Айдың суретін салыңдар

Сабақ жоспары

Сыныбы 5, информатика
Күні 22. 12. 2014
Сыныбы 5, информатика: Сабақтың тақырыбы
Күні 22. 12. 2014: Графикалық редактордың сурет салу құралдары
Сыныбы 5, информатика: Мақсаты
Күні 22. 12. 2014: Графикалық редактордың құралдары арқылы сурет салу жетік меңгереді
Сыныбы 5, информатика: Күтілетін нәтижелер
Күні 22. 12. 2014:

Графикалық редактордың құралдарын біледі (барлығы) .

Графикалық редактордың құралдардарының атқаратын қызметін біледі(көбі) .

Құралдарды пайдаланып сурет сала алады (кейбіреулері)

Сыныбы 5, информатика: Керекті жабдықтар
Күні 22. 12. 2014: Тақырыптық плакаттар, үлестірме парақтар, оқулық, компьютер, белсенді тақта, бағалау парақтары
Сыныбы 5, информатика: Әдіс-тәсілдер
Күні 22. 12. 2014: Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау, сұрақ-жауап, Блум өлшемдері арқылы тапсырмалар, қалыптастырушы тест, сергіту сәті
Сыныбы 5, информатика: Сабақ барысы:
Сыныбы 5, информатика: Сабақ кезеңдері
Күні 22. 12. 2014: Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Сыныбы 5, информатика:

Кіріспе

2 мин

7 мин

1 мин

Күні 22. 12. 2014:

Амандасамын

Сынып оқушыларын отырғызар алдында таңдалған жасырын парақтары арқылы «Қарындаш», «Өшіргіш» деп екі топқа бөлемін.

«Білу» Өткен тақырыпты компьютерде (Excel бағдарламасынада жасалған) тест тапсырмасын орындату арқылы тексертемін.

Тест қорытындысы бойынша 5 балл жинаған оқушыға жұлдызша, 4 баллға төртбұрыш, 3 баллға үшбұрыш, 2 баллға дөңгелек, 1 баллға сопақ фигуралар беремін, осы фигураларды графикалық редакторда қалай салуға болатынын сұрап, сабақтың тақырыбын ашамын. Оқушылармен бірігіп сабаққа критерий шығарамын.

Амандасады

Сынып оқушылары отырар алдында таңдаған жасырын парақтары бойынша екі топқа бөлінеді.

«Білу» Өткен тақырыпта алған білімдерін компьютерде тест тапсырмасын орындау арқылы көрсетеді.

Тест нәтижесінде жинаған балдары бойынша алған фигураларына байланысты сабақтың тақырыбын өздері ашады. Оқушылар бірігіп сабаққа критерий шығарады.

Сыныбы 5, информатика:

Тұсау кесер

5 мин

Күні 22. 12. 2014: «Түсіну» Оқушыларға жаңа сабақ экранда айтылып, түсіндіріледі.
«Түсіну» Оқушылар жаңа сабақты экраннан көрінген бейне арқылы түсінеді.
Сыныбы 5, информатика:

Негізгі бөлім

5 мин

5 мин

5 мин

Күні 22. 12. 2014:

«Қолдану» тапсырмасы.

  1. Paint-ті іске қосыңдар.
  2. Жұмыс үстелінің мөлшері бойынша суреттің мөлшерін (Paint батырмасы⇒Қасиеттер) белгілеңдер. Жұмыс үстелінің мөлшерін былай белгілеуге болады: Бастау⇒Басқару тақтасы⇒Экранның шешімділігін баптау. Шешімділк нүктемен көрсетіледі, яғни, суреттің мөлшерін де нүктемен көрсетіңдер.
  3. Парақты көкшіл түспен бояңдар. Түстің атын оған тышқанның сілтемесін апарып білуге болады.
  4. Бұлттың суретін салыңдар. Ол үшін:
  • Сопақ фигурасын таңдаңдар;
  • Ішін бояу (Цвет 1) - сұр 25% етіп белгілеңдер;
  • Shift пернесін жібермей ұстап, дөңгелекті тышқанның оң батырмасымен созыңдар;
  • Ішін бояу тәсілін таңдаңдар;
  • Әртүрлі ішін бояу тәсілдерін таңдап, тағы бірнеше дөңгелек салыңдар.
  1. Айдың суретін салыңдар.
  • Ішін бояу түсін (Цвет 1) сары етіп белгілеңдер;
  • Сопақ фигурасын таңдаңдар;
  • Фигураның келесі баптауын орындаңдар ішін бояу біртұтас, контурсыз;
  • Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, сары түсті дөңгелек салыңдар;
  • Тышқанның оң жақ батырмасын басып тұрып, онымен қиысатын көкшіл түсті дөңгелек салыңдар.
  1. Қылқаламның түрін таңдап, жауған қардың суретін салыңдар.
  2. Қисық сызықты және Түспен ішін бояу құралын пайдаланып, суреттің төменгі шекарасына күртік қардың сутерін салыңдар. Контур үзіліссіз болу керек, әйтпесе бояу суретке жайылып кетеді.
  3. Файлды өз бумаларыңда «Түн» деген атаумен сақтаңдар.
  4. Paint ⇒Жұмыс үстелінің фоны ету бұйрығын орындап, нәтижесін қарап шығыңдар.

«Талдау» тапсырмасы

  1. Суретті кішкене шыршалардан тұратын орманмен толықтырыңдар. Шыршаларды көпбұрыш фигурасын пайдаланып салыңдар.

«Жинақтау» тапсырмалары

  1. Суретке аққаланы қосыңдар. Сурет салу үшін үйренген құралдарыңның мүмкіндіктерін пайдаланыңдар.

«Қолдану» тапсырмасы. Графикалық редакторды ашып орындайды.

«Талдау» тапсырмасында жұмыстарын жалғастырады.

«Жинақтау»

тапсырмасында жұмыстарын жалғастырады.

Жұмыстарын бітіргесін орындарынан тұрып бір-бірінің артынан тізбектеле жүріп отырып жұмыс орындарын айналып бір-бірінің суреттерін қарайды, ұнаған суреттеріне қолдарындағы фигуралардан қалдырып кетіп отырады (фигуралар алдын ала беріледі)

Сыныбы 5, информатика:

Қорытынды

10 мин

Кері байланыс

1 мин

1 мин

3 мин

Күні 22. 12. 2014:

Жұмыстарын тексеремін. Сұрақтар қоямын.

Домино ойыны арқылы сабақты қорытындылаймын.

Оқушылардан бүгінгі сабақтан нені үйренгенін және алған әсерлерін сұраймын.

Үйге: § 15 оқу, сөзжұмбақ құрып келу

«Бағалау» бөлімінде оқушылардың жинаған фигуралары арқылы бағалаймын.

Сабаққа рефлексия жазады немесе ауызша айтқызамын.

Жасаған жұмыстарын көрсетеді. Сұрақтарға жауап береді. Домино ойынын ойнайды.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады

Сабаққа рефлексия жазады немесе ауызша айтады.

Сыныбы 5, информатика: Сабақтың өзіндік талдауы:
Сыныбы 5, информатика: Сабақ бойынша өзгертулер
Күні 22. 12. 2014:

Ұқсас жұмыстар
Графикалық редактордың құралдарын ата
Семей ауа райы
Paint графикалық редакторын қорытындылау
Функцияның графигін салыңдар
Ақпараттық құзіреттілік
Кеспе қағаздар
Ғарышқа саяхат
Ай - жердің серігі
Фигураларды салу
Жарықтың қасиеттері туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz