Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақтың бөлімдері

Аяпбергенова Алмагүл Бахитжанқызы
Қостанай облысы
Әулиекөл ауданы
Аманқарағай ауылы
№2 Аманқарағай орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы :Қазақстанның ғарышжайы.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Оқушыларға ғарыш туралы жалпы түсінік беру, Қазақстан Республикасының аумағында ғарышжайы бар әлемдегі санаулы елдердің бірі екендігінін ; ғарышты зерттеу және оның нәтижелерін халық шаруашылығында пайдалану хақында мағлұмат беру.

2. Дамытушылық:
Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ойлау, сөйлеу және таным қабілеттерін дамыту

3. Тәрбиелік:
Оқушыларды Отаншылдыққа тәрбиелеу, олардың көңіліне ұлттық мақтаныш сезімдерін және ұлттық құндылықтарды қастерлеуге
тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:
тақырып бойынша слайд-флипчарттар, карта, үрлейтін шарлар,зымыран макет-жобалары, жұлдыздар.

Сабақтың түрі:Зерттеу сабағы.
Сабақтың типі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өз ойын ортаға салу, әңгімелеу, салыстыру.
Пәнаралық байланыстар: қазақ тілі, әдебиет,өнер, физика,астрономия

Сабақтың бөлімдері
Сабақтың мазмұны
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Әуен ырғағы.(Ғарышқа байланысты әуен ойналады)
-Балалар ,бұл әуен сендерге қандай әсер қалдырды? Әуен арқылы нені түйсіндіңдер?
Оқушы жауабы: - Бұл - ғарыш әуені.
Мұғалім: Олай болса, канеки, кім осы ғарыш туралы өз өлеңдерін немесе өлең жолдарын оқиды?
Оқушы жауаптары:
-Балаларды бастап-ақ,
Ұшар едім алысқа.
Болар едім космонавт,
Зымырар ем ғарышқа.(жазу)
Мұғалім сөзі:
Мінеки, балалар,біз әуен тыңдай отырып, оның ғарыш әуеніне ұксайтынын және сол аспан әлеміне байланысты өз өлеңдерінізді айттыңдар. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осы айтқандарыңызбен сабақтасады. Назарларыңызды тақтаға аударыңыздар!
Жаңа сабаққа дайындық
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қазақстанның ғарышжайы - деп аталады. Біз бұрын сендермен ғарыш әлеміне, Күн мен Жер тылсымына тоқалған болатынбыз. Ал бүгін Мемлекетіміздің ғарышжайымен танысамыз,зерттейміз және тапсырмалар орындаймыз. Слайд №1 .
Жаңа сабақ

Слайд№2
(ғарыш)

Слайд№3
(Байқоңыр)
Картамен жұмыс
Мұғалім сөзі:Мен балалар, сендерге Ғарыш сөзінің қайдан шыққаны туралы мәлімет бергім келеді. Ғарыш - араб тілінен аударғанда, кеңістік, космос деген мағынаны білдіреді. (Сөздікпен жұмыс)
Әлем-бізді қоршап тұрған шексіз кең әрі мәңгі дүние.
Сонымен, балалар, ғарыш дегеніміз не екен?
Оқушы: Менің арманым - ғарышкер болу. Менің түсінгімше, ғарыш дегеніміз - бұлтсыз ашық түнде біз аспаннан жыпырлаған сансыз көп жұлдыздарды көреміз. Сол жұлдыздар жарқыраса жақсылыққа жорып, ағып түссе, қорқамыз. Міне, ғарыш дегеніміз осы!

Мұғалім сөзі: Өте жақсы,жарайсың! Ғарыштың не екенін білсек, сол ғарыш сөзіне -жай дегенді қосып,Ғарышжай сөзіне түсінік беріп көрейікші?Тақтадан ненің бейнесін көріп отырсындар? (Байқоңыр)
1961 жыл. 12 сәуір. Қандай тарихи күн болып есептеледі?
Оқушы: Бұл жыл үлкен тарихи оқиға - ғарышқа Ю.Гагариннің ұшкан жылы.
Мұғалім: Ю.Гагарин қай жерден, қай өңірден ғарышқа сапар шекті?
Оқушы:(бәрі) Байқоңырдан.
Мұғалім: Байқоңыр қай аймақта орналасқан?
<<Байқоңыр>> ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының территориясында орналасқан, жалпы көлемі 6,7 мың км2 жерді алып жатыр. Сонымен ғарышжай дегеніміз- космодром, яғни ғарышқа сапар шегетін ғарыш кемелерінің орыны, Байқоңыр ғарышжайы.
Енді балалар, ғарыш кемесінің қалай ұшырылатынын білу үшін, практикалық жұмыстар өткізейік. Ол барлығына үрлейтін шарлар беремін.

Практикалық жұмыс
Слайд№4
Зымыран

-Ал,енді ғарыш кемесі қалай ұшырылады?
(үрлейтін шарлармен жұмыс)

№5
Электрондық сергіту сәті

Оқулықпен жұмыс

Жауаптарды тыңдау

Дәптермен жұмыс
№8

Сендердің алдарыңда <<Зерттеу парақшасы>> жатыр.Сол арқылы оқулықтардан жауаптарды табыңыз. Әр қатарға әр түрлі сұрақтар қойылған. Дайындалуға 5 мин. беріледі. Ауызша.

Слайд№6 Сұрақтар
1-қатар
1 .Ғарыш деп нені атаймыз?
2. Байқоңыр жөнінде не білесіңдер?
3.1961 жылы 12 сәуірінде қандай ұлы оқиға болды?
4. Адам баласының ғарыш кеңістігіне шығуы үшін не қажет еді?
2-қатар
1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
2. Не себептен қазақ ғарышкерлері ғарышқа тек 1991 жылы ұша алды және тәуелсіздік,егемендікті қалай түсінесіндер?
3. Тоқтар Әубәкіров қандай зерттеу нәтижелеріне қол жеткізді?
4. Талғат Мұсабаев ғарышқа қанша рет сапар шекті?
3-қатар
1.Талғат Мұсабаев <<Халық қаһарманы>> атағын қандай еңбегі үшін алды?
2. Байқоңыр ғарышжайы немен жабдықталған?
3. Байқоңыр ғарышжайын қандай мемлекеттер пайдаланады?
4. Біздің мемлекетіміз несімен мақтана алады?
Слайд№7
1.Жұлдыздары жыпырлаған түпсіз тұңғиық.
.2.Әлемге сапар шегетін ғарышжай.
3.Кеңес Одағының азаматы Юрий Гагарин орбитаға шықты.
4.Терең білім,күрделі техника және адамдардың табандылығы мен ерлігі қажет еді.
2-қатар
1.Тоқтар Әубәкіров.
2.Еліміз тәуелсіздік алып, егемендікке ие болғаннан кейін ғана қазақ ғарышкерлері аспан әлеміне көтерілу мүмкіндігіне ие болды.
3.Қазақстан аймағындағы атмосфераны ,жер бетін, аспанды бақылады.
4.3рет ғарышқа сапар шекті.(1994,1998,2001ж)
3-қатар
1. Қ.Р. ғарышты зерттеу жөніндегі 2-бағдарламасын орындады.
2. Арнайы жасалған приборлармен,техниканың соңғы жетістіктерімен жабдықталған.
3. Ресей Федерациясының ғарыш кемелері.
4. Әлемдегі санаулы ғарыш кемесін ұшыратын елдердің қатарындамыз.

12сәуір 1961ж-Юрий Гагарин алғаш рет ғарышқа ұшқан.

Ауа райын күн ілгері болжауғаапатты құбылыстардан
Ғарышжай дегеніміз- космодром, яғни ғарышқа сапар шегетін ғарыш кемелерінің орыны.Егіннің шығымын болжауға

Ғарышты зерттеу не үшін қажет?

Географ-қ карта,пайдалы қазбалар іздеуге
Телехабар, радио, телефон байланыс жүргізіледі

Бекіту
Қанеки, балалар, сабағымызды сөзжұмбақ арқылы бекітіп көрейік. Алдарыңызда <<Байқоңыр>> сөзжұмбағы берілген. Сегіз сұрақты қамтиды. Қанеки, белсенді түрде толтырып шығындар.
Слайд№9

Рефлексия.

Бағалау

Үй жұмысы
м
ұ
с
а
б
а
е
в

2
г
а
г
а
р
и
н

3
а
й

4
т
о
қ
т
а
р

5
в
о
с
т
о
к

6
а
л
а
ң

7
ғ
а
р
ы
ш

8
м
и
р

Көлденеңінен:
1. 1994 жылы ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері.
2. Байқоңырдан тұңғыш ұшқан ғарышкер.
3. Жер серігі
4. Тұңғыш қазақ ғарышкерінің есімі.
5. Алғашқы ғарыш кемесінің аты.
6. Площадь сөзінің аудармасы
7. Аспан әлемі
8. Ғарыш станциясы атауы

Балалар, біздің сабағымыз аяқталуға жақын. Седердің алдарыңда 3 түсті жұлдызшалар жатыр.
Егер бүгінгі сабақ сендерге жақсы әсер қалдырса, ақ түсті жұлдызшаны көтеріңіздер,
егер сабақтың кей тұстары түсініксіз болса, бірақ сабақ ұнаса сары жұлдызшаны,
ал сабақ мүлде ұнамаса қызыл жұлдызшаны көтеріңіздер!

161-163 бет. Мазмұны. Егер мен инженер - конструктор болсам: Зымыранның суретің салып келу.
Мұғалім:

Талаптарыңа рахмет,
Ең бастысы - ынта.
Ал білім мен ұғымды,
Жылдар бойы жинарсың.
Қоңырау соғылды -
Кезек келді ойынға.
Сабақтан үйренгеніңді,
Тырыс есте сақтауға!

Ұқсас жұмыстар
Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту
Аралас сандарды азайту мен қосу тақырыбын қайталау
Аралас сандарды қосу және азайту. Сабақтың тақырыбы
Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу
Аралас сандарды азайту. 6 сынып. қысқа мерзімді жоспарлау
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектерді азайту
Жай бөлшектерді қосу туралы
Жай бөлшектерді бөлу жайлы ақпарат ( 5 сынып )
Бұрыс бөлшек
Пәндер