Логикалық сұрақтар

№6 орта мектебі
Ж А С З И Я Т К Е Р Л Е Р - 2 0 1 2
(«Математика және логика» апталығында өткізілген сыныптан тыс сабақ)
8-9 сыныптар
Өткізген:
математика пәнінің мұғалімі:
Әлжанова Б. Қ., Бахытова Р. О.
2012-2013 оқу жылы
Күні: 18. 10. 2012ж
«Жас зияткерлер-2012» математикалық сайысы.
Мақсаты:
- Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
- Дамытушылық:Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
- Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілігі: Презентация, безендендірілген кабинет, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел. «Жас зияткер - 2012» деген лента, оқушылардың сыныбы, аты жазылған алдарына қоятын қағаздар.
Түрі:
топтық сайыс сағаты
Типі:
сайыс түрінде
Жоспары:
1. Топ мүшелерін іріктеу. Таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі;
2. Логикалық сұрақтар;
3. Полиглот
4. Кім жылдам?
5. Сергіту сәті. «Ойлан тап».
6. «Артық сөзді тап»
7. »Математикалық терминдер»
8. «Кім тапқыр?» жанкүйерлер сайысы.
9. «Топ басшылар сайысы»
Қолданылған нақыл сөздер:
1. “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет. ”
Н. Ә. Назарбаев
2. «Логика өнері - адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал. »
Әбу Насыр Әл-Фараби
3. «Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те»
Р. Бэкон
Барысы:
Құрметті оқушылар, Ұстаздар! Бүгінгі сайысымызды Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастайын: “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет. ” Осы сайыста көрсеткен білімдерің күнделікті жақсы оқығандарың - өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады.
- Топ мүшелерін іріктеу сұрақтары:
- Өрнектің мәнін тап:15225−126400=−37\frac{1}{5}\sqrt{225} - \frac{1}{2}\sqrt{6400} = - 37
- ax2+bx+c=0ax^{2} + bx + c = 0теңдеуі қалай аталады? (Квадрат теңдеу. )
- y=x2y = x^{2}\функциясының графигі қалай аталады? (Парабола. )
- 3535-тің квадраты неше? (1225)
- Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда? (Диаметр)
- Қандай сандар иррационал сандар деп аталады? (Шектеусіз периодсыз ондық бөлшектер. )
- Шаршының ауданы неге тең? (S=a2S = a^{2})
- Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем. (Теорема. )
«Ұшқыр», «Зерде» тобы құрылады. Топ мүшелері өздерін таныстырады. Амандасу. (қатысушылар шеңбер бойымен тұрып, өз есімдерін айтып, сүйікті істерін айтады; келесі оқушы оны қайталап, өз есімі мен сүйікті ісін айтады. Осылайша жалғасады) . Топтың лидерін сайланады.
- Логикалық сұрақтар. Қазір сендерге логикалық сұрақтар қойылады. Кім бірінші қол көтереді, сол жауап береді. Әр дұрыс жауабына - 1 ұпай.
- 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық бірақ 5-тен кем сан шығады? (үтір)
- Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?
- Анасы 16 мандарин сатып алды. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, Қалғанының жартысын Дина жеді. Қанша мандарин қалды? (3)
3. Полиглот . Егер жауабы дұрыс болып, аудармасы жоқ болса, 1 ұпай алынады. Ең көбі - 3 ұпай.
Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізі
Дәл жауапты қостадым.
(шеңбер - окружность - circle)
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш - линейка - ruler)
Алды-артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге.
Сәулеменен кесілді
Шықан тегін білсе де.
(түзу - прямая - line)
Көк құтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады.
(циркуль - циркуль - сircle)
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай?
(натурал сан - натуральное число - natural number)
Атадан он баламыз
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз.
(цифрлар - цифры - figure)
Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады?
(Дәреже-степень-degree)
- «Кім жылдам?»оқушы 1 минутта қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпайға ие болады.
«Ұшқыр» тобына:
- Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бүйірлі)
- Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу (параллель)
- Қарама-қарсы қабырғалары параллель болатын төртбұрыш (параллелограмм)
- Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі (планиметрия)
- π\pi-дің мәні неге тең? (3, 14)
- (хорда) Шеңбердің\ екі\ нүктесін\ қосатын\ кесінде\ (хорда)
- Үшбұрыштың орта сызығы 12 см, табаны неге тең? (24 см)
- 144=\sqrt{144} =12
- ?Санның\ жүзден\ бір\ бөлігі\ қалай\ аталады?\(процент)
- 1800180^{0}-қа тең бұрыш? (жазыңқы)
- \ ішкі\ бұрыштарының\ қосындысы? (180)
- 9-ға кері сан? 1/9
- 7 құрама санба, жай сан ба? (жай сан)
- Миллионда неше ноль бар? (6)
- Ең кіші жай сан? (2)
«Зерде» тобына:
- Барлық қабырғалары тең үшбұрыш? (тең қабырғалы)
- Геометрия терминінің мағынасы? (жер өлшеу)
- Ең үлкен хорда (диаметр)
- Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)
- 3600-қа тең бұрыш? (толық)
- Ең кіші натурал сан (1)
- 13-тің квадраты? (169)
- Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу? (перпендикуляр)
- Квадрат түбірдің астындағы өрнек қандай болмауы керек? (теріс емес)
- Дөңгелектің радиусы 5 см, Диаметрі қанша? (10)
- Дәлелденетін тұжырым (теорема)
- Ең кіші екі таңбалы сан? (99)
- Сызықтық функцияның графигі (түзу)
- 11-ге кері сан? 1/11
- Өзі шыққан бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса)
- Сергіту сәті:«Ойлан, тап». Ұшқыр тобына Т-Н, А-Қ, Қ-Р, А-Ұ әріптері мен Зерде тобына А-Ы, А-Ы, Қ-С, Р-Д әріптері беріледі. Әрбір дұрыс жауап 1-ұпай.
Ұшқыр тобына:
Қазақстандағы өзен (Нұра)
Дәреже, даңқ, (атақ)
Аяқ қиім бөлігі (тақа)
Шашыңды (тара)
Ата, қария, (қарт)
Топтық . . . , девиз. (ұран)
Зерде тобына:
. . . -жігер, қайрат (ырық)
Назарбаева . . .
Малға жем салатын ыдыс (ақыр)
Ілгекті (қада)
Сары . . . (арқа)
. . . - аяқ. (ыдыс)
. . . сап ойнау (асыр)
Береке, құт, (ырыс)
Жүдеу сөзіне синоним (арық)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz