Алгебра, 10-сынып: Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен элементтері - алмастыру, орналастыру, теру


Мерзімі: Пәні: алгебра Сыныбы: 10 Сабақ реті №

Алматы қаласы «Жаңа Ғасыр» №175 ГИМНАЗИЯ математика пәнінің мұғалімі Жүзжасарова Күләш

Тақырыбы
Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен элементтері (алмастыру, орналастыру, теру) .
Тақырыбы: Мақсаты
Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен элементтері (алмастыру, орналастыру, теру) .: Тақырып ұғымын меңгерте отырып тапсырмаларды орындауда олардың түрлерін ажыратуға дағдыланады
Тақырыбы: Жалпы мақсат
Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен элементтері (алмастыру, орналастыру, теру) .: Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Тақырыбы: Күтілетін нәтиже
Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен элементтері (алмастыру, орналастыру, теру) .: Оқушылар тақырыпл ұғымын біледі, түсінеді және есеп шығаруда пайдаланалана отырып сабаққа қызығушылығы артады, өз ойын жүйелі түрде жеткізеді. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады
Тақырыбы: 7 модульдің қолданылуы
Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен элементтері (алмастыру, орналастыру, теру) .: АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Тақырыбы: Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен элементтері (алмастыру, орналастыру, теру) .: Миға шабуыл, Шығармашылық тапсырма , Тест, Логикалық тапсырма , « Ойлан бірік. бөліс », Кім шапшаң ойыны, Деңгейлік тапсырма
Тақырыбы: Қолданылатын ресурстар
Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен элементтері (алмастыру, орналастыру, теру) .: Флипчарт, маркерлер, тақта, стикерлер, kundelik. kz
Тақырыбы: Ұйымдастыру кезеңі
Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен элементтері (алмастыру, орналастыру, теру) .: «Екі жұлдыз, бір тілек» тренингін жасау арқылы оқушылардың жақсы көңіл - күйлерін, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Сабақ кезеңдері
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Сабақ кезеңдері:

Теориясы: «БІЛУ» ( Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)

Қызығушылық

тарын ояту

Шығармашылық тапсырма

Тапсырма: Миға шабуыл әдісін пайдалану арқылы үй тапсырмасына қатысты сұрақтар
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау:

1. Барлық n-нен k бойынша алынған қайталанбайтын терулер санын қалай белгіленеді?

2. «Комбинаторика» термині

3. «Бином» сөзі

Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушы берген тапсырманы орындау
Сабақ кезеңдері: Теориясы: «ТҮСІНУ» (Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?)
Тапсырма: 10 минуттық тест
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Тест тапсырмасы

1. (x+у) 5 биномы жіктелуінің 4-ші мүшелерінің коэффициентін табыңдар.

а) 10 b) 12 c) 20 d) 25 е) 22

2. (x+а) 16 биномы жіктелуінің 15-ші мүшелерінің коэффициентін табыңдар.

а) 120 b) 100 c) 220 d) 225 е) 60

3. Екі оқушыға 6 кітапты неше тәсілмен үлестіріп беруге болады? а) 64 b) 15 c) 30 d) 72 е) 20

4. Екі оқушыға 6 кітапты неше тәсілмен тең бөліп беруге болады? а) 20 b) 64 c) 30 d) 72 е) 16

5. Сыныпта 9 пән оқиды. 4 түрлі пәннен сабақ кестесін неше тәсілмен жасауға болады? а) 3024 b) 1512 c) 6048 d) 3000 е) 1524

6. Кітап сөресіне 5 кітапты неше тәсілмен қоюға болады? а) 120 b) 15 c) 30 d) 72 е) 20

Оқушылардың іс-әрекеті: Әрбір оқушы алдыларына берілген тестті шешеді, есептің шығару жолдарын көрсете отырып, тест кілттерін табады
Сабақ кезеңдері: Теориясы Практикасы: «ҚОЛДАНУ» (қарапайым тапсырмалар)
Тапсырма: Кітаппен жұмыс
Мұғалімнің іс-әрекеті: №324 а), ә), 325 а), ә), 326 а), ә), б), в) , 327 а), ә), 328 а)
Оқушылардың іс-әрекеті:

Оқулық, дәптер

Тақтадағы есептерді шығару

Сабақ кезеңдері: Сергіту сәті
Тапсырма: Логикалық тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. Сандар қатары қандай да бір заңдылықпен берілген. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан жазылу керек?

14(625) 11 12(196) 2 10(?) 5

2. Егер түнгі сағат 12-де жаңбыр жауап жатса, 72 сағаттан соң күннің көзі жарық болатынын сенуге бола ма?

Оқушылардың іс-әрекеті: Логикалық тапсырмаға жауап береді
Сабақ кезеңдері: Теориясы: «ТАЛДАУ» (Салыстыр, Айырмашылығы неде? Ұқсатығы неде? Тақырыптың басты идеясын жаз, деген болу керек)
Тапсырма:

Математикалық сауаттылық

« Ойлан бірік. бөліс » арқылы тақырыпты талдау

Мұғалімнің іс-әрекеті:

№1 4"Б" сыныпта 25 бала оқиды. Сынып бойынша неше тәсілмен екі кезекшіні тағайындауға болады?

№2 3, 4, 5, 6 цифрларынан неше төрт таңбалы санды құруға болады

№3 Сөздіктің беттерін нөмірлеп шығу үшін 1977 цифр қажет болды. Осы сөздіктің бетін анықтаңдар.

№4 Оқулықтың беттерін нөмірлеп шығу үшін 411 цифр пайдаланылады. Оқулықтың беті қанша?

№5 11 "А" сыныбындағы 5 оқу үздігінен және 11 "Ә" сыныбындағы 4 оқу үздігінен 2 адамды (әр сыныптан 1 оқушыдан) театрға жіберу керек. Мұны неше тәсілмен орындауға болады?

№6 Айша бес әртүрлі ашық хатты бес құрбысына жібергісі келді. Ол оны неше тәсілмен орындай алады?

№7 Төрт жігіт және үш қыз киноға 7 билет сатып алды ( орындар бір қатарда және қатарынан орналасқан) . Егер үш қыз бірге отырғылары келсе, онда олар неше тәсілмен орындарға отыра алады?

№ 8 3, 4, 5, 6, 7, 8 цифрларынан санда цифрлар қайталанбайтындай неше жұп үш таңбалы сан құрауға болады?

№9 Кітап сөресінде 8 кітап, олардың 3-уі бір автордікі. Бір автордың кітаптары қатарынан тұру керек болса, онда кітаптарды неше тәсілмен сөреге қоя алады?

№10 3, 4, 5, 6, 7 цифрларынан санда цифрлар қайталанбайтындай неше жұп үш таңбалы сан құрауға болады?

№11 2, 3, 4, 5, 6, цифрларынан санда цифрлар қайталанбайтындай неше тақ үш тағбалы сан құрауға болады?

№12 Ержан кездейсоқ екі таңбалы санды таңдады. Қайсы оқиғаның ықтималдығы үлкен: таңдалған сан 10-ға бөлінеді немесе таңдалған сан 12-ға бөлінеді? Жауабында үлкен ықтималдығын жазыңыз.

№13 Маржан Кездейсоқ 2 таңбалы сан таңдады. Қайсы оқиғаның ықтималдығы үлкен: таңдалған сан 11-ге бөлінеді немесе таңдалған сан 12-ге бөлінеді? Жауабында үлкен ықтималдығын жазыңыз.

№14 Балнұр кездейсоқ 3 таңбалы санды таңдады. Қайсы оқиғаның ықтималдығы үлкен: таңдалған сан 110-ға бөлінеді немесе таңдалған сан 120-ға бөлінеді? Жауабында үлкен ықтималдығын жазыңыз.

№15 Медина кездейсоқ 3 таңбалы сан таңдады. Қайсы оқиғаның ықтималдығы үлкен: таңдалған сан 102-ге бөлінеді немесе таңдалған сан 122-ге бөлінеді? Жауабында үлкен ықтималдығын жазыңыз.

Оқушылардың іс-әрекеті: Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру керек. Тапсырмаларын бір -біріне көрсету арқылы ой бөліседі, тақырыптың мағанасын аша отырып өзара

Ұқсас жұмыстар
10-сынып: Алгебра және анализ бастамалары - комбинаториканың негізгі элементтері (орналастырулар, алмастырулар, терулер)
10-сынып: Комбинаториканың негізгі элементтері бойынша есептер шығару
10-сынып. Комбинаториканың негізгі элементтері: орналастырулар, алмастырулар, терулер және факториал
10-сынып Алгебра: Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері мен графиктері - қысқа мерзімді жоспар
Электрондық кестелер: кестелік процессордың интерфейсі мен негізгі ұғымдары
2 сынып математикасы: Алгебра элементтері - сабақ жоспары (16.05.2024)
Паскаль бағдарламалау тілі: негізгі элементтері мен алфавиті
Физиканың негізгі ұғымдары, заңдары және формулалары
Көріністерді проекциялау: негізгі және қосымша көріністерді шығару мен орналастыру
Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары: жергілікті және ауқымды желілер, Интернет ресурстары мен қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz