Кешті ашу

Калиева Сания Еркинкызы
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Кемерши селосы
Қ. Жазықов атындағы орта мектептің 10-класс жетекшісі
«Жарқын жастық - баянды болашақ»
атты студенттермен кездесу кеші.
Мақсаты: Студент пен оқушы арасындағы байланысты нығайта отырып, сырласу, әр студенттердің қызықты да қиын күндерін тыңдай отырып, оқушыны шыдамдылыққа баулу, кәсіптік бағдар беру .
Барысы:
І. Кешті ашу.
ІІ. Таныстыру.
ІІІ. Ойын
ІҮ. Сыр - сұхбат
Ү. Ойын
ҮІ. Тілектер шоғы.
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар және бүгінгі кеш қонақтары - студент жастар!
2-жүргізуші: Студенттер - ақ арман арқалаған,
Жеттіңдер ме ауылға сән қаладан.
Түлеп ұшқан ұяңа қош келіпсіз,
Ыстық мекен, құтты орын, ордаң аман!
1-ж: Студенттер - көкке қанат сермегендер,
Ауылға сағынысып келген еңдер.
Студенттер - кешінде сырласайық,
Болашақтың бастауы сендер еңдер!
2-ж: Студенттер - өмірдің гүл күндері,
Қуанышта аз емес бұл күндері.
Қайғысы да бір басыңа жетіп жатыр,
Ұйқысыз өткен кейде бір түндері.
1-ж: Міне, осындай өмірді кешкен жандар,
Ертеңгі елімізге атар таңдар.
Бірі - дәрігер, бірі - ұстаз, бірі - әнші,
Маман болып бір күні шығарсыңдар.
2-ж: Студенттік өмір біздің де есімізде,
Тым ерекше көрінер өмір көшімізде.
Біз түлеткен аяулы студенттер,
Қош келдіңіз, бүгінгі кешімізге.
(қошемет)
1-ж: Армысыздар, мектебіміздің түлектері,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән шашу, әсем әуен түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
2-ж: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін әншілер ән салады.
Ән: «Қос жүрек». Орындайтын 11 класс оқушысы - Рахатов Исламбек. Қошеметтеп отырайық!
1-ж: Ұстаздардың ұлағатты сөзінен,
Өмір бойы таусылмас нәр аламыз.
Ұстаздардың мейірімді көзінен,
Бізге деген жылылықты табамыз, - дей отырып, мектеп директоры Дусипова Миргүл апайға сөз кезегін береміз.
1-ж: Балалық, шаттық өмір, думанды кеш,
Түседі естеріңе қызықты кез.
Сағыныш бойды билеп келгендерге,
Мектептің есіктері ашық әр кез.
2-ж: Сол бір кез сәті түскен бүгінгі күн,
Қосыңыз әрқайсыңыз жақсы бір үн.
Сырласып отырайық, ән салайық.
Мауқымыз басылғанша осы бір күн. Келесі кезекті ойынға берейік.
Ойын: «Әріптерден басталатын мамандық».
Шарты: студенттерге әріптер беріледі. Сол әріптерден басталатын мамандықтардың атауларын барынша көбірек жазу керек.
А, Д, Ж, И, С, З, Ш, Т, М, Э.
1-ж: Ұрпағы ұландары текті жердің,
Қашанда болмысыңа сүйсінемін.
Келешек ғалымдар да, даналар да,
Шығады өздеріңнен деп білемін.
2-ж: Бұл кездесу көкейлеріңе,
Жыры мен сырын тұндырсын.
Жаныңнан кетпей әсері ән,
Жадыңда қалсын осы күн! - дей отырып, әнге кезек берейік.
Ән «Ауырмайды жүрек». Орындайтын мектебіміздің жезтаңдай әншілерінің бірі - Рахметов Бағдат. Қошеметпен қарсы алайық.
1-ж: Біліммен көркейтіп елімізді,
Танытып азаматтық тегіңізді.
Қадірлі қонағымыз, мейманымыз,
Тыңдалық сіздің де ыстық лебіңізді.
«Сыр сұхбат» бөлімі.
2-ж: Қабыл етіп қонақтардың тілегін,
Тілегіңді тұмар етіп жүремін.
Түлектерге ұлағатын қалдырар,
Өздеріңдей болса деймін түлегім.
Ортаға мектебіміздің «Өзіміздің жігіттер» КВН командасын шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
1-ж: Көрермендер әзіл де бар бойында,
Бір ғажайып қызық бізде ойын бар.
Шақырамыз ортамызға келіңіз,
Атсалысып бұған да ден қойыңыз.
2-ж:Ойын: «Ең нағыз . . . » ойыны.
Қазір сіздерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады, ал сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауларыңыз керек.
- Ең жасыл мамандық;
- Ең тәтті мамандық;
- Нағыз ақшалы мамандық;
- Ең күлкілі мамандық;
- Нағыз бала мамандығы;
- Нағыз адамдармен көп араласатын мамандық;
- Ең ауыр мамандық;
- Ең салмақты мамандық;
1-ж: Ән басталса қалайша жанбас халық,
Тыңдауға бар түн бойы таң жастанып.
Ұйып қалар табиғат оянбастай,
Кеткен кезде керемет ән басталып, демекші келесі кезекті әнге береміз.
Ән: «Ұмытар емеспін». Орындайтын 9-кластың әншісі - Бақтілеу Айбек, қошеметпен ортаға шақырайық.
2-ж: Өнердің нәр береді шапағаты,
Әркімнің өнерге бар махаббаты.
Талпынып біреулерің шығыңдаршы,
Халайық қошеметпен қол соғады. - деп, қонақтардан қонақ кәде сұраймыз.
Ән: «Жібектің әні» Орындайтын Нарымбаева Айгерім.
Даусың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таңшолпанмен астасқан - деп, тамаша ән сыйлаған Айгерімге тағы да қошемет көрсетіп қояйық.
1-ж:Аламан бәйгеге оза шауып, өлең - жырда шашасына шаң жұқтырмаған талантты тұлға, ақын аға - апаларының жолын қуған, бірімізге апа, бірімізге қарындас Жұбаева Құндыз ақынымызды ортаға шақырайыз.
(Құндыздың жүрек жарды өлеңдері оқылады. )
КВН .
2-ж: Мұңға батқан жүректі ән оятар,
Тәтті үннің әсерін жан оятар.
Жаңға қуат, жүрекке шаттық сыйлап,
Жас балаша көңілді жадыратар, -деп әнге кезек береміз.
Ән: «Арман» Орындайтын 9-класс оқушысы Қанатов Аманғос.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz