Мәтін бойынша сұрақ қою

Сабақтың тақырыбы: Компьютер жанындағы жанжал.
Мақсаты:
а/Оқушыларға компьютер туралы түсінік беру. Ннтернет жүйесіне қосылу тәсілдерінен мағлұмат беру.
ә/ Оқушыларды адамгаршілікке, техникалық құралдарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.
б/ Оқушылардың ойлау, сөйлеу, жаңалықтарды талдай, тыңдай білу қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, кіріктірілген сабақ.
Сабақта қолданатын технология: сыни тұрғысынан ойлау
Әдісі: топтық, сұрақ-жауап, салыстыру. Т-кестесін толтыру
Сабақтың барысы:
ІҚызығушылықты ояту.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар.
- Мысалдағы оқиға нелер арасында болған?
- Арыстан тышқанды не үшін өлтірмекші болды?
- Тышқан қалайша өлімнен құтылмақ болды?
- Ол өзі айтқан уәдесін қалай орындады?
- Бұл мысалдың мазмұнына қандай мақалдар сәйкес келеді?
Жаңа сабақты бастамас бұрын мына сұрақтарға жауап береміз.
- Сенің үйіңде компьютер бар ма?
- Сен компьютерді толық меңгергенсің бе?
- Күніне компьютер алдында неше сағат отырасың?
- Компьютер алдында ұзақ отыру денсаулыққа зиян келтіре ме?
- Осы сұрақтарға бүгінгі сабақ барысында тағы да тереңірек тоқталамыз. Бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпта болуы мүмкін? /компьютер/
- Компьютер туралы не білетінімізді толтырайық.
Кестесін толтыру.
Мағынаны тану. Дәптерге күннің жадын, тақырыпты жазу.
Автормен таныстыру.
Нұрдаулет Ақыш -1950 жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында дүниеге келген.
Мәтінді оқып танысу.
Бөліктерге бөліп оқу.
Мәтін бойынша сұрақ қою.
- Мәтін шығарманың қай түріне жатады?
- Әңгімеге кімдер қатысады?
- Балалар компьютерде қандай ойын ойнамақ болды?
- Олардың ойындары неліктен үзілді?
- Мәтіннен интернет туралы не ұқтың?
- Енді тағы да толығырақ интернет желісі туралы информатика пәні мұғалімі Гүлмира Бисенқызы түсіндіріп кетеді. / пайдасы, зияны туралы айту/
Сөздікпен жұмыс.
Интернет- әр түрлі ақпарат алуға арналған компьютерлік жалпы желі.
Тәжікелесу- айтысу.
Сергіту сәті.
Интернет желісінен көптеген пайдалы мағлұмат алуға болады. Бірақ мен бүгінгі сабаққа қажет деген 5 түрін алдым. Сіздерге мынындай сұрақ:
- Қазір өзіңді ғаламтор жүйесіне қосылып отырмын деп ойла, қандай мәліметтер алар едің, не таңдар едің?
- Жақсы әуен.
- Ойын
- Ертңгі сабағыңа қажетті мәлімет.
- Өнер адамдарының фотосуреттері.
- Елімізде болып жатқан жаңалықтар.
/ таңдаған мәліметтердің тұсына барып тұрады, неліктен таңдағанын қорғайды/
Топтық жұмыс.
1 топ. Мәтінді рольге бөліп оқу. Мәтіндегі Америка, Канада елдері туралы мәлімет жинақтап айту.
2 топ. Компьютерге қатысты сөздерді дәптерге жазу. Мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме беру.
3 топ. Интернет дегеніміз не? Интернет туралы мағлұмат беру.
ІІІ. Толғаныс сәті.
«Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?» деген сұраққа пікірталас. /әр топ өзіне берілген аргументтерін қорғау керек/
ІV. Қорытынды.
- Яғни ортақ қорытынды компьютердің пайдасы мен зияны бар екен.
Кестені толытру. .
Бағалау.
V. Үйге тапсырма.
Мәтінді түсініп оқу. Интернет желі жөнінде мәлімет оқып келу.
Сабақты дайындаған: Таудаева Алма Салаққызы
Ақжайық ауданы, Сарытоғай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz