Бастауыш сыныпқа арналған Қуырмаш ойыны арқылы тілдік, шығармашылық және әлеуметтік дағдыларды дамыту

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Қарашоқы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Білімі-жоғары,

Қазақ мемлекеттік кыздар педагогика институты 2003 жыл

Санаты-екінші, пед. өтілі - 19жыл

Жаинбаева Айгүл Абдрахманқызы

Тақырыбы: Қуырмаш

Мақсаты: 1. Оқушылардың осы уақытқа дейінгі алған білімдерін

ойын арқылы көрсету.

2. Бала бойында ұлттық салт-дәстүрді қалыптастыру,

шығармашылыққа баулу.

3. Достыққа, бірлікке баулу.

Көрнекіліктер: Қолдың суреті, суреттер, геометриялық фигуралар,

ойыншықтар.

Түрі: топтық жарыс

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. а) «Қыс» Абайдың өлеңімен бастау. Өлеңнің әр жолын қимылмен көрсету.

Ақ киімді денелі, ақ сақалды

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

ә) «Қуырмаш» айту. Саусақтардың әр қайсысын көрсетіп, отырып.

Қуыр-қуыр қуырмаш.

Тауықтарға бидай шаш.

Басбармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек.

б) Сынып екі топқа бөлініп отырады.

ІІ. Негізгі бөлім. Әр топтан оқушылар шығып саусақты таңдайды. Сол бойынша екі топ бірдей тапсырма алады. Жеңген топты өздері анықтайды.

«Басбармақ» тапсырмасы: «Жалғасын тап» ойыны.

Тақтада сөздер жазылып тұрады, оқушылар жеке - жеке сөздің аяғындағы дыбысқа байланысты жаңа сөз жазады.

«Тақта», «Тартпа» сөздері

«Балаң үйрек» тапсырмасы. «Соқыр теке» ойыны

Екі топтан үш-үштен оқушылар шығып, көздерін байлайды. Себеттегі геометриялық фигураларды алып, сипау арқылы оның қандай фигура екенін айту.

«Ортан терек» тапсырмасы. Сөздерді өз үйлеріне орналастыру. Қораптағы ойыншықтарды алып, атын атап, оның жуан немесе жіңішке айтылғанын тауып, өз үйлеріне орналастыру.

«Шылдыр шүмек» тапсырмасы. Құрастыру.

Әр топқа үш конструктордан беріледі. Музыка тоқтағанға дейін, құрастыру.

«Кішкене бөбек» тапсырмасы. Ермексазбен жұмыс.

Ермексаздан аққала жасау.

ІІІ. Бекіту. Жасаған аққалаларынан көрме ұйымдастыру. Ең жақсы жұмыстарды іріктеу.

ІҮ. Қорытынды. Жеңген топты анықтау. Жеңілген топ сазды сәлем жолдау.


Ұқсас жұмыстар
Ертегі арқылы балабақшада тілдік, әлеуметтік және шығармашылық дағдыларды дамыту
4-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Сөйлем түрлері мен жол қауіпсіздігі арқылы тілдік дағдыларды дамыту
Балабақшаға арналған сабақ жоспары: Бөлме гүлдері мен олардың күтімі (тілдік және шығармашылық дағдыларды дамыту)
4-сынып: Алма мен Бәйтерек ертегісі арқылы тілдік дағдыларды дамыту сабақ жоспары
Әдебиеттік оқу (2-сынып): Алып бала - Қажымұқан туралы мәтіннің мазмұнын меңгерту және тілдік-шығармашылық дағдыларды дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын шығармашылық жаттығулар арқылы дамыту
Алтын балта ертегісі: халық ауыз әдебиеті, мәтінді талдау және тілдік-шығармашылық дағдыларды дамыту сабағы
Мың бір мақал: мақал-мәтел арқылы тілдік және шығармашылық қабілеттерді дамыту
№37 Бәйтерек балабақшасының оқу іс-әрекет жоспары: Ертегілер еліне саяхат - Үйшік ертегісін сахналау арқылы тілдік және шығармашылық дағдыларды дамыту
Бастауыш сыныпта оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz