Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Үшбұрыштар логикасы

Сабақ жоспары
Математика пәнінің мұғалімі: Абайқызы А
2014ж
7 а, сынып
Математика
Сабақтың тақырыбы
Үшбұрыштар әлеміне саяхат
Жалпы мақсат
Оқушыларға үшбұрыштар туралы қызық мәліметтер бере отырып, үшбұрыш туралы түсінікті бекіту, көз қарастарын кеңейту, өз пікірлерін білдіре білуге үйрету. Сиқырлы үбұрыш септері арқылы логикалық ойламымен тез есептей білу дағдыларын дамыту. Бірлесе отырып жұмыс жасай білуге тәрбиелу.
Сілтеме
Оқулық (<<Атамұра>> баспасы 2013ж),
Оқу нәтежесі
-Оқушылар үшбұрыштар туралы қызық мәліметтер алады.
- Өмірден оларға мысалдар келтіріледі
- Үшбұрыш туралы білімдерін тереңдетеді.
-Өз бетінше ізденуге мүмкіндік туады
-Топта, бірлесе жұмыс істеу дағдысы дамиды
-Логикалық ойламдары дамиды
-Рухани мол азық жинайды
Негізгі ойлар
Үшбұрыш, сиқырлы үшбұрыш, логикалық есептер
Сабақтың барысы
Топқа бөлу
Таныстыру
Ұй тапсырмасы
Жарыс барысы
Тапсырмалар
<<Жорға - жорға!>>
<<Үш нәрсе>>
<<Сиқырлы үшбұрыш>>
<<Үшбұрыштар логикасы>>
<<Үшбұрыштар психологиясы>>
зерттеу, талдау
жинақтау
өз ойларын білдіру
ойламдарын жетілдіру.
Өздерін танып білу
Қосымша материалдар
<<Логикалық сұрақтар>> (шың-кітап) Интернет материалдары
Сабақта мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
1. Қолайлы жағдай жасау
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
Ұйымдастыру
(2 минут)
Армысыздар достарым!
Бармысыздар жастарым!
Геометрияға арнаған
Сабағымды бастадым.
Құлақ салып тыңдап,
Бір-бірінді қолдап,
Сабақ қызық өтсін
Күн шуағын төксін.
Топтар өздерін танысырады. Топтардың аты, ұраны эмбелемасы болуы шартты.
Үй тапсырмасын сұрау (5минут)
Қолдан жасалған бұйымдары мен таныстырады
Топ үйден жасалып әкелінген макеттерін таныстырады.

<<Жорға - жорға!>>
кезеңі
(6 минут)
І. Топқа
1. Нүктені қандай әріппен белгілейді?
2. Үшбұрыштың қабырғысына қатысты түрлері
3. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш.
4. Үшбұрыштың екі бұрышы доғал бола ма?
5. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы.
ІІ. Топқа
1. Тік бұрышты үшбұрыштың қанша сүйір бұрышы бар?
2. Үшбұрыштың төбесін оған қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді.
3. Түзуді қандай әріппен белгілейміз
4. Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы не деп аталады?
5. Геометрия сөзінің мағанасы
ІІІ. Топқа
1. Үш қабырғасы тең Үшбұрыш
2. Тік бүрышты үшбұрыш элементері
3. Үшбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысы
4. Үшбұрыштың үлкен қабырғасына не қарсы жатады?
5. Сауле дегеніміз не?
ІҮ. Топқа
1. Үшбұрыштың бұрышына қатысты түрлері
2. Үшбұрышта қанша тік бұрышы болады?
3. Үшбұрыштың төбесінен қарсы жатқан қабырғаға түсірілген перпендикуляр
4. Геометрияның атасы?
5. Үшбұрыштың екі сүйір бұрышы болама?

Топтардың жауаптары
Жекелей жауаптар
<<Үш нәрсе>>
(3 минут)
Топтарға ортақ тапсырма
1.Өмірдегі сенуге болмайтын үш нәрсе:
2. Ешқашан жоғалтуға
болмайтын үш нәрсе:
3.Қайтарып алуға болмайтын үш нәрсе:

Топтар жарыс отырып жауап беру, өз ойларын еркін жеткізу.
<<Сиқырлы үшбұрыш>>
(5 минут)
Таратпа материалдары арқылы оқушыларға жұмыс үлестіріледі.
Топтық жұмыс

Үшбұрыштар туралы ой
(3 минут)
Мұғалім сөзімен үшбұрыштар туралы қызық деректер келтіріледі. (Слайт арқылы)
Мухият тыңдап, өзбері білетін деректермен бөліседі.
<<Үшбұрыштар логикасы>>
(5 минут)
Таратпа материалдары арқылы оқушыларға жұмыс үлестіріледі. (слайд арқылы)
Топтық жұмыс

<<Үшбұрыштар психологиясы>>
(3 минут)
Қызыл - өзіне сенімді, алдына мақсат қоя білетін жандар
Жасыл - ақ көңіл, табиғатты сүйетін жандар
Сары - ниеті таза, пейілі кең жомарт жандар
Көк - мейірімді, сенімді, биік армандарды көздейтін жандар
Тікбұрышты үшбұрыш - мінезі қатты, алған бетінен қайтпайтын жандар
Әр қабырғалы үшбұрыш - құбылмалы мінезді, тез ойланып тез жауап беретін жандар
Тең бүйірлі үшбұрыш - әрқашан әділдікті қолдайтын жандар
Тең қабырғалы үшбұрыш - сыпайы болуға ұмтылатын жандар

оқушылардың алдына қызыл, жасыл, сары, көк түсті парақшалар таратылады. Содан таңдау жасап, парақшаға өзі қалаған кез - келген үшбұрыштың түрін салып, қияды.
Қорытынды
(1 минут)
<<Геометрияға поэзиядан кем түспейтін шабыт керек>>
Абу Насыр әл Фар
Ылғи үштен тұрамын
Үш қабырға, үш төбе
Бұрыш болар құралым.
Қай элементімді санасаң
Үштен асып көрген жоқ
Өз алдыма бір елмін
Ешкімге есе бергем жоқ.
Бұрыштарым қосындысы
180 қа тең болады
Бір қабырғам ұзындығы
Қалған екеуінің қосындысынан
Кем болады.
Бағалау
(1 минут)
Жиынтық бағалау
Кері байланыс

Ұқсас жұмыстар
Білімділер қалашығы аялдамасы
Тікбұрышты үшбұрыш. Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілері
Үшбұрыштар теңдігінің ііі-белгісі
Үшбұрыштар теңсіздігі
Ертегіші апай
Жаңа сабақты өздігінен меңгеруге бағыттау
Үшбұрыш модельдері
Тікбұрышты үшбұрыш
Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері
Көркем жазу
Пәндер