер туралы ұғымды білу. Көңіл айту.
Сұлтанмахмұт Торайғыров. <<Бір адамға>>, <<Шілде>> (1 сағат). Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы. Ақын поэзиясындағы азаматтық сарын, болашақты аңсау, еліне деген сүйіспеншілік.
Пәнаралық байланыс.География. Ақынның туып-өскен, қызмет жасаған жерлері.
Қосымша оқуға: <<Қамар сұлу>> романынан үзінді.
Мағжан Жұмабаев <<Сағындым>> 1 сағат. Мағжанның өмірі мен шығармашылық жолы. Қазақ поэзиясындағы Мағжанның орны, стилі, ерекшелігі. Лирик-ақын өлеңінің қуаты.
<<Сағындым>> өлеңіндегі ақынның түрмедегі психологиялық халі, туған жерге, ағайын - туыс, бауырға деген сағынышы.
Әдебиет теориясы: Лиризм.
Пәнаралық байланыс.Тарих. 1937-1938 жылдардағы репрессия. XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының тағдыры туралы.
Сәкен Сейфуллин. <<Аққудың айырылуы>> (3 сағат). С.Сейфулиннің өмірі мен шығармашылық жолы. Әдебиет әлеміндегі жеке тұлғасы.
<<Аққудың айырылуы>> -махаббат жайындағы романтикалық поэма. Қос аққу - махаббат, сұлулық, ізгіліктің символы . Поэмадағы тіл мен сезімнің өтілуі одан көрінетін ақынның көзқарасы. Поэма тақырыбы көтерген экологиялық проблема.
Әдебиет теориясы. Поэма туралы ұғымды білу.
Мұхтар Әуезов . <<Татьянаның қырдағы әні>> (4 сағат). М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы .Әңгіменің идеялы мазмұны.
Пәнаралық байланыс. Орыс әдебиеті. А.С.Пушкин шығармашылығы.
Ғабит Мүсіріпов . <<Өлімде женген ана>> (2 сағат). Жазушының өмірі, еңбектері, жазған кітаптары туралы Ғ. Мүсіреповтің ана тақырыбына көп жазған қаламгерлер шеберлігі
<<Өлімде жеңген ана>> әңгімесін М.Горькийдің аударғандығы . Әңгімені еркін әрі жазушы өзі жазған ана туралы әңгімелерінің рухын сақтап аударғандығы .Әңгіме сюжеті .Шығыстық бояу. Ана ерлігі, ханның ана құдіретіне бас июі.
Пәнарлық байланыс. Тарих. Ақсақ Темір заманы. География. Азия елдері.
Қосымша оқуға. <<Ананың анасы>>. Мұқағали Мақатаев <<Өмір сүрейік алмасып>> (1сағат). Ақынның ХХ ғасыр қазақ әдебиетінде алатын орны. <<Өмір сүрейік алмасып>>. Ақынның табиғатқа қатынасы, өлеңнің көркемдік ерекшелігі, өлеңдегі нәзік лиризм.
Әдебиет теориясы. Параллелизм.
Пәнарлық байланыс: Жаратылыстану. Қайың. Музыка. Мұқағали өлеңіне жазылған әндер.
Қосымша оқуға: <<Саржайлауым>>, <<Мен сендерді іздеймін>>.
Қадыр Мырзалиев. <<Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру>> (1 сағат).
Қадыр ақынның шығармашылық лабораториясына шолу. Шығармаларының тақырыбы.
<<Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру>>. Өлеңдегі ақындық шабыт, халқының салт-дәстүріне деген құрмет.
Пәнаралық байланыс. География. Қазақстан картасы. Биология. Аққу құс туралы. Экология. Табиғатты қорғау. Музыка. <<Аққу>> күйі. (Н.Тілендиев).
Олжас Сүлейменов. <<Арғымақ>>, <<Қыз қуу>> (2 сағат). Ақынның шығармашылық кеңестігі. Әлем әдебиетіндегі орны, ақынға берген баға. <<Арғымақ>>, <<Қыз қуу>> өлеңдеріндегі пафос, ұлттық өрнек, ұлттық таным.
Шығармаларды оқуға - 26 сағат
Сыныптан тыс оқу - 4 сағат
Тіл дамыту - 4 сағат
Оқулық: С.Ч. Тұрсынғалиева, Қ.Әбдезұлы. Қазақ әдебиеті. Арман-ПВ.Астана,2011 жыл.
Тақырыптық - күнтізбелік жоспары:
№
Сабақтың тақырыбы
Сағат саны
мерзімі
Әдебиеттер
1
Кіріспе
1
Халық ауыз әдебиеті.
2
Лиро-эпостық жырлар
1
Халық ауыз әдебиеті.
3
Қыз Жібек
1
4
Қыз Жібек
1
5
СТО <<Қозы Көрпеш-Баян Сұлу>>
1
Лиро-эпостық жырлар.
6
Шығарма <<Халық ауыз әдебиеті>>
1
7
А.Құнанбайұлы
1
Шығармалар жинағы.
8
А.Құнанбайұлы .Сегіз аяқ.
1
Шығармалар жинағы.
9,10
Он жетінші қара сөз.
2
Шығармалар жинағы.
11
СТО <<Бірінші қара сөз>>
1
Шығармалар жинағы.
12
Ш.Құдайбердіұлы.
1
Шығармалар жинағы.
13
Бостандық таңы атты. Адамдық борышың.
1
Шығармалар жинағы.
14
Ж.Жабаев. Кәмшат қыз. Жалғызбын деп жүрмесін.
1
Шығармалар жинағы.
15
Мазмұндама <<Абай тәлімі>>
1
С.Тұрсынғалиева. Қазақ тілінен жазба жұмыстар.
16
С.Торайғыров.
1
Шығармалар жинағы.
ІІ жартыжылдық
1
М.Жұмабаев. Сағындым.
1
Шығармалар жинағы.
2
С.Сейфуллин.
1
Шығармалар жинағы.
3
Аққудың айырылуы.
1
Шығармалар жинағы.
4
Аққудың айырылуы.
1
Шығармалар жинағы.
5
СТО <<Қамар сұлу>> романы. /үзінді/
1
Шығармалар жинағы.
6
М.Әуезов.
1
Шығармалар жинағы.
7
Татьянаның қырдағы әні.
1
<<Абай жолы>> романы.
8
Татьянаның қырдағы әні.
1
<<Абай жолы>> романы.
9
Татьянаның қырдағы әні.
1
<<Абай жолы>> романы.
10
Мазмұндама <<Тоғжан>>
1
С.Тұрсынғалиева. Қазақ тілінен жазба жұмыс-р.
11
Ғ.Мүсірепов
1
Шығармалар жинағы.
12
Ғ.Мүсірепов <<Өлімді жеңген ана>>
1
Шығармалар жинағы.
13
М.Мақатаев <<Өмір сүрейік алмасып>>
1
Шығармалар жинағы.
14
СТО М.Мақатаев <<Саржайлауым>>.
1
Шығармалар жинағы.
15
Шығарма <<Әдебиет әлеміндегі Сәкен>>
1
16
Қ.Мырзалиев. Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру.
1
Шығармалар жинағы.
17
О.Сүлейменов. Қыз қуу.
1
Шығармалар жинағы.
18
О.Сүлейменов. Арғымақ.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz