9-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі

Көкшетау қаласындағы Назарбаев интеллектуалды мектебі

География пәнінен сабақ жоспары

Сынып: 9

Күні: 05-10-10 ж

Сабақ тақырыбы: §6. Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі, халықты аумақтық ұйымдастыру, қала халқы- қала- агломерация-мегаполис, урбандалу, ауылдық халықтың орналасуы туралы толық мағлұмат беру.

Сабақ міндеті:

1. Білімдік: Балаларға халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі, халықты аумақтық ұйымдастыру, қала халқы- қала- агломерация-мегаполис, урбандалу, ауылдық халықтың орналасуы туралы толық білім беру.

2. Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету.

3. Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т. б. үйрету.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс

Құрал-жабдықтар: ҚР физ картасы, ҚР әкімшілік картасы, ДЖ физикалық картасы, мектеп атласы, кескін карта,

Барысы: : І. Ұйымдастырушылық кезең

1. Сәлемдесу

2. Балаларды түгендеу.

3. Балалардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Өткен сабақты шолу.

Сұрақтарға жауап беру.

  1. Этнос, этностық, диаспора дегенді қалай түсінесің?
  2. Мемлекетіміздің ең негізгі этникалық құрамын атаңдар.
  3. Халықтардың этнолингвистикалық жіктелуінің негізі неде?
  4. Қазақстан халқы саны бойынша қандай айырмашылық жасайды?
  5. Қазақтардың дүние жүзіндегі таралу ерекшелігі. Қазақ диаспорасының үлкен шоғыры орналасқан елдер.
  6. Қазақстандағы өзбектер мен украиндардың таралуы қандай?
  7. Біздің елімізде қандай дін түрлері тараған?

Осы сабақта кездесетін терминдер :

  1. Диаспора
  2. Этнография-халықтың шығу тегін, орналасуын мәдениеті мен тұрмыс жағдайы туралы ғылым.
  3. Этнос
  4. Тілдік классификация (лингвистикалық, этникалық)
  5. Халық, тіл тобы, тіл семьясы
  6. Халықтың діни құрамы
  7. Ислам, христиан, будда

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Осы сабақта кездесетін терминдер:

  1. халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі,
  2. халықты аумақтық ұйымдастыру,
  3. қала халқы- қала- агломерация-мегаполис,
  4. урбандалу,
  5. ауылдық халықтың орналасуы
  6. халықты орналастыру
  7. халықтың қоныстануы
  8. Болашағы жоқ ауылдар

Урбандалу:

  1. Қаланың және халқының өсуі
  2. Қалалық тіршіліктің өркендеуі
  3. Орналасудың жаңа түрінің пайда болуы.

Агломерация - қалалық орналасудың екінші формасы. Агломерация негізгі қаладан (ядродан) және серіктес қаладан тұрады. Агломерациялардың бірігуін мегаролис дейді.

Қалалардың пайда болған уақыты

Халқының саны бойынша қалалар тобы
Қалалардың пайда болған уақыты
Ежелгі және ортағасырлық кезең
ХҮІІ-ХІХ ғғ.
Кеңес кезеңі
Халқының саны бойынша қалалар тобы: Үлкен
Қалалардың пайда болған уақыты: Түркістан
Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Орал

Ақтау, Жезқазған, Талдықорған;

Рудный, Екібастұз

Халқының саны бойынша қалалар тобы: Ірі
Қалалардың пайда болған уақыты: Тараз, Шымкент
Астана, Ақтөбе, Павлодар, Семей, Өскемен;
Қарағанды
Халқының саны бойынша қалалар тобы: Аса ірі
Қалалардың пайда болған уақыты: -
Алматы

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. В. Усиков. 9-сынып. §6- 40-41-42-43-45-46-сурет бойынша түсіндіру. 68-69-70-71-72бет.

ІҮ. Бекіту.

Сұрақтар:

  1. Орналасу мен қалыптасудың қандай айырмашылығы бар? Олардың бір-бірімен тығыз байланыста екендігін дәлелде.
  2. Қаланың қандай ерекшелігі мемлекеттегі жетекші қаланың қатарына қосады?
  3. Не үшін барлық қалалардың жиынтығы - қоныстану тармағы да, ал агломерация - жүйе болады?
  4. Үлкен қаланың 2 түрлі мағынасы бар. Айырмашылығы неде?
  5. Қалалар қандай қала қалыптастырушы қызметті атқарады? Мысал келтіріңдер.
  6. Ауылдық қоныстанудың ерекшелігі неде?
  7. Қазақстандағы ауылдардың негізгі әлеуметтік мәселелерін ата.
  8. Негізгі қоныстану белдеуінің басқа аудандардан қандай айырмашылығы бар?
  9. Урбандалу, агломерация, мегаполис, урбандалу деңгейі деген ұғымдарды түсіндіріңдер.

Тапсырмалар:

1-кесте. Оқулықтағы 43-сурет бойынша ҚР облыстарын урбандалу деңгейі бойынша топтастыр.

облыстар
облыстар: Аз урбандалған
Орташа урбандалған
Жоғары урбандалған
облыстар:
облыстар:
облыстар:
облыстар:
  1. Полулях. Л. Н. «Мектеп оқушыларына арналған өздігінен жұмыс дәптері» 9-сынып. Бойынша жұмыс жасау. 3- тапсырма. 6-бет.
  2. Казановская Т., Ульяшова И. «Мектеп оқушыларына арналған жұмыс дәптері». 9-сынып. Бойынша жұмыс жасау. 11-18 бет.
  3. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. В. Усиков. 9-сынып. §6-соңындағы тест тапсырмасын орындау. 78-79-бет.

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: §6. Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі. (оқу, мазмұндау, конспектілеу. )

Тексерген: Жаратылыстану пәндері кафедра меңгерушісі Бекенбаева Б. Ш.


Ұқсас жұмыстар
9-сыныпқа арналған кіріктірілген сабақ жоспары: халықтың этникалық, діни және тілдік көрсеткіштері мен ұрпақтар көзқарасының алшақтығы
Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі мен жазба деректері: 10-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Кешенді географиялық аудандастыру: 10-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
9-сынып: Отын-энергетикалық кешеннің ерекшелігі мен маңызы және мұнай-газ өнеркәсібі
9-сынып географиясы: Шығыс Қазақстанның экономикалық-географиялық және табиғи жағдайы - сабақ жоспары
Байлық пен ақыл (ертегі): қазақ ертегілерінің ерекшелігі мен тәрбиелік мәні - бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Атажұрт: 8-9 сыныптарға арналған этнографиялық-географиялық танымдық сайыс сабағы
7-сыныпқа арналған сабақ: Оңтүстік Американың географиялық орны, ашылуы және зерттелу тарихы
Африканың географиялық орны: сабақ жоспары
Глобус және географиялық координаттар: ендік, бойлық және глобустан қашықтықты есептеу - 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz