5-сыныпқа арналған технология сабағы: Киім түрлері және алжапқыш пішімін жасау мен өлшем алу

Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы №38 Негізгі мектепінің
технология пәнінің мұғалімі: Арман Төкен қызы Смықова
Пәні: Технология. Сыныбы: 5 Мерзімі. 21. 02.
Сабақтың тақырыбы: Киім түрлері. Тігін бұйымдарын құрастыру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Киім тарихын ескере отырып жіктеу, халық дәстүрлерін қолдану және гигиеналық талаптары мен өлшемдері туралы ұғым беру. Пішім өлшемін үйрету.
Дамытушылығы: Киімнің пайда болуы, қолданылуы мен қоғамдағы рөлі туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Киім туралы эстетикалық талғам қалыптастыруды жалғастыру. Еңбекке баулу арқылы ұқыптылықпен салақтықтықты айыра білуге, жолдастық өзара көмекке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаттықтыру сабағы.
Әдісі: түсіндірмелі - сарамандық.
Көрнекілігі: Түс қағаз - Киім үлгілерінің жіктелуі.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру ( сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру)
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақты түсіндіру . «Киім сұлулық ұғымының бір түрі» М. Горкий.
Сабақтың этнографиясын оқыңдар, сабақ не туралы болмақ?
Түсіндірмелі нұсқау (теория түріндегі хабарлама)
А) Киімнің қандай көне түрін білесіңдер? (жапырақ, тері, татуировка) .
Ә) Киім не үшін қолданылады. (сұлулыққа, ыстық -суыққа, әсемдікке) .
Б) Түрлі халық костюмі неге ерекшеленеді?
В) Киімнің қандай түрлерін білесіңдер? (дәптерге жазу) .
Г) Киімді сатып аларда неге көңіл аударуымыз керек? (киімге қойылатын талаптарға және ыңғайлылығы мен жарасымдылығымен қонымдылылығына) .
З) Гигиеналығы жайлы, ұзақ мерзімге жарамдылығы туралы оқушылар алдына мәселе қою.
Д) Киім өзіңе қонымды болуы үшін не істеу керек? (өлшеп алу) .
Алжапқыш тігу үшін біз бірінші нені білуіміз керек?
Алжапқышты қайда қолданылатын пішу үлгілерімен түрлерін.
Алжапқыш сызбасын құру үшін бізге қандай өлшемдер қажет болады? Адам үстінен киім пішінінің өлшемін алу (көрсету) . Дәптерге түсіру.
Сарамандық сабақ . Картадан өлшем алу шартын оқып, екеу ара бөлініп бірігіп жұмыс жасау. Жұмыс барысындағы тәртіп, өзін -өзі бақылау, көмек.
Алжапқыш қиынды бөлігінің аттары
Алжапқыштың төменгі тұсы
Кеудешесі
Адам құрылысының негізгі нүктелерімен сызықтары
Қортынды. Бүгінгі сабақта қандай көңіл күйде болдыңдар? Өздеріңе қажеттіні таптыңдарма?
Үйге тапсырма: Өз өлшемін кестеге толтыру.
.